Көрнекілігі: нақыл сөздер Сабақтың барысы



Дата03.02.2018
өлшемі63,42 Kb.
#37437
Тақырыбы: Тіл-ұлы байлық

Мақсаты: ана тілде таза сөйлеуге, терең меңгеруге баулу; ой, ес, сезім, тіл жылдамдықтарын дамытып, бірліктерін нығайту; ана тілін сүюге, қадірлеуге, еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: нақыл сөздер Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру Кіріспе Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздерді тіл мерекесімен құттықтаймын. «Халқын сүйген - салтын да сүйер» дегендей мұндай мереке бір халықтың ұлттың байлығы. Сондықтан жас ұрпақтар қастерлей білсе, басқалары да мойындары қақ. Адам шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, қартайған шағына дейін бүкіл өмірі тілімен тығыз байланыста болады. Ана тілі адам баласының бойына Ана сүтімен кіріп бойымызға тарайды.  Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы үшін өмірдің өзі бүгінгідей жағдайда біздің көп тіл білуімізді қажет етеді. Бірнеше тіл білгеннен ешкім ұтылмайды. Бірақ өзге тілді білсекте,өз ана тілімізді қастерлеп , құрметтей білуіиіз керек. «Қазақтың болашағы мемлекеттік тілде !»- деген еді Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Әр қазақ бір –бірімізбен қазақша сөйлесіп ,ана тіліміздің мәртебесін көтерсек ғажап болар еді.Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі – оның орындылығында , өрлігінде орасан зор байлығында. 2-4 сынып оқушыларына мақал-мәтелдердің мағынасын ашқызу. 1.Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге бүгін-ақ Р.Гамзатов 2.Тәрбие басы –тіл Ж.Баласұғұн 3. Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі . Жүсіпбек Аймауытұлы Мәнерлеп өлең оқыту 1-оқушы: Ана тілім-қазақ тілім, туған тіл, Мақсат Қасиетті тіліміздің мәнін біл. Ана тілді құрметтеңдер адамдар Заманға сай өзге тілдің бәрін біл. 2-оқушы: Ана тілің-біліп қой, Ақару
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің-біліп қой,
Мақтанышың,елдігің. 3-оқушы: Ана тілің арың бұл, Нұрасыл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте. 4-оқушы: Ақыл-ойын дананың, Ересіл Ана тілден аламын. Ана тілім ардақты Ақ сүтіндей анамның.

4-оқушы:Өсірген ой-білімді, Айша


Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
Ән: «Рух пен тіл» 1.Табиғаттың өзгермейтiн заңына бұр бетiңдi,
Қай кезде де туған тiлiң туған анағ секiлдi.
Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,
Олар елiн,тiлiн қорғап жанын қиған бұл жерде. Қайырмасы: Ұлтсыздану заманында,
Тiлiң нарық табанында,
Көнбестiк бар қадамыңда 
Рухынды басып кеттi қарын.
Тiлiңдi жоғалтсаң,
Дiлiңдi жоғалтсаң
Жоғалтасың, жоғалтасың бәрiн. 2.Адам қанша болғанымен дарынды әрi табанды,
Туған жерiн сүймей тұрып сүймек емес ғаламды.
Өзге ананың мазмұнына,мерейiне тор құрар,
Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.
3.Нарық-ғасыр бәрiн сатып жiбере ме алтынға,
Кiм қалады сол алтығга сатылмайтын қалпында?
Жалғандык бар ұлтсыздардын беделi мен даңқында,
Ана тiлiн сыйламаған сыйламайды халқын да. Тәрбие сағатымызды ары қарай 2-4 сынып оқушылары арасында «Тіл білгірі» сайысымен жалғастырамыз. Ол үшін әр сыныптан 2 оқушыдан таңдалып алынады. (қағазға аттарын жазып таңдау)
Ана тілі  қазағымның қаймағы,
 Тілің сенің өміріңнің айғағы.
 Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
 Әр сыныптың білгірлері шығады. -Бүгінгі біздің сайысымыз 3 бөлімнен тұрады: 1.Сұрақ-жауап бөлімі.
2.Ойлан тап.
3. Ойтолғау. Енді сайысымызды бастамас бұрын әр топ өздерін таныстырулары керек. Таныстыруларының ішінде мақал-мәтелдер болуы шарт. І бөлім. Сұрақ-жауап:
    — Тақтада «ТІЛ» деген жазу бар. Әр топ кезектесіп, бір – бірден  әріп таңдайды. Әр әріптің  ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа үш сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болуы керек. Т 1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)
2. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.
3. Жаңылтпаш айт. І 1. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)
2. Алғашқы есептеу құрылғысы …..  (саусақ). 3. Тіл туралы мақал – мәтел айт. Л 1.Тіл туралы Заң   қашан қабылданды? (1989ж. 22 қыркүйек)
2. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата. (3, 7, 9, 40)
3. Жұмбақ жасырыңыз
ІІ бөлім.   «Ойлан тап».
 1.Жыланды қалай інінен шығарамыз?
(Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2.Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)
3.Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дейді)
4.Ең тәтті не?
(Ананың сүті тәті,баланың тілі тәтті)
5.Қар жана ма?
(Қалауын тапса,қар жанады)
6.Оттан да  не ыстық?
(Отан оттан да ыстық)
7.Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді)
8.Кімнен кім жаман?
(Олақтан салақ жаман)
9.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
(Шашу оңай,жинау қиын)
10.Білгенің қанша,білмегенің қанша?
(Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз)
11.Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр?
(Көз қорқақ,қол батыр)
12.Отқа түсіп күймеуге бола ма?
(Отан үшін отқа түс күймейсің)
13.Көрдім,көрмедім деген неше сөз?
(Көрдім деген көп сөз,көрмедім деген бір сөз)
14.Ер қаруы неше?
(Ер қаруы бес қару)
15.Етікті қонышынан басуға бола ма?
(Қолыңнан келсе, қонышынан бас) ІІІ бөлім. Ойтолғау. (оқушылар мына тақырыптың кез-келгенін таңдап алуына болады)
Тақырыптар: Мейірімді  ана
                          Доссыз өмір – тұл
                          Менің  елім — Қазақстан
                          Кітап – білім бұлағы
                          Тіл – асыл ойдың бұлағы
Әр топ шығармаларын жазып болғанша көрермендерге сұрақтар қойып шешкіземін.

1.Қаңтар айы жылдың нешінші айы? – он бірінші ай


2. Алланың елшісі кім? – Мұхаммед
3.Қазақтағы үш арсыз не ? – ұйқы, тамақ, күлкі
4. Жер бетіндегі екі мәңгілік не? – ай мен күн
5. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы
6.8-наурыз  қандай мереке? – Халықаралық әйелдер күні
7.Жеті қазынаға не жатады? – ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы
8.Қазақтағы үш қонақ – 1.арнайы қонақ, 2. Құдайы қонақ, 3.Қыдырма қонақ
9. «Жабағы жүн» дегеніміз не? – қойдың көктемгі жүні
10. «Сұлу» сөзінің синонимі – ажарлы, көрікті, келбетті, дидарлы
11. Кісі елінде сұлтан болғанша,……………..
12. 30 тамыз қандай мереке? – Қазақстан Республикасының Конститутциясы күні
13.Он екі мүшеге не жатады? – бас, екі көз, екі құлақ, мұрын, ауыз, екі қол, ден, екі аяқ 14.Тонның ішкі бауындай (тату). 15.Тайға таңба басқандай (анық, дәл). 16.Бармағын тістеді (өкінді). 17.Төбесі көкке екі елі жетпеді (қуанды). 18. Беті бүлк етпеді (ұялмады). 19.Кірпік ілмеді (ұйықтамады). 20.Үріп ауызға салғандай (әдемі). Ұйқасын тап ойыны
Ана тілін білмеген адам -Ештеңе сезбейтін надан. Түк сезбеген балаң -Жақсылық көрме одан. Жүйріктілді ақын бол. –Жақсылыққа жақын бол. Достарыңмен тату бол. –Дұшпаныңа қату бол. Ақындардың бірі бол -Туған елдің ұлы бол. Туған жердің гүлі бол. –Азамат бол ірі бол. Ән: «Жаса тілім» 1.Жастарының жалыны бар,

Қарттарының қадірі бар,

Жақсылыққа жаны құмар,

Жаса қазағым!

Тарихының тамыры бар,

Дәстүрінің тәлімі бар,

Сақ пен ғұнның сарыны бар,

Жаса қазағым!



Қайырмасы:

Жаса, жаса қазақ тілім!

Жаса, жаса ғажап дінім!

Баянды боп, азат күнің,

Бағың таймасын!

Жаса, жаса рухты халқым!

Жаса, жаса құтты салтым!

Айдан асып мықты даңқың,

Жаның жайнасын!

2.Көсемдері кесім берген,

Керуен тартып, көшін керген,

Төрт түлігі төсінде өрген,

Жаса қазағым!

Ту көтеріп, тұлпар мінген,

Саят құрып, сұңқарды ілген,

Күй төгіп, ән шырқап жүрген,



Жаса қазағым! -Осы сайыс жеңімпаздары «Тіл білгірі» атағына лайық  деп, ортаға қол соғып, шақырайық. Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз. Сайыс жеңімпаздарын қорытынды концертте марапаттаймыз.
Мұғалім сөзі:
-Тіл-байлығымыз, тіл-тарихымыз, тіл-мәдениетіміз,тіл-әдебиетіміз. 
Тіл біздің ұлттық намысымыз, арымыз қорытып айтсақ,барымыз.
Қазақстанда қазақ тілінің үстем болуын еш уақытта ұмытпауымыз керек.
«Тіл мерейі-ел мерейі» Мемлекеттік тіліміз ана тілінің мерейі үстем бола берсін.
«Өзге тілдің бәрін біл ,өз тіліңді құрметте!-дегендей өз тілімізді құрметтеп өсейік. «Тіл-ұлы байлық» атты тәрбие сағаты аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!
Каталог: uploads -> doc -> 0506
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0506 -> Бағдарлама: «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»
0506 -> Сабақтың тақырыбы: Тағамдар сусындар әлемінде Күні: 06. 04. 2017 ж


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет