Меншік дегеніміз



Дата07.02.2022
өлшемі17,16 Kb.
#94414
Байланысты:
Колдас ж




Меншік дегеніміз — өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасындағы туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік дегеніміз – материалдық және рухани игіліктерді пайдаланумен, оларды өндіру шарттары туралы адамдар арасындағы қатынастарды білдіреді. Басқаша айтсақ, меншік бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік қатынастары иемдену, пайдалану, айналыс, тұтынудан тұрады. Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Қандай да бір материалдық игілікті өндіру – адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен энергияны иемдену болып табылады. Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп отырған. Өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болды. Осылайша, адамзат қоғамының әу басында адамдар табиғат өнімдерін өндірместен иеленді.
Мысалы: аңшылық, балық аулау, терімшілік және т.с.с. Әрі қарай, өндірістің пайда болуы мен дамуына орай иемденуге тек табиғат өнімдері емес, сондай – ақ адамдар өндірген өнімдер жатады.
Мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз мемлекеттің заң актілерімен танылған және қорғалатын, өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Мемлекет меншік құқығының ерекше субъектісі болып табылады. Бұл оның жоғары абстарктілігімен және формальдігімен анықталады. Көптеген әртүрлі сипаттағы функцияларды жүзеге асырудың кажеттігі және бірдей бағынышты мемлекеттік орандардың тармақталған жүйесі мемлекеттік меншік құқығын іске асыратын субъектілердің көп болуын алдын ала анықтады. Сондықтан оларды екі деңгейге бөлген дұрыс: кімді білдіреді,соның деңгейі және кім білдіреді, соның деңгейі. Меншік құқығының мазмұны құқықтар мен міндеттердің жиынтығымен анықталады. «Меншік иелерінің өз құқытарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді». Яғни, мемлекет, мемлекеттік меншік объектілерінің бірден-бір меншік иесі ретінде, азаматтық құқықтарды, сондай-ақ міндеттерді жүзеге асырудың шектері мен қоғауды заң арқылы өзі үшін өзі анықтайды.
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталады. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективти мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет