6 -тапсырма. Төмендегі шашылған сөздерден дұрыс сөйлем құраңыз және қарсылық мәнді құрылымдармен сөйлемді аяқтаңыз.
1. Дәстүрі бар, алуан түрлі, балаға, ат қоюдың, халықта.
2. Толғанады, ойланып, сан, көп, бұрын, ат, қоймас, сәбиге.
3. Тілейді, азаматы, аяулы, халқының, болса екен, деп, ата - ана, сәбиді.
4. Қатыстырылады, балаға ат қоюға, достары, ата - ананың, жолдастары, жекжаттары, ағайын - туыстары.
7 -тапсырма. Сөздерді сәйкестір:
Салт - дәстүр познание
Поиск гуманность
Тәжірибе жизнь
Таным традиция, обычай
Аяулы азамат Ізденіс
Өмір опыт, практика
8. Төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар және оларға жағдаяттық тапсырма арқылы қолданыс аясын түсіндіріңіздер.
«Қонақ келсе, құт келер»
«Қонағын сыйласа, төрге шық»
«Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше»
«Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл»
«Ас – адамның арқауы»
«Дастарқанға ас қойдым, екі қолды бос қойдым»
«Құтты қонақ келсе, қой егіз табады»
«Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ»
«Қырықтың бірі – Қыдыр»
«Бота алма, бата ал»
9. Үй тапсырмасы:
Салт-дәстүрге негізделген қарсылық мәнді құрылымдармен 5 сөйлем құрастырыңыз.
Дәптеріңіздегі парақты екі бағанға бөліп, төмендегі тапсырманы орындаңыз:
а) Ұмыт болған дәстүрлердің ұмытылу себебі;
ә) Ұмыт болған дәстүрлерді жаңғырту жолдары туралы ойыңызды қарсылықты мәнді құрылымдармен жасалған 4 сөйлеммен қорытындылаңыз.
3. 10-аптаның сабағына байланысты (Адам келбетін, қабілетін, мінез-құлқының өзгешелігін сипаттау), көркем әдебиеттен белгілі бір кейіпкердің (жағымды немесе жағымсыз болсын) суреттеген портретін оқып, топқа таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |