1 клиникалық есеп



Дата26.05.2022
өлшемі14,92 Kb.
#145118
Байланысты:
1 есеп Акушер


1 клиникалық есеп:


10 тамыз күні перзентханаға 24 жастағы бірінші жүктілік, алғаш босанушы әйел іштің төменгі бөлігіндегі тартып ауру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезі бойынша соңғы еттеккірі – 17 қараша.
Акушерлік жағдайы:жатыр қозған, іштің айналымы -100 см, жатыр түбінің биіктігі -38 см. ұрықтың жатуы ұзынша, ұрықтың арқасы сол жаққа, алдына қараған. Баспен жатыр, кіші жамбас қуысына қондырылған. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты 140 уд/мин.
Қынаптық тексеру:Жатыр мойны- жамбастың өткізгіш өсі бойынша ортасында орналасқан, толығымен жұмсарған, 1,5 см ге дейін қысқарған, цервикальды өзек бос, ішкі ернеуге 1 п/п өткізеді. Қағанақ суы бүтін. Баспен жатыр, кіші жамбас кіреберіс жазықтығына қондырылған.
Тапсырма:

  1. Жүктілік мерзімі мен болжамды босану уақытын анықтау.

  2. Ұрықтың қалпын, позициясын, түрін анықтау.

  3. Ұрықтың болжамды дене салмағын анықтау.

  4. Жатыр мойнының жетілу сатысын анықтау.

  5. Клинаикалық диагноз қою.

Жауабы.


1)Жүктілік мерзімі -38 апта. Болжамды босану уақыты 24.08 . Босану мерзімін соңғы етекір келген күнге 40 апта қосып(280 күн ) есептейміз.
2)Ұрық қалпы – ұзынша орналасқан. Бұл кезде жатыр мен нәрестенің ұзынша осьтері бір-біріне сай келеді.
Позициясы – 1 позицияда , себебі нәрестінің арқасы жатырдың сол жақ қабырғасында қарап орналасқан.
Түрі – алдыңғы, себебі нәресте арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасына қарап орналасқан.
3) Ұрықтың болжамды дене салмағын Жорданио бойынша ПВП=ВДМ*ОЖ формуласымен анықтаймыз.
100*38= 3800 гр
4)Жатыр мойны Бишоп шкаласы бойынша есептегенде пісіп жетілген.
Жатыр мойны- жамбастың өткізгіш өсі ортасында орналасқан -2 ұпай толығымен жұмсарған – 2 ұпай
1,5 см ге дейін қысқарған – 1 ұпай
цервикальды өзек бос, ішкі ернеуге 1 п/п өткізеді -1 ұпай.
Жалпы 6 ұпай
5)Жүктіліктің 38 аптасы.Жатыр мойнының пісіп жетілуінен босануға дайындығын анықтаймыз. Бұл пациентте босанудың 1-кезеңі басталып жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет