1. Шығармашылық психологиясындағы креативтілік атауымен белгілі болған ғалымдар М. И. Махмутов, А. В. Хуторской, В. И. Андреев, Ю. К. Кулюткин, Э. Г. Юдин, С. М. Бернштейн, А. Н. Лук, С. Медник, В. Смит, К



Дата12.09.2020
өлшемі17,71 Kb.
#77954
Байланысты:
1 тапсырма Тулепбаева


1. Шығармашылық психологиясындағы креативтілік атауымен белгілі болған ғалымдар М.И.Махмутов, А.В. Хуторской, В.И.Андреев, Ю.К.Кулюткин, Э.Г.Юдин, С.М.Бернштейн, А.Н.Лук, С.Медник, В.Смит, К.Тейлор, Е.Торренс, Н.В.Кипиани, А.М.Матюшкин және басқа зерттеушілер болатын. Ең алдымен «креатив» сөзінің аудармасына тоқталсақ: «Современный словарь иностранных слов» деген 1994 жылы Петербургте жарық көрген сөздікте: 1.Креатив (латынсөзі) аудармасы «созидание» деп жазылған. 2.Креационизм – сотворение мира деп жазылған.

М.И.Махмутов: «Оқытылатын пәндердің дидактикалық жүйелері мен ғылыми мәселелерін шешуге және оның жолдарын іздестіруге арналған проблемалық ілім оқытудың креативтік жүйесіне сәйкес келеді. Бұл технология күрделі мәселелердің шешімін табуға, тереңіне бойлап интеллектуальдық, шығармашылыққа жұмсауға итермелейді» деген түсінік береді.

В.И.Андреев, Ю.К.Кулюткин, В.Н.Пушкин, А.В.Хуторской: «Креативтік білім беру мен өз бетімен біліктілігін жетілдірудің біртұтастық жүйесі эвристикалық оқыту принциптерінен бастау алады» деген пікір қосады. Г.С.Альштуллер, А.А.Гин, А.В.Бычков: «Жаңалықашу, ойлап шығару негізінен креативтік оқу жүйесін меңгерген адамдарда қалыптасады. Креативтік оқыту технологиясы алға қойған мақсатты орындау, соңғы нәтижесіне жетуге бағытталады» дейді. Ал енді 2004 жылғы интернет журнал «Эйдоста» былай деп мәлімет берген: «Креативностью называется способность человека к нестандартному, оригинальному мышлению и поведению. Креативность - это оригинальность и быстрота мышления, способность находит неожиданные решения, казалось бы, в безвыходной ситуации, богатые воображение, чувство юмора, создание новых оригинальных физических и интеллектуальных продуктов» Мақаланыңтақырыбы: «Путешествие в Икстлан».Авторы: Карлос Касанеда. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде «креативтік» ұғымына «жасампаздық» деген балама беріп, «жасампаздық технологиясы» деп түсінілді.

Креативтік – бұл дарындылықпен бара-бар, өзгеше, қалыптан тыс, терең ойлау ұғымы. «Креативтік – тез ойлап табу, жаңалықашу, аяқастынанақыл табу, тереңсезім, толғаныс, интеллектуальдық биіктік, ұшқыр ойлылық» деген ереже шығарылған. Креативтік - өркендеуге, дамуға, нәтижегежетугебағытталған. Креативтік технология бойынша ізденушілік, зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасалады. Әдістер ойландырады, қиялдауға итермелейді, қысылмай өз ойын айтуға мүмкіндік береді. «Өмірді тану – ғылым, өзіңді білу - өнер» деген тұжырым бойынша оқушылардың бойында ғылым мен өнердің тоғысқан үлкен біліктілігін қалыптастыру мақсатында оларға өз ойына нөлең шығару, ертегі, әңгіме құрастыру үшін шығармашылық тапсырмалар орындатылады.

2 . Модуль тақырып бойынша сұрақтар



  1. Креативтілікіс-әрекет неден басталады?

  2. Креативтілік жұмыстар ұйымдастыруда қандай талаптар орындалуы қажет?

  3. «Креативтілік жаттығулар» термині педагогикада неше бөліктен тұрады?

  4. Креативтілік жұмыс ұйымдастыру формасы мынадай бөліктерден тұрады?

  5. К.Д. Ушинский «Салыстыру —деп ..... атады?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет