«Өмір бойы білім алу әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет» Н.Ә. Назарбаев «Маған айтып берсең ұмытып қаламын, көрсетсең есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң үйренемін!»



Дата15.01.2020
өлшемі0,95 Mb.
#55912
түріСабақ
Байланысты:
00043618-d8ad8d67
!10-ОШ ТЖБ Информатика 7-сын қаз Обновлен, 1 Информатика 6 сынып Компьютерлік ойындарды әзірлеу Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу Сабақ жоспары, с одаренными 2, с одаренными 2, терінің маңызы мен құрылысы. (3), форма оценки, 7 Оку жоспары Информатика 7 сынып, өзін-өзі тану, 1 Информатика 6 класс Как работает компьютер Поурочный план, А.А.Унгарбаева АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ, 7 Оку жоспары Информатика 7 сынып, 9 сынып тарбие са5аты

  • «Өмір бойы білім алу әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет»
  • Н.Ә.Назарбаев
  • «Маған айтып берсең ұмытып қаламын, көрсетсең есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң үйренемін!»
  • қытай ғұламасы Конфуций
  • “Саралау тәсілдері -жаңартылған білім мазмұнында”
  • І деңгейлі сертификатталған біліктілігі жоғары деңгейдің жоғарғы санатындағы математика пәні мұғалімі Тлеуова Дания Алтоновна
  • №63 жалпы білім беретін орта мектеп - лицей

Мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде саралау тәсілдерін меңгеру;

  • Мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде саралау тәсілдерін меңгеру;
  • Күтілетін нәтиже:
  • мұғалімдер саралау тәсілдері жайында мағлұмат алады;
  • қысқа мерзімді жоспарлау барысында саралау жұмысының жалпы қабылданған тәсілдерін қолдану аясы туралы білімдерін толықтырады; жинақтап, пікір алысады,

  • І топ:математика;
  • ІІ топ:информатика;
  • ІІІ топ: физика;

Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім қандай мағлұматтарды міндетті түрде анықтап, әзірлеуі қажет?

  • Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім қандай мағлұматтарды міндетті түрде анықтап, әзірлеуі қажет?
  • Сабақ мақсаттарын жасауға нені негізге аламыз?
  •  Сабақ мақсаты дегеніміз не?
  • (Парақ қағазға жазыңыздар)
  • Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім қандай мағлұматтарды міндетті түрде анықтап, әзірлеуі қажет?

–  тілдік оқу мақсаттары – терминдермен жұмыс және т.б.;

  • –  тілдік оқу мақсаттары – терминдермен жұмыс және т.б.;
  • – саралау: білім алушыларға қолдау көрсету қалай жоспарланады? Қабілетті білім алушылардың алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда? Білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?
  • – метапәндік байланыстар;
  • –      денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету.

  • Сабақ мақсаты дегеніміз не?

Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді.

  • Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді.

  • Сабақ мақсаттарын жасауға нені негізге аламыз? 

  • Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады.
  • «Сыныпта бір мезгілде барлық оқушыларды бірдей оқытқан жағдайда: 1/3 оны біледі, 1/3 түсінеді, 1/3 ешқашан түсіне алмайды. Сондықтан сыныптағы балалардың 2/3 уақытты босқа жоғалтады»
  • Скотт Виллис
  • «Б.Блумның білімді толық меңгеру теориясы жақсы оқитын білім алушы мен нашар оқитын білім алушы нәтижелерінде 90% айырмашылық” болатындығы дәлелденген
  • Бірінші фактор білім алушылардың жаңа тапсырмаларды шешуді меңгеріп, оқу үдерісіне бейімдей алатын түрлі білімі мен қабілеттерін диагностикалауды болжайды. Бұл нәтижелердің қорытынды айырмашылығын 50%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
  • Екінші фактор болашақта оқуды ынталандыруға ерекше әсер ететін, алғашқы келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған эмоционалдық қолдау көрсетуді болжайды. Нәтижесінде жетістік қорытындысының айырмашылығын 25%-ға дейін қысқарту мүмкін болады.
  • Үшінші фактор оқу ортасы мен уақытты есепке ала отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде жеке қолдау мен марапаттауды ұсынады. Осылайша, қорытынды нәтиженің 25% ерекшелігі қысқаруы мүмкін»
  • Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік нұсқау хатында саралап оқыту туралы былай деп жазылған: «Саралап оқыту тәсілі – білім алушылардың әртүрлі топтары үшін оқу процесін мамандандыруды, білім алушылардың ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әртүрлі топтар үшін әртүрлі оқыту жағдайларын жобалайды. Саралап оқыту тәсілі әртүрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану - сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады»
  • Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
  • Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? 
  • Саралап іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер: оқушыға дербес көмек көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады. 
  • Нені саралауға болады? 
  • 1. Мақсат бойынша саралау
  •   Мақсат бойынша саралау сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар (дарынды) үшін қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталады.
  • Топтарға тапсырма:оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдырыңдар
  • І топ: 5.1.2.13 бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру;
  • ІІ топ: 5.2.1.1 әртүрлі ақпаратты атап шығу және көрсету.
  • ІІІ топ: 7.2.2.2. – күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру.
  • Барлық оқушылар:   Мұнда оқу мақсаттары қайталанады. Оқушылардың 100% қол жеткізуі керек болғандықтан мұғалім мұнда барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек.
  • .
  • .
  • Барлық оқушылар: Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру алгоритмін біледі . Сурет бойынша аралас сандарды жазады
  • Барлық оқушылар: Ақпарат ұғымы туралы білім алады. Ақпарат түсінігі, әртүрлі формадағы ақпараттармен , ақпаратты өңдеу, сақтау, қабылдау түрлері туралы білімі қалыптасады.
  • Барлық оқушылар: Күштің физикада негізгі үғымдардың бірі екендігін біледі. 
  • Оқушылардың басым бөлігі: Оқу мақсатттарын оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай нәтижені күрделендіру. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну» деңгейлерінде болса, онда оқушылардың басым бөлігі бұған қоса «Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға қол жеткізуі керек.
  • Оқушылардың басым бөлігі: Бөлу амалы бұрыс бөлшектің бүтін бөлігін ажырату үшін қажет екенін түсінеді. Аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыруды біледі;
  • Оқушылардың басым бөлігі: Әртүрлі формадағы ақпараттармен жұмыс жасауды, ақпараттың қасиеттерін меңгереді.
  • Оқушылардың басым бөлігі: : Күнделікті өмірден күштің әрекет етуіне мысалдар келтіре алады.
  • Кейбір оқушылар: Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым бөлігі үшін белгіленген мақсаттармен бірге шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамытатын мақсаттарды нақтылау:
  • Кейбір оқушылар: Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырып, мәтін есептерді шығарады;
  • Кейбір оқушылар: Біздің айналамыздағы ақпараттың берілуі мен ақпарат алмасу түрлеріне мысал келтіреді. Біздің айналамыздағы ақпараттың берілуі мен ақпарат алмасу түрлерімен танысады. 
  • Кейбір оқушылар: Күштің бағытын анықтай отырып, сызба түрінде көрсете алады.
  • Ресурс немесе мәтін бойынша саралау
  •  Саралаудың бұл түрі ілгері деңгейдегі, мазмұны терең ресурстармен жұмыс жүргізуге бейім балаларға арналады. Оқушылар бәріне ортақ бір сұраққа жауап бергенімен, күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене отырып, өз жауаптарын негіздей алады.
  •   негізгі ақпараты бірдей түрлі деңгейдегі мәтіндер әзірлеуге болады. Оқушының жұмыс жасау деңгейіне байланысты мұғалімдер ұсынылатын ресурстарды біртекті етпей, оқушыларға түрлі ақпаратты қол жетімді ету шараларын ойластыруымыз қажет.
  • Тапсырма бойынша саралау (деңгейлік тапсырмалар)
  •  Саралаудың бұл түрі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар ойластыруды көздейді. Оқушыларға түрлі таратпа материалдарын, кеспе қағаздар мен жаттығулар ұсынуға болады.
  • Аталған саралауды әр баланың қабілеті бойынша рөлдер мен жауапкершілікті бөлу арқылы жүргізілетін топтық жұмыс барысында қолдануға болады.
  • Тапсырмалар бойынша саралау барысында таратпа материалды қолдану деңгейі біртіндеп күрделенеді.
  • Диалог негізінде саралау
  • Диалог негізінде саралау барысында мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Диалог арқылы саралаудың түрлі аспектілері бар.
  •  Сөздік қор және қолданылатын тілдің мүмкіндіктері мен күрделілігі әр оқушының қабылдау деңгейіне сай бейімделеді. Қабілеті төмен оқушы ақпаратты қарапайым тілмен түсіндіруді қажет етеді, деңгейі жоғары оқушы мазмұны күрделі диалогты талап етеді. Барлық оқушыға диалог аясында сындарлы кері байланыс берілуі қажет.
  • Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау
  •   Саралаудың бұл түрі жоғарыда аталған диалог арқылы саралаумен байланысты, себебі кейбір оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізуі үшін  арнайы көмекті қажетсінеді. Көмек ауқымы мен деңгейі де оқушы қажеттілігіне сай сараланған болуы тиіс.  
  •  Бұл қолдау мұғалім немесе басқа да үлкендер тарапынан көрсетілуі мүмкін. Оқушы қолдауды басқа оқушыдан, компьютерден немесе ақпараттық   технологиялар арқылы алуы мүмкін. Қабілетті оқушыға жеке оқыту бағдарламасы бойынша қолдау көрсетуге болады. Қабілетіне, деңгейіне қарамастан әр оқушы қолдауға лайықты.
  • Қарым-қатынас формалары бойынша саралау  (топтық жұмыс)
  •    Ынтымақтастық оқыту – саралаудың тиімді тәсілі болып табылады. Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.
  • Жұмыс қарқыны. Балаларға жалпы тапсырма беріледі, бірақ оларды аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады. Қабілетті бала басқаларға қарағанда негізгі міндеттерді орындауға аз уақыт жұмсайтынын болжауға болады, ал содан кейін айтарлықтай күрделі жұмысты орындауға кірісе алады. Көптеген қабілетті балалар қызығушылық пен ұмтылыстың жоқтығынан негізгі тапсырманы өте баяу орындағандықтан, мүмкіндігінің болуына қарамастан қосымша тапсырмаларды орындауға үлгермейді. Кей жағдайларда кейбір балаларға барлық тапсырманы орындамай («тығыздау» деген атпен белгілі болған әдіс), қосымша жұмысқа бірден кірісуге рұқсат етуге болады
  • Нәтиже. Балалар қойылған жалпы мақсатқа сәйкес бір тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ мұғалім балалардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, әр баладан әртүрлі нәтиже күтеді. Бастапқы ойды немесе үдерісті түсіне алатындай етіп басқаларға қалай түсіндіру керек екенін түйсіну өте күрделі, сонымен қатар өте тартымды іс болып табылады. Қабілетті баладан басқа балаларға қандай да бір нәрсені түсіндіруді немесе қандай да бір затты үйретуді өтінуге болады, басқа жастағы балалар үшін бірдеңе жазуды немесе жасауды сұрауға болады.
  • Үй жұмысы. Балаларға әртүрлі үй тапсырмалары беріледі, ал жекелеген оқушыларға сыныпта бастаған жұмысты аяқтау үшін қосымша уақыт қажет болуы мүмкін. Айтарлықтай қабілетті балаларға толық зерттеу жүргізу үшін тақырыптың күрделі аспектілерін қарастыруды тапсыруға немесе басқа тапсырма беруге болады.
  • Ал, саралау тәсілі болып табылмайтын жағдайларға қандай мысал келтірер едіңіз?
  • Сіздер өз тәжірибеңізде оқытуды саралауды қалай жүзеге асырасыз?
  • Ой толғаныс:
  • Бүгінгі жұмыстағы ең құнды мәселе қандай болды?
  • Қандай білім мен тәжірибе алдым?
  • Рефлексия: бүгінгі күннен алған әсерім
  • Рефлексия «Алма ағашы»
  • Жасыл түсті алма – «Сабақтар өте қызықты, бәрі түсінікті болды, көңіл – күйім көтеріңкі»
  • Қызыл түсті алма – «Бүгінгі сабақты меңгере алмадым, көңіл – күйім жоқ»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет