Футбол ойынының тактикасы



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі47,5 Kb.
#97632
Байланысты:
Футбол тактикасы



Футбол ойынының тактикасы 
 
Егерде жас футболшы допқа ие болуды, тез жүгіруді жəне жоғары секіруді үйреніп алса, 
ол ойынды өзінің бес саусағындай біліп алады деп айтуға болмайды. 
Егерде футболшы алаңға есеппен қозғалса, өзінің қозғалысын, күшін жəне техникалық 
əдісін ойынның жағдайымен салыстыратын болса, онда оны жақсы ойыншы деп санауға 
болады. Сондықтан əр бір жас футболшы өзінің техникалық əдістерін үйрене бермей жəне 
физикалық қасиеттерін жақсарта бермеу керек, сонымен қатар ол ойынның тактикалық 
сырларын түсіну керек. Яғни дұрыс орын таңдап алу, мезгілінде əріптестеріне допты беру, 
қақпаға жақсылап доп соғу керек. Ең бастысы əр бір ойыншы ойынды жақсы «оқу» білу 
керек. Яғни ойын барысында əріптестерін жəне қарсыластарының ойларын байқап жүру 
керек. 
Футбол – ол ұжымдық ойын. Сондықтан əр бір ойыншы өзінің индивидуалдық қадамын 
ұжымдық жəне командалық тактикаға келістіре білуі керек. 
Тактика команданың доп жүргізу мəнін жəне əр бір ойыншының нақты міндетін белгілейді. 
Сол үшін əр бір ойыншы əр түрлі футбол жүйесі туралы білуі қажет жəне ол ойынның 
басты принциптарын қорғауда жəне шабуылда білуі керек. Бутболшы алдағы жəне 
арттағы қатардағы ойыншылардың міндеттерін білуі керек. Қарсыласқа жүргізілетін 
күрестің əр бір əдісін тактика деп атауға болады. Мақсатпен құрылған тактика ойлаған 
нəтижеге жеткізеді, ал мақсатсыз тактика оған жеткізбейді. Сонымен тактика дегеніміз 
қарсыласпен күресе білу. Футбол ойынының тактикасы ол өте үлкен жетістікпен ойнау. 
Футбол тактикасының негізінде жатқан білім жиынтығы үлкен емес, əр ойыншыға қол 
жетерліктей. Басты мəселе осы білімді ойында жүзеге асыру. 
Футбол ойынының тактикасы ол команданың ойын мүмкіндігін толығымен пайдалану жəне 
ойынды қарсыластың жағдайына қарап келтіру. 
Бұл ойында нақты шабуылдау жүйесінде допты беру, ойыншылардың доппен, допсыз 
қозғалысында, қақпаға доп бағыттауында жəне қорғаныста да көрінеді, қозғалыстардың 
гол соғуынан айыру. 
Осыған байланысты команда қандай да тактикалық жүйеде ойнаса да олардың ойын 
жүйесі көп гол соғу жəне қарсыластарына гол соққызбау. 
Осыған орай команда ұйымдасқан түрде өзінің шабуылдаушыларына қарсыластар 
қақпасына гол соғуына мүмкіндік туғызуы керек. Ал қорғаныс тактикасы қарсыластарға гол 
соққызбау. 
Қақпаға гол соғу үшін шабуылдаушы əр түрлі ұрымтал тұстан табыла білуі керек. Бұндай 
кезде ойыншының ұрымтал тұсты таңдай білуі тұрақты емес, ол ондай кезеңде пас 


алғанда таба біледі. Ал қорғаушылар ондай оңаша, ашық тұрған ойыншыларды жабуға, 
олардың доп алып жүруіне мүмкіндік бермейді. 
Қарсыластар қақпасына доп жақындату техникасы ол соққы жəне доп алып жүру. Бір 
ойыншыдан екінші ойыншыға доп беру ол – пас, ал допты ашық алаңда алып жүру ол – 
доп қуу, ал допты қарсылас жанынан алып өту – алдау деп аталады. 
Футболдың қарапайым тактикасы «соққы жəне жүгір» деген бұрығы допты өз бетімен 
теуіп, ешкімге арналмаған пас беру келмеске кеткен футбол басынан өткерген дəуір. 
Қазіргі жаңа тактика негізінен пас беруде, ойыншылардың алаңда дұрыс қозғалысы, доп 
ала жүру жəне алдауына құрылған. Комбинацияда қолданылған шаблон нəтижеге 
жеткізбейді. Бір команданы жеңіске жеткізген тактика екінші бір командаға кері нəтиже 
береді. Бір командамен ойындағы тактика жеңіс əкелсе осы тактика келесі командамен 
ойында жеңіс əкелуі керек. 
Футбол – ойын, ал ойында өнер. Тактикалық комбинация ол жеке ойыншыдан да ұжымдық 
қасиеттерден жəне футболшылардың күш жұмсауынан құрылады. Комбинациялар 
ойынның өзінде оның қарсыластар командасына қарамастан құрылады. Осы ойын 
барысын бағдарламай комбинацияларды алдын ала ойлап алу мүмкін емес. Алайда осы 
жағдайларға қарап алдын ала ойланған тактикалық комбинациялар жүзеге аспайды деуге 
болмайды. 
Футбол жарысында ойыншы əр түрлі тактикалық əдістер мен шешуші комбинацияларды 
қолдана білу керек. Ойын өз бетінше творчестволық үрдіс болғандықтан ондағы 
комбинацияларда шек жок. Футболдағы ойын басымдылығы қай команда доппен қалай 
өнер көрсетуіне байланысты. Қандай да болмасын шабуыл комбинациясының тактикалық 
қимылы ол доп алып жүру, пас, алдау, ұрымтал орын таңдай білу, қарсыласпен доп үшін 
күрес, қақпаға доп бағыттауға байланысты. Əр ойыншы қарапайым тактикалық əдістерді 
игеруі керек жəне олармен ойын барысында пайдалана білуі керек. Бұл оның басқа да 
əріптестерімен тіл табысуына керек қасиет. 
Тəжірибеде футболшылардың мынандай қасиеттері қаралады: 
а) допқа талас кезінде қарсыластарына қарағанда ұрымтал орынды таңдай білуі; 
ə) əр түрлі доп беру кезінде дұрыс қабылдау; 
б) доппен алдаса жəне алып жүре білу; 
в) өзбетінше тактикалық мақсатты орындау үшін дұрыс кезеңді таңдай білу; 
Осылардың барлығын командастарымен тығыз қарым-қатынаспен жүріп орындау керек. 
Ойын барысында ойыншы дұрыс шешім қабылдау үшін ол өзінің командастарын қай 


жерде орналасқанын, қарсыластарын доптың қай бағытқа пас берілетінін, жалпы бүкіл 
ойынды бақылауы керек. Осыған орай ол өзінің байқай алмайтын алаң бөлшектерін 
жобалап ұға білу керек. 
Ойын барысын ұға білу өте қажетті комбинацияларды орындауға қажет. Ойын алаңын 
байқай алу туғанна болатын қасиет емес, ол біртіндеп оқу-жаттығу кезінде қалыптасады. 
«Футбол» ол əдістер күресі, ойыншылар творчествосы, ол қарсыластар жəне 
əріптестерінің комбинацияларынан құралған. 
Футбол ойыны өте динамикалық жəне эмоционалды. Ойыншыларға əр түрлі техникалық 
əдістерді, белгілі тактикалық бағыт беріп қолдану, əріптестерімен түсінісе білу қажет. 
Əйтпесе бір қателік бүкіл ойын жоспарын бұзады. Алайда осы айтылған қимылдардың 
барлығын ойыншылар тыныш ойын барысында емес, қиын спорттық күресте орындайды. 
Ойын барысында ойыншылар психикасына əр түрлі сыртқы жəне ішкі күштер түседі. Ол 
күштер техникалық əдістерді қолдауға, тактикалық жоспарды шешуде зор əсер береді. 
Ондай күштерге ойынның басқаша өтуі, төрешілердің ір əрекеті, жанкүйертер, қолайсыз 
ауа райы жатады. Осылар ойыншының ойын кезіндегі көңілдің қобалжуын туғызады, ол 
біртіндеп басқа ойыншыларға қарап бүкіл командаға кері əсерін тигізеді. 
Сондықтан жаттықтырушы əр футболшыны осындай ауыртпашылықтарға төзімді, 
шыдамды болуға үйрету керек. Ойыншылар жаттығу жарысында өзінің шамасына қарай 
жасау емес, оған да жоғары жасауға тырысуға үйренген болуы керек. 
Əр ойыншы доп алғанда тез ғана ойланып ол допты ары қарай беруді жəне келесе допты 
қабылдауға дайын болуы керек. Бұндай жаттығулар жылдам ойын жасау үшін қажет. 
Ойын барысында творчестволық, жылдам жəне тез кездескен қиындықты шешу керек. 
Футболшылар əр түрлі тактикалық қимылдар жасағанда, өзінің көз қарсыластары күтпеген 
жəне осы уақытта ойын жағдайын өзгертетін болуы қажет. 
Тактикалық дамыған ойыншы өзін алаңда, қарсыластарға қарсы жақсы көрсетеді. Оны 
ойын жылдамдығы, ауыртпашылығы өзгерте алмайды. Ондай ойыншының 
творчествосында ұжымдасып ойнау жəне жеке комбинация жасау жоғары дамыған. 
Футболдағы комбинациялар өте əр түрлі. Олардың көбісі тəжірибеде дайындалып жалпы 
тактикалық жаттығуға кірген. Алайда ойындағы қайталанбас жағдайлар ойыншылардың 
жеке творчествалық инициативасы жаңа-жаңа тактикалық əдістер тудыруда. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет