1. Материалдарды алдын ала жинақтаңыз



Дата07.02.2022
өлшемі16,13 Kb.
#83950
түріСабақ
Байланысты:
Тексеру парағы


1. Материалдарды алдын ала жинақтаңыз
Сабақты бастамас бұрын жұмыста қолданылатын материалдардың толық дайындалғанына және балаларда оқуға қажетті барлық құралдардың түгел екендігіне көз жеткізіңіз. Біз сабақты өткізу алдында тексеру қажет ең маңызды заттардың тізімін жасадық. Бұл тізімді қағазға басып шығарып алып, жұмыс үстеліңіздің тұсына орналастырсаңыз, қажетті нәрселерді ұмытпайтын боласыз.
Оқу күніне дайындықты тексеру парағы
☐ Оқушылардың барлығында күннің оқу кестесі бар.
☐ Оқушылар сабаққа қатысып отырғанын растады.
☐ Барлық оқушыларда қажетті сілтемелер мен материалдар бар (оқушыларға сабаққа дейін белгілі бір тапсырмаларды орындау қажет болған жағдайда).
☐ Сабақты жүргізуге арналған материалдар дайын (таныстырылымдар, қажетті файлдар, сілтемелер).
☐ Өз бетінше жұмыс істеуге арналған материалдар дайын.
2. Техникалық дайындықты тексеріңіз
Компьютер және интернет – сабақ жүргізудің негізгі құралдары, сондықтан олар үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. Сабақтың алдында міндетті түрде барлық техниканы мұқият тексеріп алыңыз. Бұл көп уақытыңызды алмауы үшін, тексеру қажет нәрселердің тізімін жасаңыз.
Техникалық дайындықты тексеру парағы
☐ Барлық құрылғылар толық зарядталған немесе қуат көзіне қосылған.
☐ Сіз алдын ала қажетті бағдарламаларды ашып кірдіңіз.
☐ Сабаққа қажетті қосымшалар ашылды.
☐ Онлайн сабақ өткізуге арналған платформа жұмыс істеп тұр.
Барлық басқа бағдарламалар, сайттар мен қосымшалар жабылды немесе тоқтатылды.
☐ Форс-мажорлық жағдайларға арналған байланыс құралдары бар (мысалы, мобильді интернетке қосылу мүмкіндігі).
3. Контентті жинақтауға және жеткізуге арналған құралдар
Қашықтан оқыту үшін әзірленген барлық материалдар мен ресурстарды арнайы сервистік қызметтің көмегімен бір жерге жинақтаңыз (мысалы, Гугл Класс немесе Teams). Бұл Сізге материалдарды жоғалтып алмауыңызға және оқушыларға қажетті сілтемелерді оңай жіберіп отыруыңызға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет