1.Оқу дегеніміз не?
1)Оқу білімнің сандық ұлғаюы .Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады.(негізгі міндет «көп білу»)
2)Оқу есте сақтау ретінде .Нәтиже –қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат.
3)Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже есте сақталып,қажет болған жағдайда қолдануға болатын дерек,дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы
4) Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі –оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы.
5)Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру тәсілі ретінде. Нәтижесі –әлемді өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып білу.
2.Ынта иерархиялық моделін анықтаған ғалым
Аврам Маслоу (1968)
3.1960 жылдары когнитивті психология әлемінде ойлауды дамыту теориясы тұрғысынан кімнің ғылыми идеялары басымдыққа ие болды
Жан Пиаженің
4.Зияткерлікті барлық жеке тұлғаларда бірдей дамитын біріңғай қабілет деп есептеген ғалым.
Жан Пиаже
5.Ол «эпистемиялық субъектіні зерттеген.
Жан Пиаже
6.Ол жаңа туған нәрестелердің «ана сүтімен коректену» ,айналадағыны аңдау сияқты шектеулі биологиялық қабілеттермен бірге,оқудың –ассимиляция және бейімделу деп атаған екі үдерістеріне ие екені туралы да болжаған.
Жан Пиаже
7.Субъектілер көп қырлы зиятқа ие деп айтқан ғалым
Говард Гарднер
8. Говард Гарднер өлшеген зияттың 8 түрі
1)логикалық-математикалық
2)лингивистикалық
3)кинестикалық
4)музыкалық
5)кеңістіктік
6)тұлғаралық
7) тереңдетілген
8)табиғи
9.Зиятқа қатысты «үштік модель» ұсынған ғалым
Роберт Стернберг
10. Оның айтуы бойынша ,адами зият-бұл «жеке тұлғаның өміріне қатысты шынайы ортаны бейімдеуге,іріктеуге және құртуға бағытталған ой әрекеті» ,яғни зият жеке тұлғаның өз өміріндегі қоршаған орта өзгерістерін қалай жеңе алатынын көрсетеді.
Роберт Стернберг
11. «Тәрбие болжамдары» атты кітаптың авторы
Джудит Харрис
12.Ген біздің мінез-құлқымызды бақыламайды,алайда біздің тәжірибеміздің әсерінен өзгеріп отырады деп пайымдаған және инстинк білім алуға қарама-қарсы қоюға болатын құбылыс емес және де генетикалық әсерге қарағанда ,қоршаған ортаның ықпалын қайтару ауыр екенін айтқан ғалым
Ридли (2014)
13.Маңдай бөліктері мидың басқа бөліктерімен жүйке талшықтары арқылы байланыстырылған,олар:
1)визуалды бейнелерді қабылдау мен жадыға сақтауға жауап беретін мидың артқы бөлімінің желке тұсындағы бөлімі
2)ауызша тұжырымдамалық бейімдердің сақталуына жауап беретін самай бөліктері
3)қол және дене рецепторлары орналасқан маңдай бөлігінің артындағы мидың жоғары бөлігіндегі соматосенсор аймағы.
14.Маңдай бөліктерінің маңызды бақылау қызметтерінің бірі –ақпаратты сұрыптайтын (фокустық) зейін,яғни біз ерекше назар аудару үшін ойдағы ақпаратты шоғырландыра бастаған кезде маңдай бөліктері белсенді бола бастайды деген ғалым
Госвами (2006)
15.Кез келген кітап дүкеніне барсаңыз ,есте сақтауды жақсарту үшін .....пайдаланып өз-өзін жетілдіру жайында жазылған көптеген кітаптарды көре аласыз.Loci әдісі (орын әдісі) –есте сақтағыңыз келетін ақпаратты танымал жерлермен байланыстырып елестетуге негізделген ең белгілі...әдіс
Мнемоника
16.Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы (пирамида- төменнен жоғарыға қарай)
1)Биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер(негізгі өмір қажеттіліктері: ауа,тамақ,су,баспана,жылу,жыныстық қатынас,ұйқы және тб)
2)Қауіпсіздікке қажеттілік (қорғау,тәртіп,заң,шек қою,тұрлаулылық және т б)
3)Сүйіспеншілікке және қарым-қатынасқа қажеттілік (отбасы,сезім,байланыс,ұжым т б)
4)Құрмет көрсетілуін қажет ету (жетістік,мәртебе,жауапкершілік,бедел)
5)Өз-өзін танып білу (тұлғалық өсуі және өзін-өзі іске асыру)
17. «Мен» тұжырымдамасының авторы
Карл Роджерс
18. «Мен» тұжырымдамасын қорғап және қолдап тұратын маңызды екі мотив
1) Өзін-өзі сыйлау
2) Өзін-өзі бақылау
19. Бандураның өзіндік тиімділікті қалыптастыруға ықпал ететін 4 факторы
1)Тәжірибе-қол жеткізілген нәтиже («игеру тәжірибесі» -жеке тұлғаның өзіндік тиімділігін анықтайтын ең маңызды фактор.Қол жеткізілген жетістік өзіндік тиімділікті арттырады,ал сәтсіздік оны төмендетеді.)
2)Модельдеу-«Жанама тәжірибе» (Қандай да бір салада табысқа жеткен біреуді көрсе,адамдардың өзіндік тиімділігі арта түседі,ал керісінше басқа адамның сәтсіздігін көргенде өзіндік тиімділігі төмендейді. Егер де адам өзінің моделіне өзінің сәйкес келетінін көрсе ,бұл үдеріс нәтижелірек болмақ)
3) Адамдардың пікірлері (адамдар көтермелеп құптамай пікір білдіреді.Олардың ықпалы күшті болуы мүмкін:көптеген адамдар бір кездері өздеріне айтылған сөздердің олардың өз-өздеріне деген сеніміне әсер еткенін естеріне ұзақ сақтайды)
4) Физиологиялық факторлар (ерекше ауыр стресс жағдайларында адамдарда сырқаттану нышандары: қалтырау,ауырсыну,шаршау,қорқыныш,лоқсу және басқа белгілер пайда болады.Адамның мұндай реакцияларды қабылдауы оның өзіндік тиімділігінің деңгейіне едәуір әсер етеді.)
20.Оқудың әлеуметтік-мәдени теориясының авторы кім
Лев Выготский
21. «Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі-әлеуметтік,содан соң психологиялық,әуелі интерпсихикалық санат ретіндеадамдар арасында ,содан кейін интерпсихикалық санат ретінде баланың жан-дүниесінде көрініс табады». деп айтқан ғалым
Лев Выготский
22. Әлеуметтік –мәдени теориядағы маңызды ұғым
Жақын арадағы даму аймағы ( ЖАД А)
23. Л Выготскийдің айтуы бойынша ЖАДА
Оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық.
24.Көпіршелер –оқушыға ЖАДА аясында қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай алатын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін мұғалімдер ұсынатын интербелсенді мүмкіндіктерді сипаттау үшін қолданылатын....
Метафора
25.ЖАДА ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға жүктеу қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды деген ғалымдар
Мерсер мен Фишер (1993)
26. Көпірше деп саналу үшін оқыту мен оқуда мынадай жағдайлар болу керек:
А) оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру;
Б) оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзіреттілікке жеткізуді мақсат ету;
С) көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзіреттіліктің жоғары деңгеціне қол жеткізуіңе жағдай тудыру.
27. Құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын айтқан ғалым.
Мерсер (2006)
28.Диалогтық оқыту оқушыларды ынталандыру жәнке дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санаған ғалым
Александер (2008)
29.Диалогтық оқыту жұмыстарында бейнеленген ғалымдар
Бахтин (1981),Мерсер (2005),Велс (1999) және Вуд (1998)
30. Оның пайымдауынша диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ой талқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап,оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауына және түсінбеушілікті жеңе білуне көмектесе алады
Александер
31.Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі
1) тапсырманы жұмыс барысында өздігінен бағыттаушылығы
2) оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен анықтауы
3) Проблемаларды шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс –тәсілдерді таңдады.
Перри (2002)
32.Диалогтық оқыту деген не ?
«Мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» арасындағы шығармашылықпен өтетін өз пікірін негізді,тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып қуаттайтын оқыту әдісі
33.Выготскийдің “Ой мен тіл» еңбегі шыққан жыл
1934 ж
34.Әңгіме түрлері
1)әңгіме –дебат (пікірлерде алшақтық өз шешімдерін қорғайды,иә жоқ ,солай,солай емес бәсекелестік жүреді)
2)кумулятивтік (келісе береді ,төзімді тыңдайды,идея қайталанады)
3)зерттеушілік (көңілге қонымды,мәлімет бір-біріне сұрақ қояды,дәлелдейді)
35.Құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеген ғалым
Мерсер (2005ж)
36.Оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деген
Л Выготскийдің оқу моделі
37.Олардың айтуынша ,зерттеушілік әңгіме –мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі
Барнс (1976) Мерсер (2000)
38. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың төмендегідей әр түрлі тәсілдерін қолдануға болады.
Түрткі болу,сынақтан өткізу,басқаға бағыттау
39.Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі (Перри 2002)
1) тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағыттаушылығы
2)оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы
3) проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы
40. «Қалай оқу керектігін үйренудің» қозғаушы күші
Метатану
41.Балалардың өз оқуын бақылауға алу мен оны жүргізу барысында оларға дербестік беруге басты назар аударды.Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды.
Шанк пен Циммерман (1994)
42.Флейвелл метатануда өлшеудің үш құрылымын сипаттаған.
1) жеке білім (өзін оқушы ретінде тани отырып,бала ,мысалы өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінеді,оқу үдерісінде не ұнайтынын не ұнамайтынын түсінеді және жеке мақсаттарды белгілеу қабілеті туындайды.)
2)тапсырмаға бағытталған (ол оқушының өз мақсаты мен тапсырмаларын білу,түсіну және бағалауды қамтиды.Метатанудың бұл аспектісі оқушының тапсырманы қалай талдайтынын және бағалайтынын немесе күрделілік деңгейін қалай салыстыратынын көрсетеді)
3)орындауға қажетті білім мен тәсілдерді бақылау (оқушылардың орындауы қажет тапсырманы анықтауы және бір немесе бірнеше тәсілдердің көмегімен тапсырманы орындау жоспарын құруы стратегиялық бақылау көрсеткіші болып табылады.
43. Қысқа мерзімді есте сақтау адамның жадында негізгі орын алатынын анықтаған ғалымдар
Аткинсон мен Шифрин (1968)
44.Жалпы қабылданған қолданыстағы модельді Тулвинг (1895) ұсынды,ол ұзақ мерзімді жады үш айқын компоненттен тұрады деп есептеген.
Рәсімдік, эпизодтық,семантикалық
45.Оқудағы гуманистік тәсілдің негізін қалаған ғалымдар
Маслоу мен Роджерс
46. Бихевиоризмнің негізін салушы болып саналатын ғалым
Джон Б Уотсон
47.Ренцулли мен Райс (1985) дарынды және талантты оқушылардың білімін жетілдіру бойынша қызметтің өзара байланысты үш кезеңдерінің негізінде модель жасап шығарды
1) Бірінші кезең-жалпы зерттеу жаттығулар (жетілдіру, байыту)
2)Екінші кезең –топтық оқу жаттығулары (үдеріс)
3) Үшінщі кезең-нақты проблемаларды жеке және шағын топтарда зерттеу
48. Табысты оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады
Бас ,қол,жүрек
49. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін
өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім деп айтқан ғалым
Стронг
50. Көшбасшылықтың конустық метафорасы (Синек)
Неге
Қалай
Не
51. Мерсер және Фишер (1993) ЖА ДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға жүктеу қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды. Көпірше деп саналу үшін оқыту мен оқуда мынадай жағдайлар болу керек:
а) оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру;
ә) оқушыны тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілікке жеткізуді мақсат ету;
б) көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудыру
52. Сын тұрғысынан ойлау сипатталған
Ойлау туралы ойлану
53. Сын тұрғысынан ойлаудың тамыры
Сонау сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден көруге болады, сол кездің өзінде беделді негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану қалыптасқан: олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды
54. Эдвард Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын болжап берді:
1.Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өз тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететін ойлау үдерісін жүзеге асыру.
2. Логикалық зерттеу мен пайымдау әдістерін білу.
3. Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.
55. Соңғы отыз жылда «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар басқаша түсініліп жүр.Бұл өзгерістерге қай жылы Құрама Штаттардың Білім басқармаларына ұсынылған Marland есебі түрткі болды.
1972
56. Ренцулли (1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде нақты анықтады:
қабілеттері ортадан жоғары;
• тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау;
• жоғары деңгейлі шығармашылық.
57. Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы:
1) Логикалық және сараптамалық ойлау жүйесі дамыған.
2)Заңдылық пен өзара байланысты тез анықтайды.
3) Ақпараттарды шұғыл өңдейді.
4)Проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылады.
5)Түйінді қағидаттарды жеңіл игереді.
6) Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады.
7) Оқудың жекелеген кезеңдерін аттап өтеді.
8) Проблемаларды қайта қарауға ұмтылады, идеялар ұсынып, болжам жасайды.
9) Проблемаларды анықтайды және шешеді.
10) Барлығына талдау жасайды.
11) Идеяларды тұжырымдап, дәлелдермен айғақтайды.
12) Кең ауқымды білімді пайдалана алады.
13) Пікірлер айтуда тәуелсіз және «неге», «қалай» деген сұрақ қойып, жаңалық ашуға ұмтылады.
58. Бағалау деген не?
Оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқу үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау).
59. ....жылы «Оқу үшін бағалау» деген кітапша жариялады. Осы уақыттан бастап ОүБ тұжырымдамасы кеңінен таныла бастады.
1999 ж
60. Осы кітапшаның негізгі мәтіні Бағалауды Реформалау Тобы ұйымдастырған ............ зерттеулеріне шолу ретінде ұсынылған
Пол Блэк пен Дилан Уильямның (1998a, 1998b)
61. Шолу 1987-1997 жж. аралығында білім берудің көптеген аспектілері бойынша және пәндік салалар бойынша өткізілген әлемдік зерттеулерді қарастырды. Блэк пен Уильям..... зерттеуге талдау жасап, оның 50 зерттеуіне айрықша назар аударған, себебі бұл зерттеулерден ОүБ тәжірибесін пайдалануға негізделген «араласудан» кейін үлгерімнің жақсарғандығының дәлелдерін көруге болады.
250
62. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық ...жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған.
1960
63. Қазіргі білім беру жүйесіне бағалаудың екі нысаны да қажет. Айталық, оқуды бағалау жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін болса, ...... оқушылардың білім алуына көмектесетін оқыту үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Оқу үшін бағалау
64. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бұл бағалау ......... болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды.
Жиынтық бағалау
65. Оқуды жақсарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау .......немесе оқу үшін бағалау болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау
66. «Бағалау» термині .......дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
«жақын отыру»
67. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар:
• қадағалау;
• алынған мәліметтердің интерпретациясы;
• бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.
68.Оқу үшін бағалауға қарағанда, оқуды бағалаудың мақсаты
Оқушы қазіргіуақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады.
69. Оқу үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар:
• Оны әзірлеудегі және тәжірибеде қолданудағы бірінші басымдық бағалауды
оқушылардың оқуына ықпал ету мақсатына бағындыру болып табылады.
• Бағалау ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе алады, ол ақпаратты мұғалімдер мен оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауға арналған кері байланыс ретінде пайдаланады.
70. Коучинг деген не
Сөзбе-сөз дайындау, жаттықтыру; әріптестердің құпия, белсенді және
жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі.
71. Рефлексия деген не
Субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда,оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы.
72. Рефлексиялаушы практик (мұғалім) деген кім
Өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру
әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог.
73. Сын тұрғысынан ойлау
Қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын
тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын
көздейтін ойлау түрі. Бұл келесі қабылданатын әрекеттерге негіз болуы
мүмкін.
74. Талант деген не
Ең алдымен арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы; өзініңсонылығымен, жоғары дәрежеде жетілдірілуімен және қоғамдық мәніменерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін қабілеттер жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |