1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді жыр сүйер қауым!
2-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев:
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - демекші,Мұқағали шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта білді. Олай болса бүгін атамыз тірі болғанда Мұқағали атамыздың туған күніне орай, «Бүгін менің туған күнім»атты жыр жолдарымен Битанова Сәулені ортаға шақырамыз.
Сәуле:
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай
Мына дүние неге жатыр үндемей,
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау шапан,
Мынау атың мін » демей.
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен бәрібір өзіңменен бір болам
Өзегінен тепсең –дағы ұлыңды
2-жүргізуші: М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шаруа адамы еді.
Мұқағали атамыздың ауылы Қарасаз туралы Турсынбекова Арайлым не айтар екен?
Арайлым:
Қайран қара сазым –ай!
Тамаша еді жазғы орман
Құстар сайрап мәз болған
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.
..Тамаша еді жазғы орман:
Тамашалап мәз болған,
Қайран Қарасазым-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған!...
Қарасаз,қара шалғын өлеңде остім,
Жыр жазсам,жұртым,елеңдестің.
Өлсе өлер,Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас,алайда өлеңді ешкім,-
1 жүргізуші: Мұқағали атамыздың менің анкетам атты жыр жолдарын оқи отырып, біртуар ақынның сөз шеберлігіне қайран қаласың . Алдарыңызда Мейіржан мен Шұғыланы менің анкетам атты жыр жолдарымен. Қарсы алыңыздар.
- Туған жерің?
- Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой, еркекпін!Және-дағы тәуірмін...
- Партияда барсын, ба?
- Жоқпын.
Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
- Қайда істедің?
- Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
- Міндеттісің бе әскерге?
- Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
- Сөгіс алып көрдің бе?
- Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
- Шетелдерде болдың ба?
- Болғамын жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда-ақ.
- Мекен-жәйің?
- Мекен-жәйім - жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
1-жүргізуші: Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім депті Мұқағали атамыз. Данил, айтшы бақыт деген не өзі.
2 жүргізуші: Алуа, оның жауабын өз құрдастырмыз сомдайтын атамыздың жыр жолдарынан тыңдап көрелік.
Бақыт деген не өзі
Шұғыла: "Бақыт деген не өзі" деп бастады топ таласты.
Біреуі оңы үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген барлық байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең бақыттысың де емес пе?
Бірі айтады: жоқ, бақыт деген қолың жетпес маңсап қой,
Жұрттан көрі жүрсен ирек, соның өзі жақсы атты ғой.
Бірі айтады: бақыт деген, бақыт деген,
жүйрік мініп, той тойлау,
Ісің болмай күйбеменен,
қарын тойса қарт ойнау.
Бірі айтады: бақыт деген адал жар мен перзент қой,
Ынтымаққа ырыс келген ол да соған келмек қой.
Пікірлердің таласына солай мен жолықтым.
Бақыт адам басалына келмес оңай, соңы ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Маңсап жетпес бар адамға үлістіріп алғанда,
Үміт үзбей зейтұлар, таңдап сол бір жақұтты,
Оны алыстан іздемегін, жүректен тап - бақытты
1-жүргізуші: Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» дегендей,Мұқағали атамызды еске ала отырып,алдарыңызға «Есіңе мені алғайсың»әнімен ортамызға Адиляны қошеметтеп шақырайық
Ән: «Есіңе мені алғайсың»
2-жүргізуші: Келесі кезекті ақиқатты ақ көтеріп,әділет пен адалдықты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.
Мұқағали туралы слайд
Милана, Диана:
Дос
Дос болам десең,
Досыңды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің!
Досым аз менің...
Досым –ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені,
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін
Өзіме - өзім мін артып...
Жауыздың барып жанына уәзір болғаннан
Достардың барып ауласына өлген мың артық
Мейіржан:
«Ғашықпын!»
Ғашықпын,
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам болмайын, сол аман ба?!
О. Тәңірім неткен жан ед қайырылмайтын,
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Ғашықпын,
Қайтып оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің кеткенім бе?
Шарқ ұрып бар ғаламдышыр айналып,
Мәнгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бұл өмірден,
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.
Данияр: Фариза
Фариза,
Фаризажан, Фаризақыз
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз,
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден-біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресінге
Фаризажан сен соны білесің бе?
Югай Тимур:
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің,
Көзімнен ғажаып болған күнім едің,
Гүлім едің...
Елтіген түнім едің,
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?!
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Тірі ме едің...
Мен әлі тірілемін!
Ақ періште алдында жүгінемін.
...Қолдай гөр, ғашықтардың пірі, мені!
«Махаббат диалогы» көрініс (Алуа,Мейіржан)
- Құс боп ұшып жоғалсам н, не етер едің?
-сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
-Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
-Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
-Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
-Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін.
1-жүргізуші:
- Ақын өнерпаз халық үшін туады. Ал, оның жазған шығармалары жұрттың рухани мәдинетіне қызмет етеді. Мұқағали поэзиясы сырлы да мұңды әлем. Ал, оның сөзінде жазылған әндер жүректі тербететін, тыңдаушының жан дүниесін әлдилейтін ғажайып әуендер галереясы. Ән: : « Тоқта балам»
Орындайтын: ұстазымыз Сәуле Есбердіқызы
2-жүргізуші:
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.
Алдарыңызда ақынның жыр жолдарымен оқушыларымызды қарсы алайық.
Мұқағали туралы слайд:
Даниил: Отан
Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан - мекенің!
Фоменко Ира: «Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ...
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Түтін түтет, Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста : Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Наргиза: Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
Таценко Арина: Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген - көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау бір күні!
Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,
Кетеміз-ау, әй, кетеміз,.. пендеміз.
Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз.
Кету үшін келгеміз.
Өмір деген - бұйым емес қолдағы,
Өмір дейтін - ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп қаталаған кезіңде
Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.
Мына күн де, мына аспан да, дала анау,
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін - тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір дейтін - өлемін деп қарамау.
Барашев Денис: Анашым
1 жүргізуші: Алтын хорда ақынның өз дауысымен айтылған біраз өлеңдері сақталып қалыпты. Бұл оның радиода жұмыс жасап жүрген кезі болса керек. Кезекті ақынның өз даусымен айтқан өлеңдеріне береміз.
1 жүргізуші:
Күнді көрем қашанда алып таңнан,
Сәуле туар тулаған жарықтардан.
Еске алып ұрпағы ақындарын
Биігіне көтеріп, ұлықтаған.
2 жүргізуші:
Мұқағали поэзиясы шырқалып
Қыран құстай қалықтасын асқарда.
Өлеңі оның еш өлмесін, ұрпағы
Тойласын тойын
Шығарып атын аспанға!
1 жүргізуші:
«Батырды - батыр жеңер белдескенде»,
Шешенді шешен жеңер дау шешкенде.
Осымен тәмамдалды кешіміз бұл
бірге:Бақытты күндерде кездескенше.
Ж.Жабаев атындағы №6 орта мектеп
«Есіңе мені алғайсың»
атты әдеби-сазды ашық тәрбие сағаты
Мұғалімдер: Қожақымбаева А.Ө.
Қабашева С.Е.
Қойлыбаева Г.П.
Валеева А.Ж.
Талғар – 2017 ж.
Тақырыбы: «Есіңе мені алғайсың»
Сыныптар: 3, 4, 5
Күні: 10 ақпан 2017 жыл. 4 кабинет
Мұғалімдер: Қожақымбаева А.Ө, Қабашева С.Е., Қойлыбаева Г.П., Валеева А.Ж.
Мақсаты:
Тәрбиелік: Әдеби-сазды кеш барысында оқушылар елін, Отанын, жерін сүюге, өлеңді бағалауға үйрету, қадірлеуге және музыканың әсем құдіретімен тәрбиелеу.
Білімділік: Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, оқушыларды поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, әндерін мәнеріне келтіріп орындауға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.
Көрнекілігі: ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған видеоролик, буклеттер, ақынға арналған кітап көрмесі, ақын портреті, мұрағаттан алынған ақынның өз дауысы жазылған үнтаспа.
Достарыңызбен бөлісу: |