1.Мәтінді шығарудың логикасы.
Сот процесі – шешендік өнер қағидасына сай сөз жарыстыру кеңістігін құрайды. Сотқа қатысар қарсы тараптар айтыс-тартысқа барып, түйінді сөз айтуы тиіс. Осындайда судьяларға, айыптаушылар мен қорғаушыларға шешендік өте-мөте қажет болады. «Қабуснама» мұндай шеберлік жайында барынша төгілдіріп айтады. Оны мына жолдардан айқын байқауға болатындай: «Өз көзқарасыңды қорғауға мықты бол. Екі түрлі түсінігі бар сөзге қанағаттанушы болма, сенімді адамдардың хаты болмайынша, естіген жел сөздерді басшылыққа алма. Жан күйдіріп сөйлеме. Егер біреумен сөз жарыстырғың келсе, қарсыласыңды байқа, егер онымен тартысуға күшің жетсе, айтқан сөзіңді бірнеше нақты мысалдармен дәлелдеп сөйле. Немесе сөзіңді қысқартып, бір мысалмен ғана шекте, әр сөзіңді бір-біріне қарсы қойма. Алғашқы айтқаныңды соңғы сөзің жоққа шығармасын. Сөз жарысында себептілік пен себепсіздік, мүмкіндік пен мүмкінсіздік қосылып кетсе айыбы жоқ. Сөзіңнің түпкі мақсатын айқындай баяндап, көркем сөйлеуге тырысқын. Тым ұзақ немесе тым қысқа және мағынасыз сөз сөйлеме.
2. Жауап алу хаттамасының нұсқасы.
1.Жауап алудың барысы мен нәтижелерi Жауап алу туралы Кодекстiң 199-бабының талаптары сақтала отырып жасалатын хаттамада көрсетiледi.
Айғақтар бiрiншi жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады. Сұрақтар мен олардың жауаптары жауап алу кезiндегi ретi бойынша жазылады.
2. Бірінші жауап алу хаттамасында жауап алынып отырған адамның жеке басы туралы деректер, оның iшiнде: тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған уақыты мен жерi, азаматтығы, ұлты, бiлiмi; отбасылық жағдайы, жұмыс орны, қызмет түрi немесе лауазымы, тұрғылықты жерi.Кейiнгi жауап алулар кезінде жауап алынып отырған адамның жеке басы туралы деректердi, егер олар өзгермеген болса, оның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсетумен шектелуге болады.
3. Жауап алынып отырған адам схемалар, сызбалар, суреттер, диаграммалар жасай алады, олар хаттамаға қоса тiркеліп, онда бұл туралы белгi жасалады.
4. Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адамдар көрсетіледі. Олардың әрқайсысы хаттамаға, сондай-ақ оған жасалған барлық толықтырулар мен нақтылауларға қол қоюға тиіс.
5. Еркін баяндаудан кейін жауап алынып отырған адам өз айғақтарын өз қолымен жазуға құқылы. Жауап алынып отырған адам айғақтарын өз қолымен жазғаннан және оларға қол қойғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам толықтырушы және нақтылаушы сұрақтар қоюы мүмкін.
6. Жауап алу аяқталғаннан кейiн хаттама оқып шығу үшiн жауап алынып отырған адамға ұсынылады не оның өтiнуi бойынша жарияланады. Жауап алынып отырған адамның хаттамаға толықтыру мен нақтылау енгiзу талабы мiндеттi түрде орындалуға тиіс.
7. Айғақтармен танысу фактiсiн және олардың жазылуының дұрыстығын жауап алынып отырған адам хаттаманың соңында өз қолын қою арқылы куәландырады. Жауап алынып отырған адам сонымен қатар хаттаманың әрбiр бетiне де қол қояды. Жауап алынып отырған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бас тарту себептерiн анықтайды, оларды хаттамаға енгiзедi және хаттаманы өзiнің қолымен куәландырады.
8. Егер жауап алынып отырған адам дене бітімінің кемiстiгiнен немесе өзге де себептердің салдарынан хаттамаға өзi қол қою мүмкіндігінен айырылса, оның өтiнуi бойынша хаттамаға қорғаушы, жауап алынып отырған адам сенетiн өкiл немесе өзге адам қол қояды, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
9. Егер жауап алуға аудармашы не сурдоаударма дағдыларын меңгерген адам қатысса, онда олар да хаттаманың әрбiр бетiне және тұтас хаттамаға қол қояды. Олар жауап алынатын адамның өз қолымен жазған айғақтарының аудармасына да қол қояды.
3. Сөз мәтінін айқын баяндай білу.
Құқықтық нормаларды жасау, негіздеу және қолдану барысында, заңгер ауызша және жазбаша мәтіндермен жұмыс істейді. Кез келген мәтін бірізді және дәлелді ойлар негізінде құрылады. Мәтін сөздері бір-бірімен байланысуы керек.Мәтіннің бірізділігі мазмұн элементтерінің ретімен орналасуын көрсетеді. Мәтіннің абстракталы композициялық схемасы келесі түрге ие:
Тақырып
|
Кіші тақырып 1
|
Кіші тақырып 2
|
Кіші тақырып 3
Мәтіннің негізгі бөлімі оның мазмұнын ашады. Бұл бөлім өте маңызды әрі көлемді болып келеді. Тақырыпқа орай жіктеме, типология, мүшелеу, кезеңдерге бөліну үрдістері жүреді. Негізгі бөлім талқыланушы мәселенің гипотезасынан құралады. Мәтін сызықтық-фактологиялық тізбекте құрылады: Мұнда әрбір үзінді алдыңғысымен логикалық-мағыналық байланысты болады. Мәтіннің қорытындысында қысқа әрі нақты пішінде негізгі бөлімде негізделген нәтижелер баяндалады.
4. Тергеу жұмысының психологиялық және сөйлеу шешендік ерекшелігі.
Алдан- ала тергеудегі тергеуші қызметгінің құрылымы психологиялық негіздері.Құқық қорғау органдарының кәсибі қызметі – мемлекеттік қызмет. Мемлекет бұл органдардың алдына белгілі мақсаттармен міндеттер қояды, олар азаматтар мен мүлікті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға басқару тәртібіне қарсы қылмыстарды ескертуге бағытталған. Мемлекеттік құқық қорғау органдарын қайта дайындайтын және жетілдіретін арнайы жүйелерді жасайды. Бұл талаптар құқық қорғаудың букіл жуйесіне және оның өр қызметкеріне қойылады.Қылмыстық процесс – бұл қылмыстық іс- жүргізу құқығының белгіленген ретпен сәйкес қылмыстық істер қозғалысының өздік өндірісі, бір сатыдан екінші сатыға өтуі. Қылмыстық процесс шегінде алдын- ала тергеу маңызды және көрнекті рөл атқарады. Алдын- ала тергеу бұл- белгілі бір мұратқа бағыттатлған процесс, оның мақсатты тергеуші осы шақта анықтаған іздері бойынша өтіп кеткен мән жайларды қалпына келтіру болып табылады. Тергеуші қызметіндегі психологиялық құрылымның негізгі анықтаушы құрам бөлігі оның әр түрлі фаюілерді жинап, зерттеудегі тану белсенділігі болып табылады. Тек алдын – ала тергеуде ғана өтіп кеткен мән-жайларының модельдерін құрастыру процесі өндіреді
5. Тергеушінің сөз мәдиенеті.
Тергеушіге қолдануға тура келетін заң тілінің өзіндік ерекшеліктері бар және ең қызықты, сонымен қатар ең қиын кәсіби тілдердің бірі болып есептеледі. Тергеуші мәдени сөйлеуге, өз ойын нақты және айқын білдіруге, сауатты болуға, сөз тізбегін логикалық жүйелі түрде құруға мүмкіндік беретін кәсіби терминдердің қажетті сөз қоры, қажетті заңдық түсініктері, сөз тіркесі, тұжырымдар, әртүрлі нормативті актілердің аттары бойынша жұмыс істеу (жаттау, есте сақтау және мағынасын түсіну) керек. Сөйлеу мәдениетінің негіздерін меңгерген тергеуші жеңіл сөйлей алады, кездесуді іскерлікпен өткізе алады, мінбелер мен дебаттарда дұрыс, қысқа да нұсқа және эмоциямен сөйлей алады. Тергеушінің сөйлеудегі қателіктері тергеу органдарының өкілдерінің беделіне нұқсан келтіреді, оларға деген сенімді жояды, олар мәдениетсіздік, жалпы құқықтық сауатсыздықты таратушыға айналдырады
6. Қылмыстық процессте құжаттарды құрастыруда ойды жазбаша жеткізу.
Кез келген, барынша айқын, ешқандай қиындық тудырмайтын қатардағы іс болса да, онымен тыңғылықты танысып алғандары жөн. Әсілі, бұлай, іспен егжей-тегжейлі танысу – сотта ұтымды сөйлеу кепілдерінің бірі болмақ.
Әрбір қылмыстық істің материалдарын жан-жақты игерудің мақсаты мынаған саяды: кәсіби шеберлікке тән қасиетпен сот барысында не тексерілетінін алдын ала болжай алу; айыптау қорытындысы шешімдерінің іс материалымен сәйкестілігін анықтау; іс бойынша барлық дәйектемелер мен дәлелдемелерді тергеушінің есепке алуын қадағалау; соттың алдын ала тергеуінде кемшін деген тұстарды толықтырудың қажетілігін айқындау. Істі етене жақсы білу процеске қатысушы басқа тараптардың жетегінде кетпей, сот тергеуінде өзіндік әдіс, тактиканы, позицияны таңдау үшін, сөз сөйлеудің мазмұнын айқындап, сөйлеуге жоспар құру үшін қажет-ақ.
Іспен танысу барысында алдымен қылмыстың неге, неліктен болғанын, сотқа нені, қалай дәлелдеген ләзім екенін, сот шешіміне қалайша әсер еткен дұрыс дейтін сауалдарға жауап іздеген құба-құп. Сот шешіміне әр түрлі дәйектемелер, дәлелдемелердің әсер етуі мүмкіндігін есте ұстап, ол үшін іс материалдарын еркін меңгеріп, сот процесіне белсене араласқандары ұтымды болмақ
.7. Сот жарыс сөзі.
Сот тергеуi аяқталған соң төрағалық етушi соттың сот жарыссөзiне көшетiнiн хабарлайды. Сот жарыссөзiне қатысушының өтiнiшi бойынша оған сот жарыссөзiне дайындалу үшiн уақыт берiледi, ол үшiн төрағалық етушi оның ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысында үзiлiс жариялайды. Сот жарыссөзi айыптаушының, жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң және азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, сотталушы мен қорғаушының сөздерiнен тұрады. Iске қатысушылардың сөздерiнiң реттiлiгiн олардың ұсыныстары бойынша сот белгiлейдi, бiрақ барлық жағдайларда бiрiншi болып айыптаушы сөз алады. Егер мемлекеттiк айыптауды бiрнеше мемлекеттiк айыптаушы қолдаса,iске бiрнеше жәбiрленушi, қорғаушы, азаматтық жауапкер мен олардың өкiлдерi, азаматтық талапкерлер мен олардың өкiлдерi, сотталушылар қатысса, төрағалық етушi өз сөздерiнiң кезектiлiгiн өзара келiсуi үшiн оларға уақыт бередi. Қажет болғанда бұл үшiн сот отырысында үзiлiс жариялануы мүмкiн. Егер аталған адамдар жарыссөздегi өз сөздерiнiң кезектiлiгi туралы келiсiмге келе алмаса, сот олардың пiкiрлерiн тыңдап болып, сөз кезегi туралы қаулы алады.
8. Сот процесіндегі айыптау сөзі.
Сот тілінің бір түрі – айыптау сөзі, ол сотта прокурордың сөзі ретінде анықталады. Айыптау сөзінде мемлекеттік айыптау қолданылады, жиналған дәлелдемелерге талдау жасалады, қылмыстың саралануына пікір айтылады, жазалау шарасы айтылады. Айыптау сөзі сотталушы жасаған әрекеттің қауіптілігін сотқа, сот талқылауына қатысушыларға көрсету үшін қолданылады.Логикалық тұрғыдан алғанда, айыптау сөзі – қылмыстық әрекет жасаған адамның жауапкершілігін негіздеу.Кез-келген айыптаудың негізі – бұл айыптау фабуласы, оның заңды құрылымы мен құқықтық саралануы. Айыптау фабуласы іс бойынша фактілерді анықтайды. Айыптаудың заңды құрылымы әрқашан бірдей болып келеді. Айыптау фабуласын құрайтын фактілерді анықтау мен олардың заңды белгілерін айқындау арқылы қылмыс құқықтық тұрғыдан сараланады.Құқықтық саралауәлдебір бап бойынша қылмысты негіздеу
9. Айыптау және ақтау сөздерінің құрылымдары.
Айыптау сөзінің композициялық құрылымының бар. Айыптау сөзінің құрылымдық элементтері мынадай: 1) кіріспе сөз; 2) қылмыс құамын баяндау; 3) іс бойынша дәлелдемелерді соттық бағалануы мен талдауы; 4) қылмысты саралау; 5) сотталушының тұлғасын, оның жасалған қылмысқа қатынасын, оның себептерін сипаттау; 6) сотталушының жауапкершілігіне қатысты ұсыныстар. ақтауы тиіс.
Қорғау қызметі үш кезеңге бөлінеді: 1) қорғаудың жалпы тұжырымдамасын құру; 2) қорғау тактикасын әзірлеу; 3) қорғау мен қорғау сөзін іске асыру.
10. Сөйлесу техникасы. Айыптау сөзі.
Сөйлеу техникасы ішінде тыныс алу мен дауыс таза физиологиялық табиғатқа ие, қажет жағдайда түзетіліп отырады.Әдетте, кәдімгі және сөйлеу кезіндегі тыныс алу түрлері болады. Егер біріншісінде дем алу – дем шығару – кідіріс кезектесе келсе, екіншісінде терең дем ала отырып, аз ғана кідіріс жасайды. Содан соң баяу дем шығарады. Орташа есепте дем толқыны 8-10 секундты алады, тәжірибелі шешендерде ол 20 секундқа дейін жетеді.Дауыстың кәсіби қасиеттеріне дыбыстылық, жеңілділік, икемділік, жатықтылық, әуенділік жатады. Сөйлеу мазмұнына сай келетін сөз тиімді болып келеді. Сөйлеу кезінде интонацияны өзгерту арқылы тыңдаушылардың қызығушылығы артады, шешеннің ой жүйріктігі көрінеді.
Сот тілінің бір түрі – айыптау сөзі, ол сотта прокурордың сөзі ретінде анықталады. Айыптау сөзінде мемлекеттік айыптау қолданылады, жиналған дәлелдемелерге талдау жасалады, қылмыстың саралануына пікір айтылады, жазалау шарасы айтылады. Айыптау сөзі сотталушы жасаған әрекеттің қауіптілігін сотқа, сот талқылауына қатысушыларға көрсету үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |