Пікірталас тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте...»
Қатысушылыр: 8-11 сынып оқушылары Мақсаты: Оқушыларға тілдің маңызын түсіндіру, оқушылардың ана тілі туралы ой-пікірлерін білу, оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы адамдардың тіл туралы айтқан нақыл сөздері, видеоролик
Жүру барысы
Ұйымдастыру бөлімі.
Жүргізуші сөзі: Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:
Ана тілің – арың бұл Ұлтың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте – деген тұжырымы бұл. барлығымызға қойылатын талап. Осы мақсатта бүгінгі пікірталасымыздың тақырыбын да осы тілге байланысты алып отырмыз. Алдымен осы ана тіліміз туралы біздің ақын жазушыларымыздың нақыл сөздерін есімізге түсірейік.
«Әр халықтың ана тілі білімнің кілті…. Біздің жастарымыз ана тілінде жетік, білімді , мәдениетті болсын…»
Ахмет Жұбанов
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Бауыржан Момышұлы
«Ғашықпын қазақ тіліне! … Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады?»
Нұртас Оңдасынов
«Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеру керек».
Ғабит Мүсірепов.
«Тілді меңгеру үшін оған өзіңнің жүрегіңді ашуың керек». Нұрсұлтан
Назарбаев
2.Негізгі бөлім
Міне, қазақ тілі туралы қандай тамаша сөздер айтқан ағаларымыз. Ал енді осы тіл мәселесі туралы сіздердің пікірлеріңізді тыңдап көрейік.
Пікірталасқа қатысушылар ойы. Қосымша залда отырған көрермендер ойы.
3.Қорытынды сөз: Жүргізуші: Бүгінгі пікірталасымызды ақын Жомарт Зияшұлының өлеңімен аяқтағым келеді. Осы өлең өз тілін менсінбейтін, ана тілінде сөйлемейтін кейбір қазақ бауырларға қамшы болсын.
Барша халық бас иетін,тілдің асыл қасиетін, Ардақтаумен, салмақтау, ей, азамат сенің ұлы парызың. Біздің тілдің көкейінде айтылмаған арыз үн, Туған тілді таптағандар тартар әлі жазығын. Өз тіліңнің сақта, қорға құрып тұрған тағдырын, Селсоқтық пен немкеттілік өркендеудің қас жауы. Халық деген парасатпен салауаттың сарқылмайтын астауы, Ұлттық тілің, ана тілің мынау жалпақ әлемде, Мәдениет пен өркениеттің бастауы. Тіл мен ақыл бір-бірімен мәңгілікке тамырлас, Ол екеуін ұштастырмай сенің басың қамыр бас. Ғалым болып жеңіп «Нобель» алсаң да, Сенің тұла бойыңнан, оқтай ұшқыр ойыңнан, Тілің салған қара дағың арылмас. Ана тілін, дана тілін дәріптеген халықтың, Нұрын төгер төбесінен жарық күн. Төл тіліңнің қабы түзу шықпаса егер жаңқасы, Ұрпағыңның толы болар ақыл дейтін қалтасы, Толы болар Қамбасы. Қазақтардың өз тілінде мүлдем сөйлей алмауы, Туған тілдің құнын айтар тоңбасы. Құрдым деген қасиетін жоя алмасын өзектің, Біз ұрпағы емес пе едік қазақ деген өжеттің. Зор қайғылы болсадағы қазақша, Замана айтып зарлағанға не жетсін.
Жүргізушілер: №22 ортамектептің орыс тілі пән мұғалімі Керейбаева Айнұр Мұратқызы
Қазақ тіл пән мұғалімі Қызыр Айдос
Достарыңызбен бөлісу: |