1 қосымша Республикалық «Үздік ашық сабақ» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарлар



Дата25.08.2017
өлшемі38,05 Kb.
#27136
1 қосымша

Республикалық «Үздік ашық сабақ» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарлар байқауының

ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережесі

1.1 Жаңартылған білім беру бағдараламасы аясында өткізілетін Республикалық «Үздік ашық сабақ» - жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған байқау (бұдан әрі – Байқау).

1.2 Байқаудың аудандық кезеңін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі ұйымдастырады.
2. Байқау мақсаттары

2.1 Орта білім беру мазмұныны жаңарту аясында қолданатын белсенді әдіс-тәсілдер мен өзінің іс-тәжірибесімен бөлісуге дайын педагогтерді анықтау;

2.2 Білім беру үдерісінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру;

2.3 Білім беру қызметкерлерінің кәсіби шығармашылық жұмысы – үздік жұмыстарды анықтау (сабақтың ең үздік жоспары, жарияланым).


3. Байқау қатысушылары

3.1 Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері байқау қатысушылары бола алады.

3.2 Аудандық білім бөліміне 2017 жылдың 11 ақпанына дейін қағаз (түрлі-түсті) және электрондық нұсқада біліктілікті арттыру курстарына жауапты әдіскер К.М.Медеровке өткізулеріңіз қажет

4. Байқауды өткізу шарттары

4.1. Байқау екі кезең бойынша өткізіледі:

1. «Үздік ашық сабақ» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарлар байқауы (электронды түрде және бейнетаспа түрінде қабылданады);

5. Бағалау критерийлері

Ашық сабақтарды бағалау критерилері:



  1. Жіберілген қысқа мерзімді жоспар ашық, толық жазылу керек;

  2. Сабақтың мазмұны сындарлы оқытудың қағидаларына сәйкес келуі керек;

  3. Байқауға ұсынылып отырған жарияланым оқу үдерісіндегі мұғалім мен оқушының жұмысы барысында пайдаланылуы тиіс;

4. Оқу үдерісіндегі критерилері;

5.Мұғалім шеберлігі;

6.Өтілген материалды оқушылардың өз бетінше меңгеруі және өзін өзі реттеуі;

7.Сабақта бағалау түрлерін тиімді пайдалануы;

8.Тапсырмалардың оқушы деңгейіне бағытталуы;

9.Мұғалім мен оқушы тарапынан кері байланыстың жасалуы;

10.Мұғалім өзінің сабағына талдауы (рефлексия);

11.Уақытты тиімді пайдалануы.


6. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

6.1 «Үздік ашық сабақ» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарының мәтін форматы А-4, шрифті Times New Roman, кеглі 12, жол аралық - 1,0 барлық жақтарынан 1,5 см кем емес. Титул беті жеке толтырылады.

6.2 Жарияланым форматы Microsoft PowerPoint.

6.3 Слайдта қатысушының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілуі қажет. Мысалы, Сұлтанова М.Қ.


7. Байқауды өткізу тәртібі мен қорытынды шығару

7.1 Байқауға өтінімдер мен жұмыстар 2017 жылдың 11 ақпанға дейін қабылданады.

7.3 Іріктелген үздік сабақтар мен жеңімпаздардың тізімі аудандық білім бөлімінің ресми сайтында 2017 жылдың 14 ақпан күні орналастырылады.
8. Байқау қатысушыларын марапаттау

8.1 Байқау жеңімпаздары әр деңгейлі дипломдармен марапатталады.



8.2 Байқауға қатысқандардың барлығына қатысушы сертификаттары беріледі

2 қосымша

Аудандық «Үздік ашық сабақ» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарлар байқауына

ӨТІНІМ

ТАӘ толығымен





Қала, ауданы





Жұмыс орнының толық атауы





Лауазымы





Сыныбы




Пәні





Сабақ тақырыбы





Байланыс түрі (электронды почта, ұялы телефон)





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет