Жалғаулықты, Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем— ол бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, сонда да, сияқты жалғаулықтар арқылы жасалады. Мысалы: Ақсақал батасымен той аяқталды, дегенмен той қызығы бітер емес
Жалғаулықсыз, Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем - Мұнда оның компоненттері ешбір жалғаулықсыз іргелес, қатар жұмсалады. Мысалы: Мәмбет екінші рет тағы атайын деп еді, мылтығының шаппасы жүрмей тұрып алды (I. Жансүгіров). Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді Ахмет Байтұрсынұлы "Тіл — кұралында" қайырыңқы салалас сөйлем деп атаған
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем – басыңқы сөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойылатын сабақтастың түрі.
Сұрақтары: Қайтсе де? Қайткенмен?
Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады: а) Шартты райлы етістікке –да/-де шылауы тіркесуі арқылы жасалады:
Ақсақал батасымен той аяқталса да, той қызығы бітер емес. ә) Етістікке есімшенің өткен шақ формасы жалғанып, көмектес септігінің -мен жалғауы арқылы жасалады.
Ақсақал бата беріп, тойды аяқтағанымен, той қызығы бітер емес.