ЖАСУШАЛАР МЕН ҰЛПАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Жасушалар мен ұлпаларға цитологиялық және гистологиялық
зерттеулер жүргізу барысында әртүрлі
микроскоптар
қолданылады. Оның
екі түрі бар: жарық сәулелі және электрондық.
Жарық сәулелі
микроскопты қолданғанда объектіге сәулені түсіру үшін сәулелер шоғыры
қолданылса,
электрондық
микроскопта
-
электрондар
шоғыры
қолданылады. Жарық сәулелі микроскоппен зерттеу 2 бӛлінеді: стандартты
жарық сәулелі микроскоптау және жарық сәулелі микроскоптаудың
арнайы әдістері. Екі жағдайда да сәулелер
шоғыры микроскоптың
конденсоры арқылы ӛтіп, жинақталып, гистологиялық
препарат арқылы
ӛтіп, содан кейін объектив арқылы ӛтеді. Объективте кӛрінген
гистологиялық препараттың кӛлемі окуляр арқылы да ұлғайады.
Микроскоптың мүмкіндігін сипаттайтын екі негізгі көрсеткіш:
1. Жалпы ұлғайту мүмкіндігі – микроскопта бейнеленген объектінің
жазықтықтағы кӛлемі мен осы объектінің нақты кӛлемінің арақатысы.
Жарық сәулелі микроскоптың жалпы ұлғайту мүмкіндігі 2500 есе, ал
пайдалы ұлғайту мүмкіндігі (гистологиялық
объектінің құрылысын анық
кӛру) 1500 еседен аспайды.
2. Анық кӛрсету мүмкіндігі – объектідегі екі нүктенің ең аз
арақашықтықта жеке кӛрінулері. Микроскоптың объектіні ұлғайтып, анық
кӛрсету мүмкіндігі - маңызды кӛрсеткіші.
Оны мына формула бойынша
есептейді:
d=
/2
,
d
- объектідегі нүктелердің анық жеке кӛрініс беру
қашықтығы,
-толқын ұзындығы.
І.3 Жарық сәулелі микроскоппен зерттеу түрлері
1
.
Жарық сәулесімен
стандартты микроскоптау
- гистологиялық
объектілерге сәулені бағыттап түсіру кезінде, жарық спектірінің кӛрінетін
бӛлімі ғана қолданылады. Оның ұзындығы орташа 0,4 мкм, яғни жарық
сәулелі микроскоптың анық кӛрсету мүмкіндігі шамамен 0,2 мкм тең.
Сондықтан, жалпы ұлғайту мүмкіндігі 2500 есе (пайдалы үлкейту
мүмкіндігі - 1500 есе, 8
сурет).