1. Жобалар әдісі туралы түсінік; Инновациялық жоба туралы ұғым



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі33,3 Kb.
#91970
  1   2   3
Байланысты:
9 апта тапс Өскенбаева


8-апта
1. Жобалар әдісі туралы түсінік;
2. Инновациялық жоба туралы ұғым;
3. «Тұлға дамуы» бағытында тақырып құрастырып, Эссе жазу.
Тапсырмалар:
- әр сұрақ бойынша нақты түсініктер беру;
- қорытындылау, тұжырымдау;
- глоссарий құру.

1.Жобалар әдісі-инновациялық педагогикалық технология.


Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырылған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс- әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы. Жоба технологиясының ерекшелігі - баланың алдағы іс әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі.
Жоба - ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезенді процестер мен алдын- ала жоспарланған тәжірибелік іс- әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.
Жобалау әдісі- мәселені жете зерттеу арқылы, нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі- барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды Жобалау әдісі - жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады.
Жобалық іс- әрекеті біріккен оқу танымдық іс- әрекеттің ортақ нәтижесіне бағытталған, ортақ мақсаты, қиыстырылған әдісі, іс- әрекет тәсілдері бар, балалардың шығармашылық және ойын іс- әрекеті.
Педагогикалық жобалау –қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі. Ол оқу үрдісі жағдайында орындалатын және оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған іс әрекет.
Жобалап оқытудың артықшылықтары: логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау, балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы, жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі оқытумен
салыстырсақ балалар өз оқуларының жауапкершілігін байыпты түрде өздері алады. Нәтижесінде оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым қатынас сияқты іс әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту мүмкіншілігі артады. Сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады.
Жобалау әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту,өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.
Жобалаудың түрлері:
1.Монопәндік білім саласындағы мәселелерді шешетін «Денсаулық» жобасы,
2.Пәнаралық «Денсаулық» «Коммуникация» таным сияқты бірнеше білім салаларының мәселесін шешетін жоба,
яғни бір тақырыпты әр түрлі саладағы ұстаным бойынша қарастырамыз.
Пәндік немесе пәннен тыс мектепке дейінгі білім беру оқу жоспарының варияциялық бөлігінің мәселесін шешетін жоба.
Жобаның тақырыбы келесі талаптарға жауап береді.
1.5 оқыту салаларының мазмұнынан таңдалады, яғни мемлекеттік стандарттың талаптарына сай келуі керек,
2.Тақырып бағдарламадан тыс тандалып, оқу жоспарының вариациялық бөлімімен сай келуі мүмкін,
3.Мектепке дейінгі жастағы балаларға жақын және түсінікті болуы тиіс,
4.Жақын даму аймағында орналасуы тиіс.
Мектепке дейінгі білім беруде жобалардың мына түрлері пайдаланылады:
1.Эмпирикалық: тірі және өлі табиғат әлемінде өздік бақылаулар мен эксперименттер жүргізу. «Қар бүршіктері қайдан ұшып келеді?»
Нәтижелер өсімдік сақтайтын бүктемелер, тәжірибе картотекалары ретінде рәсімделеді.
2.Зерттеу: ізденеді,деректерді жинақтап қорытады, табиғат құбылыстары туралы әр түрлі дерекнамалардан мағлұмат жинайды, кітаптар, кинофильмдер,интернет пайдаланады. Зерттеу ,іздестірулер нәтижесі газет айдарлары, альбомдар, журналдар немесе аспаздық кітаптарда жинақталады.
Қызыл кітап арқылы өсімдік түрлері мен жануарлар құстар туралы білімдерін кеңейтіледі.
3.Рольдік ойындар жобасы: бұл шығармашылық ойын нышандары, ойын жобасы.Мұнда балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп,берілген тапсырмаларды өздері шешеді.
Нәтижесінді: Мазмұнды ойын, бала мерекелері ұйымдастырылады, балалар ертегілерді кейіптендіре біледі. Су асты әлеміне ойын саяхаттары ойналады.
Балалар «Театр» с/р ойындар ойнауға үйренеді. 
4.Шығармашылық жоба: әдетте қатысушыларда ортақ іс -әрекеттерінің дайындалған құрылымы болмайды. Бұл балалардың үлгілер мен пішімдер жасау, әңгімелер құрастыру, тақпақтар ,ойдан шығарылған кейіпкерлері бар
әңгімелер. Нәтижесінде балалар музыкалық ертегі драмаластыру, стол үстілік театры арқылы әңгімелер ойлап табу,кейіпкерлер дайындау, ата аналар мен балаларға қойылым көрсету мен сахналастырылған, суреттелген диафильмдердің фильмотекасын жасау, альбом дизайны көрмесі. Шығармашылық жобаларда табиғи және құнсыз материалдарды пайдаланған жөн.
5.Фантастикалық жоба: таныс әңгімелер мен ертегілер, мультфильмдерді мазмұнына қарай отырып, және балалардың өз шығармашылығы мен қиялынан «Болашақтың қаласы», «Келімсектер жерде», «Суперробот» Бетман сияқты
жобалар құру.
Жобаға қатысушылар құрамы топ, шағын топ, жеке, отбасы, жұп болуы мүмкін. Жобаның ұзақтығы қысқа мерзімді - 1, 2 немесе бірнеше сағат 1-2апта, орта мерзімді 1-3 ай , ұзақ - бір жылға дейін.
Жобаның орындалуы мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуына байланысты болады. Әсіресе берілген жобаға деген қызығушылық пен ықыластың тұрақтылығы.
Қызығушылық 1-2 сабақта немесе керісінше ата аналардың қатысуымен жобаның жасалуына қарай ұзақ болуына байланысты болады.
Жобалаудың негізгі қызметі- бағдарламаны белгілеп, арнаулы іс-әрекеттердіңжалғасуына құралдар таңдау.
Жобалық әдіс- айқын іс- әрекеттер кезеңінен өтетін айдың пайда болуынан бастап жүзеге асуы.
Жоба құрылымы бойынша 3 кезеңге бөлінеді. 1.Дайындық. 2.Негізгі. 3.Қорытынды.
Жобалық іс әрекеттің кезеңдерінің мазмұнын қарастырайық. Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы жоба тандалды деген сұраққа жауап бере отырып, жобаның қазіргі мән жайы, бұл жоба қандай мәселелерді шешеді және бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ осы сұрақтарға жауап беріледі.Сонымен бірге жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеті, мәселесі, уақыты және қоры анықталады.Жұмыстық жоспар жасалады, командалар құрылымы,
жауапты адамдар тағайындалады.
Негізгі кезең - жобаның жүзеге асуы кезеңі бұл кезеңде ақпарат жинап және оны анықтайды, жобаны жасақталады, жоспар бойынша негізгі іс- шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізіледі.
Жобаның жүзеге асырылуы арасында өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Бастысы бағдарламаның дәл дұрыс орындалуы емес жұмыстың тиімділігі (жобаның мақсатқа жетуі)
Қорытыңды кезенде жобаны қорғау, рефлексия,қойылған мақсат тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулері енгізіліп және қорытындыланады.
Жобаға қойылатын негізгі талаптар: Шешімін іздейтін мәселенің болуы, жоба бұл байсалды ойын, баланың дербестігі және ата- ана мен баланың ортақ шығармашылығы. Сонымен қатар 3 нәрсеге көңіл аудару қажет: Мектепке дейінгі баланың қызығушылығы, оның белсенділігі және оның дербестігі.
Жобалық іс әрекеттерді пайдалану мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында көптеген тапсырмаларды шешеді. Мектеп жасына дейінгі баланы орындаушы емес, іскер етіп тәрбиелеу мүмкіншілігін береді. Әр бала өзіне
ұнайтын іс әрекет жасай отырып, әр бала өзін шығармашылық тұлға етіп көрсете алады. Сонымен бірге жобалық іс әрекет балабақшада зерттеушілікпен зор қиюласады, өйткені балалар тумысынан зерттеушілер,олар шаршамайды, тырысады ,аңғарғыш және әуес. Тек осы мүмкіншіліктерін жобалық іс- әрекетте қажет арнайы икемге пайдалану
керек.
Жобада тәрбиеші қызметінің сипаты: тәрбиеші баланың серіктесі әрі оның өзін өзі дамытудағы көмекшісі болып табылады.Тәрбиеші жобаның негізтобы мен жеке баламалардың жігер үйлестірушісі.Тәрбиеші жоба кезінде сырттай бақылайды, кеңесші әрі сарапшысы бола отырып, аз айтып балалармен көп ізденеді. Ақпарат көздерін тауып, ұсыныстар жасап отырады және жасалған жұмыстардың нәтижелерін бағдарлай біледі.
Педагогтың жобалау құзыреттілігіне мыналар жатады педагог жұмыстарының нәтижелерін жобалай білу, педагогикалық ықпал етудің жолдарын жоспарлау, тәрбие мен оқытуда кездесетін қиыншылықтардың нәтижелерін болжау, нақты педагогикалық тапсырмаларды бөліп көрсету, оларды шешу шарттарын анықтау, балалардың әр түрлі іс әрекеттерін басқару жұмыстарын жоспарлау және тәрбие мен оқыту жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін, құралдарын тандай білу.
Қорытындылай келе жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы білімдері анықталады, әр бір педагог жеке кішігірім жобалар жасап, ақпараттық коммуникациялық технологиялар пайдалану сабақтарының конспектілері дайындалады,
балабақшада даму ортасы жетіледі және педагогтарға практикалық кеңестер беріледі.гі жетекшісі, әрі мәселені шешудегі баламалар
2. Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Инновациялық жоба анықтамасына үш аспектісінен тұратын анықтама берейік:
Инновациялық жоба — инновациялық мақсаттардың жетуіне арналған шаралар жиынтығы; инновациялық қызметті жүзеге асыру процесі; мынау, инновациялық жобаға салынған инвестициялардың экономикалық мәнісі бар екендігін дәлелдейтін құжаттардың пакеті.
Жобалар дегеніміз — техникалық немесе әлеуметтік — экономикалық жүйені өзгертуге мақсатталған процесс. Оны нақты мерзімде және нақты қаражатпен жүзеге асырады.
Инновациялық жобаның қатысушылары:
1. тапсырыс беруші;
2. өңдеуші;
3. инвестор;
4. құрылтайшы, гарант;
5. ғылыми- техникалық кеңес;
6. лизинг компаниясы;
7. жобалаушы;
8. ұйымдық орындаушы;
9. инвестициялық және инновациялық қорлар;
10. банк;
11. қаржылық кеңесші;
12. сақтандыру компаниясы және басқалары.
Инновациялық жобалау процесі 3 кезеңнен құралады:
1. инвестицияламай тұрып құрылған лаг (инновациялық жобаны дайындау);
2. инвестициялық лаг (жобаның орындауы);
3. өндірістік лаг (жоба объектісінің шаруашылық қызметі, эксплуатациялық фаза).
Жобалардың түрлері:
— мегажоба- бірыңғай мақсатпен, қорлармен және орындалу мезгілдерімен біріктірілген, өзара байланысқан жобалардың орындалуын шамалайтын мақсаттық бағдарлама (басқарудың ең жоғарғы деңгейлерінде орындалады);
— мультижоба — концепциялардың ары қарай өңдеп дамуы мен базар механизмдерінің функционалдығына көшуіне байлынысты нақты бағдарлама;
— моножоба — нақты мақсатпен белгіленген және қатал уақыт пен қаражаттың шектелуімен байланысты орындалатын жоба.
Инновациялық жобаның классификациялары.
1. Шешімдердің деңгейіне қарай:
a) ұлттық
b) президенттік
c) аймақтық
d) салалық
e) бөлек кәсіпорын шешімдеріне байланысты
2. Жобаның мақсаттық мінемездемесіне қарай:
a) соңғы
b) аралық
3. Сату аралығына қарай:
a) ұзақ мерзімді
b) орта мерзімді
c) қысқа мерзімді
4. Инновацияның түріне қарай:
a) жаңа өнім
b) өндірістің жаңа түрі
c) жаңа нарық
d) жаңа қайнар көзіне қарай
e) басқарудың жаңа құрылымына қарай
5. Инновациялық қызметінің мінездемесіне қарай:
a) зерттеулік
Инновациялық жобалар әрбір түрлі бөлімдерден тұрады. Инновациялық
жобаның қазіргі құрылымын, ЮНИДО өнеркәсібінің дамуымен айналысатын БҰҰ ұйыммен ұсынылған. 
3. Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісіәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтіктәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның. ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы қадір – қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс – әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер менқасиеттердің айқын және спетцификалық көрініс табуы арқылы, оның іс – әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгі“Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпа мен жекеден тұрады.Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым “индивид”. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы “жекелік”. Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. “Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты біртектес ғылыми категориялардың мәні осында.Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықан жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнін ашу педаггика үшін маңызды мәселе болып табылады.Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарвай қозғалыс.Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң, дене жағынан үлкейеді, яғи оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молайады. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моралдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік – тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным – сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез – құлық бірте – бірте белсенді – жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық – әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет