1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында



Дата21.09.2023
өлшемі23,83 Kb.
#181920
түріСабақ
Байланысты:
3 cынып бжб 1


Оқушының аты-жөні:_____________________________________
Сынып: 3___
І-нұсқа
1.Мәтінді тыңда.Тапсырмаларды орында.
Менің атым-Айдар. Жасым сегізде. Мен үшінші сыныпта оқимын. Уақытты дұрыс пайдалану үшін күн тәртібінің кестесін жасадым. Таңертең сағат 7-де тұрамын. Төсегімді жинаймын. Беті-қолымды жуып, таңғы асымды ішемін. Киініп, мектепке барамын. Мен бірінші ауысымда оқимын. Сағат 8-де сабақ басталады. Үйге келіп, түскі асымды ішемін. Біраз демаламын. Далаға шығып, серуендеймін. Үй тапсырмасын орындаймын. Бос уақытымда теледидар көремін. Ұйықтар алдында кітап оқимын. Сағат 10-да ұйықтаймын.
● Мәтінге сәйкес екі сөйлемді белгіле (ⱱ)
Мен екінші сыныпта оқимын
Таңертең сағат 8-де тұрамын
Сағат 8-де сабақ басталады
Бос уақытымда теледидар көремін
● Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.
1) Ол нешінші ауысымда оқиды?
_________________________________________________________
2) Ол далада не істейді?
________________________________________________________
2.Тірек сөздерге сүйеніп, күн тәртібің туралы әңгімеле.
Тірек сөздер: серуендеймін, таңғы ас, дұрыс пайдаланамын, жаттығу жасаймын, кітап, ұйықтаймын.
Оқушының аты-жөні:_____________________________________
Сынып: 3___
ІІ-нұсқа
1.Мәтінді тыңда.Тапсырмаларды орында.
Менің атым-Айдар. Жасым сегізде. Мен үшінші сыныпта оқимын. Уақытты дұрыс пайдалану үшін күн тәртібінің кестесін жасадым. Таңертең сағат 7-де тұрамын. Төсегімді жинаймын. Беті-қолымды жуып, таңғы асымды ішемін. Киініп, мектепке барамын. Мен бірінші ауысымда оқимын. Сағат 8-де сабақ басталады. Үйге келіп, түскі асымды ішемін. Біраз демаламын. Далаға шығып, серуендеймін. Үй тапсырмасын орындаймын. Бос уақытымда теледидар көремін. Ұйықтар алдында кітап оқимын. Сағат 10-да ұйықтаймын.
● Мәтінге сәйкес екі сөйлемді белгіле (ⱱ)
Мен үшінші сыныпта оқимын
Далаға шығып, ойнаймын
Мен екінші ауысымда оқимын
Ұйықтар алдында кітап оқимын
● Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.
1) Айдар нешінші сыныпта оқиды?
_________________________________________________________
2) Ол уақытын тиімді пайдалану үшін не жасады?
________________________________________________________
2. Тірек сөздерге сүйеніп, күн тәртібің туралы әңгімеле.
Тірек сөздер: серуендеймін, таңғы ас, дұрыс пайдаланамын, жаттығу жасаймын, кітап, ұйықтаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет