Негізгі ұлпа → сіңіру→фотосинтездеуші →қорға жинаушы →газ алмасу қызметін атқарады.
Алмұрт, шетен, беже (айва) жемістерінің жұмсақ етіндегі қатты қиыршық жасушалар – тірек ұлпа. Жаңғақ, шие, өрік, алхоры, шабдалы жемістеріндегі қатты сүйегі тірек ұлпасына жатады. Су өсімдігін судан шығарып алса тез солып қалады, себебі тірек ұлпасы жетілмеген
Өсімдіктердің ұзарып өсуі, ағаштың жуандауы, жас жапырақтардың үлкеюі түзуші ұлпаға қатысты.
Сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан түзуші ұлпа жасушалары ерекше болады: өте ұсақ, қабықшасы жұқа, вакуольдері де ұсақ, ядросы жасушаның дәл ортасына орналасады. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-бірімен тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады.
Өсімді мүшелер екі түрлі жүйе құрайды: өркендер жүйесі (сабақ, жапырақ), тамырлар жүйесі (тамыр). Олар өсімдікке өсу, қоректену, көлемін ұлғайту және тіршілігін сақтап қалу үшін қажет.