Білікті ұстаз – мектеп тірегі



Дата25.08.2017
өлшемі75,95 Kb.
#25994
Білікті ұстаз – мектеп тірегі.
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білгенін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Бүгін қоғам алдында тұрған міндет,

Әрбір ұстаз алдында тұрған міндет.

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдісі – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Қазіргі заман мұғалімінен тек пәнінің терең білуі ғана емес, тарихи-танымдық, педагогика-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылығы талап етіледі. Ол талапқа сай болу үшін көп ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеу қажет. Мұғалім мамандығы – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық психология-педагогикалық даярлықты қажет ететін ерекше еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан, педагогикалық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады.


Мұғалім мамандығы
Мұғалімнің білім Жеке басының қасиеті мен

дәрежесі өзіндік ерекшеліктері

Педагогикалық шеберлігі Озық әдістемені меңгеруі

Сөйлеу мәдениеттілігі

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық, жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.

Әр технология өзінің әдіс-тәсілдерімен ерекшеленгенімен, бір-бірімен өзіндік байланысы бар, яғни баланың жеке басының дамуына, оқуға ынтасын ояту, қабілетін ашу, дамыту, қызығушылығын тудыру, ойлауға жетелеу, ізденіс-зерттеу еңбегіне бейімдеу, шығармашылық жұмыстануына негізделеді.

Мұғалім – мектеп жүрегі. Ол жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, болашаққа жан-жақты дамыған, толыққанды азамат етіп қалыптастырушы.

География сабағындағы оқушылардың қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.

М.Әуезов

Менің мақсатым – жаңа педагогикалық технологияларды география сабағында тиімді қолдана білу және оқушылардың картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр.

Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімінің алдында тұрған көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім беру болып табылады.

Өз мамандығын шын сүйетін, өзі оқытатын пәнін жақсы көретін мұғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс үстінде жүргізеді. Оқушылардың ынтасын арттыру, пәнге қызығушылығын дамыту, білімді берік те саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс-тәсілдерді ізденіп қолданады.

Мемлекеттің күшеюі мен ұлттық гүлденуі дарындыларға, таланттыларға тәуелді екені белгілі. Ал дарындылар тәлім - тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген мұғалімдер алдынан шығатыны сөзсіз. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі – оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығн ояту, терең де мазмұнды білім беру, ой-өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу.

Қазіргі кездегі қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіне де ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімге білімді біржақты формада емес, оқушылардың оқуын басқару, бағыт-бағдар көрсетіп, жол сілтеп, кеңес беріп отыру қызметін жүктейді. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық түрлі мәселелер, қағидалар меңгертілуі тиімді болып табылады.

Сабақта оқушы қызығушылығын арттыру үшін ойын-сабақтарын жүргізу өте тиімді. Ойын жөнінде белгілі педагог В.А.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген болатын. Сондықтан да ойын түрлерін кірістіре отырып өтілген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылын арттыра түседі. Яғни, мұғалім оқушымен сабақ барысында үздіксіз жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге оқушының сабақ барысындағы ролін арттыра түсу қажет. Сонда ғана оқушының дарындылық қабілеті шыңдала түседі.

Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның таным түсінігін арттырады. Балалар ойын арқылы бір бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты үйренеді.

Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат – оларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек етуге даярлау, олардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын түрлері оқушының ойлау белсенділігін қажет етеді.

Әр сабақтарда пресс-конференция, «Географиялық лото», «Брейн ринг», интеллектуалдық сайыс, саяхат сабағы, т.б. ойын түрлерін орнымен қолданып оны қызықты ету арқылы білімге ынта - ықыласын, пәнге сүйіспеншілігін қалыптастыруын көздейді. Ойын арқылы оқушы өз бетімен жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға үйренеді.

География сабағындағы тиімді әдістердің бірі – интеллектуалдық сайыс-сабақтарын өткізу. Мұндай сабақтар оқушының танымдылығы мен ой-өрісін кеңейтеді, ойлау жылдамдығын арттырып, алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Мысалы, 6-сыныпта «Гидросфера» тақырыбын жинақтау сабағын интеллектуалдық сайыс түрінде өткіздім, оқушыларды екі топқа бөлініп, 7 (жеті) тур бойынша тапсырмаларды орындады:


  1. «Ойландырар он сұрақ» викторинасы

  2. Картографтар сайысы (Ең,ең... деген сұрақтарға жауап беріп, ол географиялық нысандарды картадан көрсетеді)

  3. «Тарихи атаулар» (жер-су атауларының шығу тарихын түсіндіреді)

  4. Эрудиттер сайысы (кесте толтыру жаттығуы)

  5. «Тұған жердің жеті суы» (Қазақстанның жеті ірі өзен-көлдер атауларын тақтаға жазып, картадан көрсетеді)

  6. Графикалық бақылау (аталған 10 өзен-көлдер қай мұхит пен материкке жататынын сәйкестендіру кестесін толтыру)

  7. «Экологтар» (жер беті суларын ластаушы көздер мен ластанудан қорғау шаралары туралы ой-пікірлерін айтады).

Сондай-ақ, 7-сыныпта «Знатоки географии» интеллектуалдық ойынын интерактивті тақтада өткіздім. Ондағы мақсатым 6-сыныпта өткен материалды еске түсіріп, материктер мен мұхиттар туралы білімдерін тексеру арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру болды. Қолданған ойын элементтерім – викториналық сұрақтар, климаттық белдеулерді анықтау, географиялық өлшеу құралдарын суретіне қарап анықтау, материктер мен арал-түбектерді сұлбасына қарап анықтау, сәйкестендіру ойындары, т.б.

Пікір – сайыс сабақтар жастардың білімдерін жан –жақты жетілдіріп, мәдени деңгейлерін көтереді, басқа адамдарға түсіністікпен қарап, олардың пікірлерімен санасуға үйретеді, шешендік өнерге баулиды.

География сабағын басқа ғылымдармен ұштастыра отырып оқыту білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Сабақты әдебиет, ағылшын тілі, биология, тарих, т.б. пәндермен байланыстыру оқушы білімін тереңдетеді. Мысалы, 8 - сыныпта «Қазақстанның ішкі сулары» тарауын өткенде қазақ ақындарының өлеңдерімен әрлеу маңызды.
Мысалға,
Туған Ертіс

Жуас, баяу толқынымен

Алтайды асып, аққан Ертіс

Суың мөлдір, түбің терең

Құшағыңда еркелегем.

(С.Машақов)


Тобыл

Толқы, толқы Тобылым

Толқыта тарт ескегім

Сырласайын сенімен

Есілте жырдың ескегін

Шомылып, жүзіп еркелеп,

Толқыныңды құшайын.

(Ж. Сыздықов)


Арал

Кіндігім бірге Аралмен,

Теңізден тыныс алам мен

Ақпейіл ана секілді

Алдымда жатыр далам кең.

(С.Машақов)


Сырдария

Басым бұлақ

Таудан шығады, атым – Дария – мен анаң,

Суым – сүтің, жерім құтың

Еңбекші елім, кел балам

(Қ.Әбдіқадыров)

География пәнін 6-сыныптан бастағанда әр тарау, әр тақырыпты күнделікті оқушының іс-әрекеті арқылы жүргізіп отыру қажет.

Мысалы, «План және карта», «Атмосфера» тарауларын оқығанда сабақта картамен, географиялық алаңды пайдалана отырып сарамандық жүйеде жұмыс жүргізуге болады. Мұнда топтық, серуен, картаны оқу, георафиялық алаңмен жұмыс жүргізу оқушының география пәніне деген қызығушылығын арттыра түседі.


Оқушылар мектеп алаңында тапсырмаларды орындайды.


1-тапсырма.

Көкжиектің тұстарын анықтаңдар. Оқушылар тұсбағардың, табиғаттағы нысандардың көмегімен көкжиектің негізгі және аралық тұстарын анықтайды.


С
? ?
?
2-тапсырма.

Табиғаттағы нысандарды – ағаштың, мұржадан шыққан түтіннің бағытын және флюгерді пайдалана отырып, желдің бағытын, жылдамдығын, түрін анықтаңдар.

Жел түрі -

Жел бағыты -

Жел жылдамдығы -
3-тапсырма.

Ауа температурасына байланысты есептер

3.1. Көкшетау қаласындағы ауа температурасын анықтаңдар.

3.2.Көкшетау қаласында ауа температурасы +15ºС болса, 4000 м биіктіктегі ауа температурасын анықтаңдар.


4-тапсырма.

Бұлттылықты анықтаңдар.

Бұлт түрі -

Сипаттамасы -



Жауын-шашын түрі -

Балл -
Әдетте ең жақсы марапат – ойын барысында оқушылардың берген толық жақсы жауаптары, алған жақсы бағалары. Жақсы баға оқушының пәнге деген қызығушылығын, құмарлығын арттыратын стимул екені белгілі. Ұстаз оқушыларды басқарудың әдіс-тәсілдерін ескере отырып, сабақ ұйымдастыру кезеңінде әр оқушы өзінің жетістігін түсіне білуі үшін, оқушы бойында міндетті түрде сенімділікті оятуы керек. Егер оқушы бойында күнделікті орындаған тапсырмаларының жақсы нәтижесін көре алмаса, ол өзіне-өзі сенуден қалады. Сондықтан, мен баланы тәрбиелеуде оқушының жетістігін үлгі тұтамын, алға бастаған кішкентай жемісін тілге тиек ете отырып, әр қадамын оң бағалауға тырысамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет