1-жүргізуші(Ұл бала)



Дата27.01.2023
өлшемі15,88 Kb.
#166587
Байланысты:
Сырға салу (әзірлеме)


«Сырға салу» салт дәстүрі
 
(Домбыра баяу ойнап тұрады)
 1-жүргізуші(Ұл бала):
- Армысыздар құрметті тойға жиналған ағайын-жұрт!
2-жүргізуші(Қыз бала):
- Қайырлы күн қадірменді қонақтар!
1-жүргізуші:
Неше бір заман өтседе
Бабалар салған жолымен
Мәңгілік елдің төрінде
Сақтаған салтын жөнімен


2-жүргізуші:
Айттырып құда түсірер,
Бойжеткен айдай аруға.
Сырғасын салып, сүйсінер
Жеңгелер жаққан ауылға.

1-жүргізуші:
- Қазақ халқының «Сырға салу» салт-дәстүрінің бірі қазіргі кезде кеңінен таралған. Сол тамаша дәстүрді тамашалайық ағайын!
2-жүргізуші:
- Құдалар келді!
Қарсы алып жүгір, ағайын
Гүл менен биге ораңдар бүкіл маңайын!
Алдынан шықсын Аталар мен аналар,
Ақ қырау шалған самайын!
 
(Құдалар келе жатқан кезде есік алдына қыздың екі жеңгесі арқан тартады, арқан тартқан адамдарға құдалар жағы өз жоралғысын (орамал, мата, ақша) береді. Құдалар есіктен кіріп амандасқаннан соң қыздың туыстары қарсы алып көріседі. Шашу шашылады. Құдалар жайғасып алғасын екі жақ бір бірімен танысады. Аман түгел алысады. Шұбат таратылады)
Қыз ауылының қариясы жолаушылардан келген мақсатын сұрайды.
Құдалар келген мақсатын айтады:
- Біз Қонай батырдың ұрпақтары Кенже жеменей ауылынанбыз. Біздің ауылда ұл бар дегендей, сіздің ауылда қыз бар дегендей.Үлкендердің қолдауымен, жастардың қалауымымен Сіздің қызыңызға құда түсіп, сырға салуға келіп отырған жайымыз бар.
Қыздың ауылының ақсақалы:
- Адам беру біреуге оңай емес қашанда, өмір заңы осы ғой.«Жолаушы мұраты - жету, қыз мұраты – кету» екенін ұғынғанымызбен,бауыр етінен жұлып алып қызды өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емесін бәріміз білеміз. Алайда, барған жерінде тастай батып, судай сіңіп жатса – абыройларыңыздың асқақтағаны сол емес пе! Құдай қуат берсін,құда-жекжаттарымызға сана берсін, жақсы жер болса – қызымыз алаңдамай бара берсін! Екі жас бақытты болсын, өмірі жақұтты болсын!
 
Көпшілік «Әумин» деседі.
 
Қыздың ауылы құдаларға болашақ келіндерін таныстырады. Оған құда көрімдігін береді. Айттырып келіп отырған жақ қыздың сырғасын салады.
Ауыл қариясынан бата сұралады.
Қария:
Сұрасаңыз бата берейін
Үстем болсын мерейіңіз.
Ықыласпен қол жайсаңыз
Ақ тілекті төгейін.

Қуаныштан, шаттықтан,
Айырмасын құдайым,
Ақ тілеуді ендігі.
Құдаларға бұрайын.
 
Қыз өсіріп, қыз беріген,
Айналайын сіздерден,
Сондықтан да мың алғыс
Құда болған біздерден.
Әумин.
(Домбырамен той әні айтылады)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет