Аталған қасиеттердi ескерумен қазiргi заман психологиясында темпераменттiң барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типiнiң сипаттамасы төмендегiше:
Аталған қасиеттердi ескерумен қазiргi заман психологиясында темпераменттiң барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типiнiң сипаттамасы төмендегiше:
Сангвиник. Жоғары дәрежелi әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдiк оның белсендiлiк қасиетiне сай, қозу мен тежелуi тепе-тең.
Назарын тартқанның бәрiне араласа кетедi, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлi, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледi, болмашы себептен көңiлi қалып, мұңаяды. Бет-жүзiнен көңiл-күйi, заттар мен адамдарға болған қатынасы бiлiнiп тұрады. Сезiмталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсерi болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейдi. Мұндай адам көтерiңкi белсендiлiкке ие, жұмыс қабi-летi мен қуатының жоғары болуынан жаңа iске қаймық-пай кiрiседi, ұзақ уақыт талып-шаршамастан қызметiн жалғастыра алады. Зейiнiн таңдаған объектiне тез шоғырландырады, тәртiптi, қажет болса, өзiнiң ырықсыз әрекеттерi мен сезiмдерiне тоқтау, тиым бере алады. Әрекетi жедел, ақылы-ойы икемдi, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезiмдерi, көңiл-күйi, қызығулары мен ниеттерi өзгерген жағдайға байланысты жеңiл ауысып отырады. Сангвиник төңiрегiндегiлермен тiл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшiл. Қиналмастан бiр iстен екiншiсiне ауыса алады, қажет болса, қайта үйренiп, жаңа дағдыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типтi адам өткенi мен болашағын болжастыруда өзiнiң субъектив пайымдауларының жетегiнде қалып қоймай, көбiрек сыртқы әсерлердi объектив бағамдауға бейiм, экстраверт.
Холерик. Сангвиник сияқты жай әсерлерге берiлмейдi, әрекетшең және белсендi. Бiрақ холериктiң әрекетшеңдiгi белсендiлiктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемi кемiрек. Осыдан - ниеттерi мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейiнiн ауыстыруы қиындау, сезiмi көбiне сырттай көрiнедi, сондықтан - толық экстраверт.