1 маусым-Балаларды қорғау күні!



бет1/3
Дата09.06.2023
өлшемі31,14 Kb.
#178526
  1   2   3
Байланысты:
Сценарий на 1-июня 1 маусым Балаларды қорғау күні детский сад
1516986867, !9-БЖБ Математика 6-сын қаз, !9-БЖБ Математика 6-сын қаз, физ. 3 тапсырма, doc1572525447



1 маусым-Балаларды қорғау күні!

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.


Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі - түсті шарлар,
слайд «Бала деген бір бақыт»
Өтілу барысы: әдеби – музыкалық монтаж

Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,


Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,


ата - аналар, балалар!

Баршамызды бала тілмен баурайтын,


Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.

1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді құттықтай келген қонақтарымызбен таныстырып өтейін


.
Құттықтау сөз кезегі н мектебміздің ДОІЖО Қайрылбаев Ержігіт ағайға береміз.

Ән: «Қошақаным»


Сайқымазақтардың келуі
Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз ешқандай мереке болмайды?
Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десеңдер, онда тәртіп сақта!
Балалар, сайқымазақты қалдырамыз ба? Қалдырамыз.

Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,


Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті орталықтың бүлдіршіндеріне берейік.

Рауан:
Бала, бала, баламыз


Бақшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
Амина:
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын
Берік:
Көжегім тұршы
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Айару:
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау, қозы, құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Емес олар ұрыншақ
Назерке:
Алма сыйлап бөбекке
Алма ағаштар сарғайған
Төгілген тер шелектеп
Көрінеді маңдайдан.

Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,


Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.

Ойын: «Кім жылдам» Шарты: Ата-аналар өз баласына бір әріптен еркелету айтып бірінші жету керек.



Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі
Би:
Жүргізуші: Ендігі кезекті тақпақтарға береміз!
Айда:
Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай
Қызырғанша алақан
Кел,соғайық балақай.
Жарас
Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында 
Жадырайды жанымыз
Талшын
Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша
Айлун
Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет