1 ЖҰмыс метилметакрилат (мма) немесе стиролдың: азоизомайқЫШҚылының динитрилі (АҚД) Қатысындағы массадағы радикалды полимерленуінің кинетикасын дилатометрлік әдіспен зерттеу теориялық материал
бет 1/3 Дата 18.02.2023 өлшемі 40,69 Kb. #169225 түрі Оқулық
Байланысты:
Зертханалық жұмыс №1
№1 ЖҰМЫС
МЕТИЛМЕТАКРИЛАТ (ММА) НЕМЕСЕ СТИРОЛДЫҢ:АЗОИЗОМАЙҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ДИНИТРИЛІ (АҚД) ҚАТЫСЫНДАҒЫ МАССАДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ПОЛИМЕРЛЕНУІНІҢ КИНЕТИКАСЫН ДИЛАТОМЕТРЛІК ӘДІСПЕН ЗЕРТТЕУ
Теориялық материал.
Полимерлеу. Радикалды полимерлеу. Иницирлеу түрлері. Радикалды полимерленудің сатылары, механизмі, кинетикасы.
Оқулықтарға сілтеме.
1. Ерғожин Е.Е., Құрманәлиев М.Қ. Полимерлердің химиясы мен физикасы. – Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012. 46-75 беттер.
2. Абдықалыкова Р.А., Рахметуллаева Р.К. Полимерлердің химиясы мен физикасы // Оқу құралы. Алматы, «Қазақ университеті», 2015. 27-65 бет
3. Қаржаубаева Р.Ғ. Полимерлеу процестерінің химиясы //Оқу құр. -Қазақ унив.-2002, 80 б.
4. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения. – Н. Новгород: Издательский центр “Академия”, 2003. Стр. 183-225.
5. Зезин А.Б. Высокомолекулярные соединения: учебник и практикум для академического бакалавриата. – М.: Издательство “Юрайт”, 2016. Стр. 198-213.
6. Киреев В.В. Высокомолекулярные соединения: учебник и для академического бакалавриата. – М.: Издательство “Юрайт”, 2015. Стр. 163-238.
Жұмыстың сипаттамасы.
Жұмыстың мақсаты:
- массада радикалды полимерлеу әдісімен полимерлер синтезін жүргізу;
- радикалды полимерленудің кинетикасын дилатометрлік зерттеу әдісімен анықтау;
- радикалды полимерлеудің кинетикалық параметрлерін есептеу;
- метилметакрилат немесе стиролдың мысалында радикалды полимерлеу теңдеуін сатылап жазу.
Реактивтер:
Мономер: ММА немесе стирол (ингибиторлардан тазартылған) – 10 мл
Инициатор: АҚД – ММА немесе стиролдың 0,5-1 % салмақтық мөлшерінде
Тұндырғыш: этанол – 25 мл
Қажетті құрал-жабдықтар:
Термостат
Секундомер
Шкалалы дилатометр
Тығыны бар өлшеуіш цилиндр
Капилярлы құйғыш
Стакан
Шыны таяқша
Петри табақшасы
Аргон газы
Достарыңызбен бөлісу: