Тәжірибелік сабақ 1) Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық.
2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түсінігі және түрлері
Орындаған:Көшен Меруерт
Қабылдаған:Кемелбай Абылай
Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға ҚР Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлігінің тиісті бабында белгіленген шектерде және ҚР Қылмыстық Кодексінің Жалпы бөлігінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодексте және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексте көзделген.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өзі құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, әскери полиция органдары, экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда азаматтар 1424 тегін call-орталығына қоңырау шалып, мемлекетке хабарлай алады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпартты хабарлаған адам заңға сәйкес жауапты болады.
Сыбайлас жемқорлық – (лат. corruptio - сындыру, құрту, бүлдіру) қоғам игілігі мен мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтіретін, жеке мақсаттарға жетуге олжа, артықшылық алу үшін мемлекеттік билікті, лауазымды, мәртебені асыра пайдалануда көрінетін этикалық және құқықтық бұзушылықтардың жиынтығы бар әлеуметтік құбылыс.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы, сонымен қатар заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын, сыбайлас жемқорлықпен байланысты немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттердің өзге заңдарымен қарастырылатын іс-әрекет.
Әділдік пен инабаттылықтың болмауы ретінде жемқорлықтың көп түрі бар: парақорлық, қоғамдық тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтерді заңсыз алу, тамыр-таныстық, жеке бас пайдасына жету мақсатында заңдар мен ережелерді әзірлеу кезінде ықпал көрсету.
Парақорлық – мемлекеттік қызметкер (немесе оған теңестірілген адам) өз немесе бөтеннің мүдделерінде тікелей немесе жанама түрде пара алатын, алуға уәде беретін немесе алуға келісетін, өкілеттігін орындау кезінде пара беруді талап ететін немесе заңсыздыққа итермелейтін әрекет.
Қорқытып алушылық – әрекет етуге немесе әрекетсіздікке айырбас ретінде адамды ақша төлеуге немесе басқа құнды байлықтарды беруге мәжбүрлеу. Осы мәжбүрлеу қысым көрсету, оның ішінде моральдық қысым көрсету арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.
Көпке созушылық – пара алу мақсатында істі әдейі созу, күшпен алушылық түрі.
Непотизм (тамыр-таныстық) – өз билігін және іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында туыстарға, таныстарға және достарға табысты лауазымдарды, шен, жылжымайтын мүлік беру, солайша шешім қабылдарда пайдаланылатын борышкерлер –бағыныштылар мен әріптестер жүйесін қалыптастыру.
Ақшаның ізін жасыру – қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңды етіп алу немесе жасыру әрекеті арқылы жүзеге асырылатын әрекеттер.
Паралау – өз өкілеттігін орындауда қалаулы заңды әрекет немесе әрекетсіздік үшін немесе осы нәтижеге қол жеткізу мақсатымен делдалға, мемлекеттік қызметкерге немесе оған теңестірілген адамға тікелей немесе жанама пара беруге ұсыныс, уәде берумен байланысты әрекеттер.
Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың түрлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген.
Заңның 2-бабына сәйкес мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.