Презентация Тақырыбы: тұлғаның даралық типологиялық ерекшеліктері



бет1/4
Дата19.10.2023
өлшемі0,91 Mb.
#186818
түріПрезентация
  1   2   3   4
Байланысты:
Презентация
сл, hh(2)

Презентация

Тақырыбы: тұлғаның даралық типологиялық ерекшеліктері

Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдiгi, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бәрi осы темперамент табиғатымен түсiндiрiледi. Дегенмен, осы күнге дейiн темперамент мәселесiнiң шешiлмеген, таластартысты қырлары баршылық. Бiрақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптiгiне қарамай, ғалымдардың бәрiнiң мойындайтыны: темперамент - жеке адамның әлеуметтiк тұлға ретiнде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи iрге тасы. Темперамент көбiне адамға тума берiлген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы (динамика) сипатын бейнелейдi. Сондықтан, темпераменттiк қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгерiске келе бермейдi. Назар аударарлықтай ерекшелiк, темпераменттiң әрқилы қасиеттерi бiр-бiрiмен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негiзiнде түрлi темпераменттiң белгiлi құрылымын түзедi.

  • Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдiгi, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бәрi осы темперамент табиғатымен түсiндiрiледi. Дегенмен, осы күнге дейiн темперамент мәселесiнiң шешiлмеген, таластартысты қырлары баршылық. Бiрақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптiгiне қарамай, ғалымдардың бәрiнiң мойындайтыны: темперамент - жеке адамның әлеуметтiк тұлға ретiнде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи iрге тасы. Темперамент көбiне адамға тума берiлген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы (динамика) сипатын бейнелейдi. Сондықтан, темпераменттiк қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгерiске келе бермейдi. Назар аударарлықтай ерекшелiк, темпераменттiң әрқилы қасиеттерi бiр-бiрiмен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негiзiнде түрлi темпераменттiң белгiлi құрылымын түзедi.
  • Сонымен, темперамент - адамның психикалық әрекетiнiң нақты динамикасын айқын-дайтын психиканың дара қасиеттерiнiң жиынтығы. Бұл психикалық ерекшелiктер адамның барша iс-әрекетiнде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткiлерiне тәуелсiз бiрқалыпты көрiнедi, есейген шақта да өзгерiске түспей, өзара байланыста темперамент кейпiн өрнектейдi.
  • Темперамент түрлерiнiң жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзiнiң ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераменттi реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты iс-әрекетте оның тиiмдi жақтарын саналы әрi өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға ба- ғытталғаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет