Өндіріс - бұл қоғамның өмір сүруі мен дамуына кажетті материалдық игіліктерді жасау үдерісі. Өндіріс мазмұнын анықтайтын еңбек әрекеті келесі үш кезеңнен тұрады:
мақсатқа сәйкес жұмыс немесе еңбектің өзі;
еңбек заты, яғни адамнын тиімді іс-әрекетіне бағытталған нәрсенін барлыгы;
адам еңбек заттарын өңдеп, оларды өз қажетін қанағаттандыруға бейімдейтін еңбек кұралдары (машиналар, жабдықтар, кұралдар)
Материалдық өндіріс өнімі — табиғат пен еңбек заттарының бірігуінен түзілетін материалдық игілік.
Кәсіпорын — экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға кажетті өнім шығарылады және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру – әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әр түрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құкыктык жағдай, экономикалык, әлеуметтік, экологиялық жэне технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника жэне технология, бәсекелестік, маркетинг жэне т.б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтык экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге кабілетті өнім шығару аркылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен барынша көп пайда табу негізінде сұранысқа ие жэне бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару.
Өнеркәсіптік кәсіпорыннын функциялары мыналар:
кәсіпорын кызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру жэне баскару;
кәсіпорындагы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
кәсіпкерлік;
салыктарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің жэне басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетгі емес төлемдерін етеу;
мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны - өндірісті автоматтандыру аркылы ғылыми-техникалык өзгерістер жағдайында даму.
Экономиканың барлык даму кезеңінде кәсіпорын негізгі буын болып табылады. Дәл осы кәсіпорында өнім өндіріледі, жұмыскердің өндіріс құралдарымен тіқелей байланысы қалыптасады. Дербес өнеркәсіптік кәсіпорын деп өндірістік-техникалық тұтастығы, ұйымдық-әкімшілік және шаруашылык дербестігі бар өндірістік бірлікті айтады. Кәсіпорын өз қызметін дербес атқарады, шығарылатын өнімді, салық пен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалған таза пайданы (кірісті) өзі пайдаланады.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкер - басты тұлға болып табылады. Кәсіпкер мәртебесіне кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізу арқылы ие болады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі жеке азамат, сонымен бірге олардың бірлестігі болып табылады. Сонымен, кәсіпорын дегеніміз - бұл кәсіпкер немесе кәсіпкерлер бірлестігінің қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырып, таза пайда табу мақсатында кұрган дербес шаруашылық субъект.
Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексіне сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар түрінде, өндірістік кооператив, мемлекеттік мекеме түрінде кұрыла алады. Өз кезегінде, шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік және сенімгерлік серіктестік (командиттік серіктестік), жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік түрінде, ал шаруашылық коғамдар - акционерлік қоғам түрінде болады. Жоғарыда айтылып өткендей, кәсіпорын кызметінің мақсаты - қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру және таза пайда алу
Кәсіпкерліктің басты мақсаты - таза пайда (кіріс) табу (бірақ кез келген амалмен емес). Өркениетті нарықтық қатынастар екі мақсатты дұрыс үйлестіруді талап етеді. Әрине, бизнес – кәсіпкерлердің экономикалық іс-әрекеті, олардың үнемі өспелі таза пайда көлемін, жоғары табыстылық деңгейін қамтамасыз ете алу қабілеті және өнері. Осымен бірге, ашық экономика жағдайында бизнесті дамыту тұтынушылар нарығын тауарлар мен қызметтермен толтыруға жағдай жасайды, экономиканың құрылымдық қайта кұруды белсендетіп, Ғылыми-техникалық жетістіктерді ендіруді ынталандырады, өндіріс тиімділігін барынша арттыруға жағдай жасайды.
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіптік мекемені үйымдастырудың негізгі үш бағыты бар. Олар:
өндірісті ғылыми ұйымдастыру;
еңбекті ғылыми ұйымдастыру;
басқару жүйесін ғылыми ұйымдастыру.
Кәсіпорындағы меншік нысанын таңдау - жауапты іс. Сол себепті мүнда өз түсінігімен, ойымен ғана шектелуге болмайды. Кәсіпорында қызмет жасауға тиісті шаруашылық, құқықтық ортаны, қоғамдық тәртіпті де ескеру қажет.
Ұйымдық-құқықтық нысандарына байланысты кәсіпорындар бөлінеді: