1-ші тақырып Саясаттану ғылым ретінде Саясаттану, оның пəні мен əдістері Саясаттанудың негізгі қызметтері



Дата01.11.2023
өлшемі310,57 Kb.
#188988
Байланысты:
f614b6267a3d260 (1)
2 ТӘЖІРИБЕ. ЖАЛПЫ ЖЕРТАНУ. ИЛЬМУРАТОВ МАНАТ Г-101, 2 ТӘЖІРИБЕ. ЖАЛПЫ ЖЕРТАНУ. ИЛЬМУРАТОВ МАНАТ Г-101

1-ші тақырып
Саясаттану ғылым ретінде
 
1. Саясаттану, оның пəні мен əдістері
2. Саясаттанудың негізгі қызметтері
3. Саяси ғылымның құрылымы
Саясаттану
Пайда болған мерзімі:
Антикалық дәуірде (Платон, Аристотель, Цицерон) Батыс Европа мен АҚШ-та
Ғылым ретінде қалыптасуы:
Батыс Европа мен АҚШ-та XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиалық пəн ретінде толық бөлініп шықты.
Халықаралық мəртебе алуы:
  • ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды.
  • Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пəн ретінде оқылады, əлемнің ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды.
  • Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққы қарсы, буржуазиалық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Кеңес Одағы қирағаннан кейін, 1990 жылдан бастап ТМД-ның елдерінде саясаттану оқытыла бастады.
  • Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пəн ретінде өтілуде.

Саясаттану сөзі гректің «саясат» жəне «ілім» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Ол саясаттың адам жəне қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталынған ғылым жəне саяси биліктің қалыптасу мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен əдіс – тəсілдерін зерттейді.
Саясаттанудың объектісі - саясат, қоғам өмірінің саяси өрісі.
Саясаттанудың пәні - саяси биліктің қалыптасу, қызмет ету, өзгеру заңдылықтары.
Саясаттану ғылым ретінде
тәжірибелік
теориялық
Ғылыми мәселелерді
Саяси ғылым міндеттерін
Саяси мақсат қою анықтамаларын
Саяси даму процестерін
Саяси әдістерді
зерттейді
Үлгілер
Принциптер
Саяси технологияларды
т.б.
зерттейді
Әдістері:
Салыстырмалы әдіс – әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.Мысалы, ҚР-дағы реформаларды шетелмдермен салыстыру т.б.
Жүйелеу әдісі – саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді. Мысалы, саяси белсенділіктің экономикалық дағдарысқа қатыстылығы тұрғысында зерттейді.
Социологиялық әдіс - ол арқылы өмiр сферасын, мемлекеттiң əлеуметтiк табиғатын, мәдениетін, оның билiгi мен басқаруын зерттейдi. Мысалы, елдің әлеуемттік жағдайы жоғары не төмен болған жағдайда елдегі саясат қандай болады, оның мәдениетке әсері қандай болмақ т.б. мәселелер.
Тарихи әдіс – саяси құбылыстарды заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтағы байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әртүрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді, олардың болған мезгілін еске ала отырып, танып-білуді талап етеді. Мысалы, өткен замандағы тиімді саяси әдістерді қазіргі заманда қолдану мәселесі н/е керісінше.
Бихевиористік әдіс - жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси
жағдайларда өздерін қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси
қызметтің барлық түрін, адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді. Мысалы, жеке лидерлердің саясаттағы орны деген мәселені зерттеу.
Нормативтік әдіс - саяси əрекеттер нормаларға жəне жалпы қоғам теңдiктерiне талпынуы қажет. Ең бiрiншi идеалды саяси тəртiп ұйымдастыру қажет жəне адамның құқықтары жүзеге асатын саяси тәртіпті іздейді.
Диалектикалық - материалдық əдіс - табиғаттағы, қоғамдағы жəне санадағы
құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста жəне үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды.
Саясаттанудың негізгі қызметтері
Саяси ғылым қоғам арасында əлеуметтiк мəнiсi бар қызметтерді атқарады (лат. Functio-атқару). Саясаттану қызметтерiне мыналар жатады:
Танымдық қызметі - саяси білімнің қоғамдағы оқиғаларды танып білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Мысалы, саясаттану пәні оқу арқылы адам саяси сауатын ашады, саяси процестерді түсінеді және оған баға бере алады.
Болжамдық қызметі - ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған, ғылыми негізделген болжаумен аяқталады. Саяси болжамдарды көбіне саясаттанушылар, экономист ғалымдар жасайды. Тəжірибелік қызметі - ол қоғамның шын мəнiсiндегi алдын ала диагностика жүргiзуiн анықтайды, яғни əлеуметтiк процесс жүруi. Әлеуметтік эксперимент, сауалнама, диагностиа т.б.
Мəдени қызметі - мемлекет азаматтарына керектi бiлiм, яғни билiк, құқық, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастың пайда болуын, қолдануын үйрену.
Мемлекет пен қоғам (жеке тұлға, топтар, т.б.) арасындағы қатынастарды зертетйді.
Саяси ғылым
Саяси философия
Саяси теория
Саяси тарих
Саяси психология
Саяси зерттеу теориясы
Қолданбалы саясаттану
Саяси әлеумиеттану
Саяси ғылымның құрылымы
Саясаттанудың категориялары
Оған саяси құбылыстар мен процестердің
мəнін білдіретін ғылыми терминдер,
сөз тіркестері жатады.
Мысалы:
«саясат»,
«саяси билік»,
«саяси жүйе»,
«саяси тəртіп»,
«саяси партия»,
«саяси мəдениет»,
«саяси əлеуметтену»,
«саяси өмір»,
«саяси қатынастар»,
«қоғамдық ұйымдар»,
«мемлекет»,
«демократия»,
«егемендік»,
«құқықтық мемлекет»,
«азаматтық қоғам",
«ішкі саясат»,
«сыртқы саясат»
т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет