10 тамыз күні перзентханаға 24 жастағы бірінші жүктілік, алғаш босанушы әйел іштің төменгі бөлігіндегі тартып ауру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезі бойынша соңғы еттеккірі – 17 қараша.
Акушерлік жағдайы:жатыр қозған, іштің айналымы -100 см, жатыр түбінің биіктігі -38 см. ұрықтың жатуы ұзынша, ұрықтың арқасы сол жаққа, алдына қараған. Баспен жатыр, кіші жамбас қуысына қондырылған. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты 140 уд/мин.
Қынаптық тексеру:Жатыр мойны- жамбастың өткізгіш өсі бойынша ортасында орналасқан, толығымен жұмсарған, 1,5 см ге дейін қысқарған, цервикальды өзек бос, ішкі ернеуге 1 п/п өткізеді. Қағанақ суы бүтін. Баспен жатыр, кіші жамбас кіреберіс жазықтығына қондырылған.
Тапсырма: Жүктілік мерзімі мен болжамды босану уақытын анықтау.
Ұрықтың қалпын, позициясын, түрін анықтау.
Ұрықтың болжамды дене салмағын анықтау.
Жатыр мойнының жетілу сатысын анықтау.
Клинаикалық диагноз қою.
Жауабы.
1)Жүктілік мерзімі -38 апта. Болжамды босану уақыты 24.08 . Босану мерзімін соңғы етекір келген күнге 40 апта қосып(280 күн ) есептейміз.
2)Ұрық қалпы – ұзынша орналасқан. Бұл кезде жатыр мен нәрестенің ұзынша осьтері бір-біріне сай келеді.
Позициясы – 1 позицияда , себебі нәрестінің арқасы жатырдың сол жақ қабырғасында қарап орналасқан.
Түрі – алдыңғы, себебі нәресте арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасына қарап орналасқан.
3) Ұрықтың болжамды дене салмағын Жорданио бойынша ПВП=ВДМ*ОЖ формуласымен анықтаймыз.
100*38= 3800 гр
4)Жатыр мойны Бишоп шкаласы бойынша есептегенде пісіп жетілген.
Жатыр мойны- жамбастың өткізгіш өсі ортасында орналасқан -2 ұпай толығымен жұмсарған – 2 ұпай
1,5 см ге дейін қысқарған – 1 ұпай
цервикальды өзек бос, ішкі ернеуге 1 п/п өткізеді -1 ұпай.
Жалпы 6 ұпай
5)Жүктіліктің 38 аптасы.Жатыр мойнының пісіп жетілуінен босануға дайындығын анықтаймыз. Бұл пациентте босанудың 1-кезеңі басталып жатыр.