Аудитория: ата-аналар



Дата05.07.2022
өлшемі20 Kb.
#147292
Байланысты:
Мұғалім мәртебесі коучинг


Күні:

Аты-жөні:

Тақырып: Ұстаз мәртебесі


Аудитория: ата-аналар

Мақсат: Мұғалімнің мәртебесін көтеру

Күтілетін нәтиже: Ата-аналар мұғалімдерді құрметтеуінің артуы




Коучтің іс-әрекеті

Қатысушының іс-әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру кезеңі
10 мин

Ынтымақтастық


атмосферасын
құрып, қолайлы
психологиялық
хал-ахуал орнату
Топқа бөлу
2 мин

Сәлеметсіздерме құрметті ата- аналар мен бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.
Сіздермен жақынырақ танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты жаттығу өткіземін. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және нені сүйетінімді айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын.

Жұлдыз, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу


Топ мүшелеріне мінездеме
Жұлдыз. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.

Амандасады

Ата-аналар кезектесіп жіпті бір – біріне береді. Бір-біріне жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Соңғы адам жіпті кері қайтарып алдыңғы адамның аты мен оның нені сүйетінін айта отырып, кері қайтарып береді


Ата-аналар 3 топқа бөленеді



Тоқыма жіп

Жұлдыз, Күн, Ай суреттері



Кіріспе сөз
7 мин

Б. Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деп, ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынды тәрбиелеу, оларды терең біліммен қаруландырып, үлкен өмірге дайындау, осындай ауыр жүкті алып жүру тек білікті ұстаздарымыздың ғана қолынан келетінін» айтып кеткен болатын.
Ұстазға құрмет – білімге құрмет. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Мысалы, Ескендір Зұлқарнайын – Аристотельді, Шәкәрім - Абайды, Жамбыл -Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. Олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі зор екенін түсініп, оларды пір тұтқан. Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алатын болған екен. Сондықтан да, ұстазға құрмет – адамзатқа міндет.
«Педагог мәртебесі туралы» заңды Мә­жіліс депутаттары да қызу талқылап өз тара­пынан бірқатар ұсыныс айтып, түзе­тулер енгізді.
Олар: – 2021 жылғы 1 қыр­күйектен бастап орта білім беру ұйымдары педагогтері үшін апталық нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа төмендету жөніндегі норма;
– өзінің лауазымдық міндетін орындау кезінде педагогке былапыт сөй­леген, мазақ қылған, бейәдеп іс-әре­кеттер жасаған және де бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуни­кация желілерін пайдалану арқылы басқа да осындай әрекеттерге барған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мысалы, педагогтерге этикаға жат қылық көрсеткен жеке тұлғаға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көздел­ген. Егер ол адам осы әкімшілік жаза қол­данылғаннан кейін бір жыл ішінде қай­талап жасаған болса, оған 40 АЕК мөл­шерінде айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкім­ші­лік қамауға алынады. Осы құқық бұзу­шылықты он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалар жасаса, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Осы әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, бұл айыппұл 10 АЕК-ке өседі;

Тыңдайды




Бейнеролик
5 мин

Ұстаз




https://www.youtube.com/watch?v=owcsyIK7NME

Ой қозғау
10 мин

Әр топ бейнеролик бойынша ойын айту

Талқылау




Ситуациялық сұрақтар
10 мин



Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.


Өзімізді әр пәннен беретін мұғалімбіз деп есептейік.
1.Сіздер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңізде артқы партада отырған балалар сіздермен жағаласып сөйлесіп отыр делік. Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан-жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балаға да тисіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңіздер?

2. Сіздер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыздар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыздар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорады шақырып қойғансыздар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. Ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғалтып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қандай шаралар қолданасыздар?

3.Енді ұстаздар сіздер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыздар делік. Диктантты оқып беріп, енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсабымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңіздер?
Сіздер жаңа мұғалімнің рөлінде болдыңыздар. Сонымен мұғалімнің жұмысы оңай ма екен? Келесі кезекте мұғалімге басқаша көзқараспен қараймыз деген түйіндемеге келдіңіздер ме?

Топтық жұмыс арқылы ситуациядан шығу жолдарын айтады

Ситуациялық сұрақтар жазылған қағаздар



Топтық жұмыс 10 мин

Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз – мектептің жүрегі
Ұстаз шәкіртімен әйгілі
Сіздерге тақырыптар таратылды әр топ берілген тақырып бойынша шағын эссе жазуларыңыз қажет

Эссе жазылы, оқылады




Бағалау
3 мин



Топтардың жұмыстарын бағалау

Топтар бір-бірін бағалайды




Рефлексия
3 мин

«Алма ағашы»

Коучингтен алған әсерлерін «Алма ағашына» жапырақ, гүл, алмаға жазып жабыстыру арқылы кері байланыс жасайды

Алма ағашы, қима жапырақ, гүл, алма суреттері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет