ҰЛпалар slides kz Ұлпа дегеніміз не?



Дата13.01.2022
өлшемі358,5 Kb.
#111561
Байланысты:
Ұлпалар

ҰЛПАЛАР

  • Slides.kz
  • Slides.kz

Ұлпа дегеніміз не?

  • Ұлпа - (грек. hіstos; лат. textum) — өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі.
  • Ұлпаны атқаратын қызметіне, шыққан тегіне, морфологиясына, т.б. қасиеттеріне байланысты бірнеше топқа бөледі. Егер Ұлпа біркелкі жасушалардан құралған болса, оны жай (колленхима), ал бірнеше жасушалардан тұрса — күрделі (эпидерма) деп жіктейді. Негізгі Ұлпалар атқаратын қызметіне байланысты ассимиляция, сіңіргіш, қорлық заттар жинаушы, ауа ұстағыш болып ажыратылады.
  • Жоғары сатыдағы өсімдіктер Ұлпалары 5 түрге бөлінеді:
  • меристемалық
  • қорғаныш
  • механикалық
  • өткізгіш
  • паренхималық
  • Өсімдіктердің бір ерекшелігі — олардың тұрақты өсу қасиетін бөлінуге қабілетті меристемалық Ұлпаның болуына байланысты.
  • Slides.kz

Қорғаныш Ұлпа

  • Қорғаныш (жамылғы) Ұлпалары өсімдіктің ішкі Ұлпаларын сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды. Эпидермис және тамырдың эпиблема Ұлпасын бастапқы жамылғы, ал көп жағдайда оның бет жағында түрліше қызмет атқаратын түкшелер, балауыз тәріздес кутин қабаттарын кутикула деп атайды. Жапырақ эпидермисі қорғаныш, газ алмасу, транспирация, ал кутикула Ұлпаға микроорганизмдердің, т.б. зиянкестердің енуіне қосымша кедергілік қызметін атқарады.
  • Slides.kz

Механикалық Ұлпа

  • Механикалық Ұлпалар тіректік қызмет атқарып, жел, жаңбырға төтеп беріп, органдардағы жасушалар мен ұлпаларды, орган бөліктерін біріктіреді. Жасуша қабығының қалыңдап қатаюы, сүректенуі механикалық Ұлпаның анатомиялық ерекшелігінің бірі болып саналады.
  • Механикалық Ұлпалардың 3 түрі бар:
  • колленхима
  • склеренхима
  • склерейдтер
  • Slides.kz

Өткізгіш Ұлпа

  • Өткізгіш Ұлпалар өсімдік денесінде суды, минералдық, органик. заттарды тасымалдау және органдарды біртұтас жүйеге біріктіру қызметін атқарып, өсімдіктерде түтікті талшықты шоқтарға жинақталады. Сондай-ақ жасушалар жиынтығынан (шірнеліктер, безді талшықтар) немесе дара жасушадан (идиобластар) тұратын секреттік Ұлпалар болады. Ұлпаның сапалық өзгешеліктері жасушадағы гендердің ерекше ырықтылығына негізделген. Ұлпа құрамындағы кез келген жасуша оның геномында тұтас организмнің дамуы жөніндегі ақпарат болатындықтан, бүтін органның немесе организмнің бастамасы бола алады. Бірақ бұл қасиеттің жүзеге асуы фитогормондардың, метаболиттердің және олардың физикалық, химикалық жағдайларының өзара үйлесімдігіне тығыз байланысты. Ұлпаның даму жолдарын зерттеуде жасушаларды іn vіtro жағдайында өсіру арқылы жүргізу ядродағы генетик. бағдарламаны толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұлпаның пайда болып, дамуын гистогенез, ал бұл процестерді тереңдетіп зерттейтін ілімді — гистология деп атайды. Өсімдіктер Ұлпасын, олардың атқаратын қызметі мен құрылысын өсімдіктер анатомиясы зерттейді.
  • Slides.kz

Дәнекер ұлпасы

  • Дәнекер ұлпасы (textus соп- nectivus; лат. textus — ұлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады.
  • Slides.kz

Негізгі ұлпа

  • Өсімдіктің әртүрлі оргаңдарының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Сонымен бірге оларды орындаушы паренхима, негізгі паренхима, немесе жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар клетка қабықшалары жұқа болып келетін тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың клетка аралық қуыстары болады. Паренхималық клеткалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор заттары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқада қызметтер атқарады. Негізгі ұлпалардың мынандай түрлері болады.
  • Ассимиляциялык, немесе хлорофилл түзетін, паренхима (хлоренхима).
  • Ассимиляциялық паренхималардың клеткаларында хлоропластар болады. Олар фотосинтез процесін іске асырады.
  • Қор жинаушы ұлпалар. Негізінен сабақтың өзегінде, тамырдың тоздық бөлігінде, сонымен бірге көбею органдарында дәндерінде, жемістерінде, баданаларында, жерасты түйнектерінде және басқаларда жиналады Қорлық ұлпаларға гпөлді аймақтарда өсетін өсімдіктердің бойына су жинайтын ұлпаларында жатқызуға болады (кактустардың, алоэнің және т.б.).
  • Сорушы ұлпалар. Бұл ұлпаларға тамырдың, тамыр түктері бар аймағындағы (зонасындағы) клеткалардың (эпиблема) тобы жатады
  • Ауалык ұлпа (аэренхима). Бұл ұлпа өсіресе өсімдіктің су асты органдарында, ауадағы және тыныс алу үшін қажетті тамырларында жақсы жетілген (41-сурет). Олардың клетка аралық қуыстары аса үлкен болып келеді және өзара байланысып, ауаны тазартып тұратын бір жүйе түзеді.
  • Slides.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет