1 практикалык сабак
Пәнінің құрылымы, бағдарламалық қондырғылар, жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуы, студенттерге қойылатын талаптар.
- Сабақ түрлерінің, сынақ және емтихан талаптарының, студенттердің өзіндік жұмыстарының сипаттамасы.
- Аталған пән бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру.
2 практикалык сабак
- Дене шынықтыру мұғалімі, спорт түрі бойынша педагогикалық бейіндегі маман ретінде жаттықтырушы, олардың жұмыс тиімділігін негіздейтін факторлар.
- Заманауи педагог пен жаттықтырушының кәсіби қызметіне қойылатын талаптар.
- Адамның осы мамандық талаптарына сәйкестігі. Дене тәрбиесі және спорт саласындағы кәсіпқойлық түсінігі. Жақсы қасиеттерді дамыту және білім алушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылық жасау.
- Спортшылармен жұмыс істеу әдістері. Қозғалыс іс-қимылдарын оқыту, технологиясын меңгеру және физикалық қасиеттерді дамыту.
3 практикалык сабак
Қоғамдағы спорттың, жеке адамның өміріндегі рөлі. Спорт түрлері. Қоғамдағы спорт функциялары. - "Ұлтты сауықтыру" мәселесін шешудегі спорттың рөлі. Жоғары жетістіктер спортын кәсібилендіру үрдісі, оның коммерциялық спорттағы (ойын-сауық спорт бизнесіндегі) және әуесқой спорттағы ерекшеліктері.
4 практикалык сабак
- Жарыс және жарыс іс-әрекеті .
- Жарыстың мақсаты, құрамы және бәсекелестердің жарыс әрекеттерінің сипаты, қарсыластар құрамы, жарыс қарсы күрес жүргізу тәсілі, өткізу шарттары, төрешілік түрі белгілері бойынша жіктелуі.
- Жарыс қызметінің құрылымы.
- Жарыс қызметінің тиімділігін негіздейтін факторлар. Жарыс дайындығы. Спортта жарыстар құру.
5 практикалык сабак
Спортшыларды даярлау жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде жаттығу. Жаттығудың негізгі заңдылықтары, жаттығу процесінің дидактикалық негіздері.
- Жарыс қызметімен жаттығу байланысы.
- Спортшыларды дайындаудың заманауи әдістемесінің мазмұны мен негізгі ережелері.
- Жаттығу процесі құрылымының циклдік сипаты. Спорт түрінің ерекшеліктерін, жарыс тәжірибесін, барлық дайындық жүйесін ескере отырып жаттығуды құрудың ерекшелігі.
6 практикалык сабак
Жүктеме қарқындылығы. Жаттығу жүктемесінің көлемі. Жаттығу жүктемелерін жоспарлау. Демалыс сипаты және оның ұзақтығы.
7 практикалык сабак
Таңдаған спорт түріндегі техниканы жіктеу. Техника сипаттамасы (таңдаған спорт түрінің материалында).
- Спорттық қозғалыс техникасы бойынша оқыту технологиясы. Оқыту кезеңдеріндегі оқыту құрылымы, міндеттері, құралдары мен әдістері.
- Спорттық-техникалық шеберлікті жетілдіру
8 практикалык сабак
Спорттық стратегия мен тактика. Стратегия мен тактика жарыс әрекетінің құрамдас бөлігі ретінде бірлік.
- Ұжымдық және жеке іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Тактиканы оқыту технологиясы. Тактикалық дайындық міндеттері, құралдары, әдістері.
9 практикалык сабак
Дене дайындығы технологиясы. Спорттық дағдыларды қалыптастыру процесінде, спортшылардың техникалық - тактикалық шеберлігін жетілдіру процесінде дене шынықтыру дайындығы. - Спортшылардың дене шынықтыру дайындығының өлшемдері.
- "Жылдамдық", "күш", "жылдамдық-күш қасиеттері", "ептілік", "шыдамдылық", "икемділік" ұғымдарын анықтау және спорт түрінің ерекшелігіне сәйкес олардың көріну түрлері және олардың таңдап алынған спорт түріндегі көріну түрлері, олардың дамуының физиологиялық заңдылықтарын есепке алу.
- Осы қасиеттерді дамытудың құралдары мен әдістері, жүктемелерді мөлшерлеу
10 практикалык сабак
Қалпына келтіру мерзімінің негізінде жаттығу жүктемелерін саралау. Қалпына келтіру құралдарының жіктелуі: педагогикалық, психологиялық, медициналық - биологиялық.
- Спорт түрінің ерекшелігіне сәйкес спортшыларды тамақтандыру. Спорттағы қалпына келтіру құралдары.
11 практикалык сабак
Спортшыларды даярлау процесінің тиімділігін арттырудағы ғылым мен әдістемелік әзірлемелердің рөлі.
- Жаттықтырушының, педагогтың өз жұмысында ғылыми зерттеулердің мәліметтерін қолдана білуі
12 практикалык сабак
Спорттық секцияларда топтарды жинақтау және сабақтарды ұйымдастыру.
- Оқушылардың жасына байланысты жүктеменің көлемі мен қарқындылығы. Жарақаттардың алдын алу шаралары.
13 практикалык сабак
Спорт түрлерінің ерекшелігі және спорт резервтері деңгейінде және жоғары жетістіктер спортында спортшыларды даярлау ұзақтығы.
- Жарыс және жаттығу іс-әрекетінің ерекшеліктері, спорт түрлерінің даму тенденциялары, спортшыларды көп жылдық дайындау процесінде болжау және моделдеу.
14 практикалык сабак
Спортшылардың жарыс және жаттығу іс-әрекетінің модельдік сипаттамасы.
- Спорт түрімен айналысуға бастапқы іріктеу. Спортшылардың жеке ерекшеліктерін зерттеу негізінде спортшыларды саралап (таңдаған спорт түрі бойынша) терең іріктеу: міндеттері, әдістері және ұйымдастыру.
- Жауапты жарыстарға қатысу үшін іріктеу: міндеттер, әдістер, ұйымдастыру.
15 практикалык сабак
Әртүрлі білікті спортшылардың жарыс әрекетінің негізгі компоненттері бойынша модельдік сипаттамалардың мазмұны. Жарыс қызметінің тиімділігін бағалау, спорт түрінің ерекшелігін ескере отырып, тиімділік критерийлері.
- Жаттығу қызметінің модельдік сипаттамасы (дайындық деңгейі бойынша), олардың техникалық, тактикалық, физикалық, психологиялық, интегралдық дайындығы, функционалдық мүмкіндіктері мен морфологиялық белгілері бойынша мазмұны.
Достарыңызбен бөлісу: |