Шакен Айманов атындағы кинотеатр
Қаламыздың орталық көшелерінде орналасқан мәдени орталықтардың бірі-Ш.Айманов атындағы кинотеатр. 2005 жылы мамыр айының бесінші жұлдызында ашылған болатын. .2006-2007 жылы жаз кезінде қайта жөнлеуден өтті. Кинотеатрда үш зал бар. Олар үлкен зал, орташа зал және кіші зал. Үлкен залға 400 адам сияды, ал орташа залда 250 адам және кіші залда 100 адамдық орын бар. Балаларға арналған, үлкендерге арналған неше түрлі фильмдер қойылады. Кинотеатрдан қысы-жазы көрермендер үзілмейді. Қазіргі заман үлгісінде көркемделген кинозал мен кіреберіс кірген кісіні таңқалдырады.Ол жерде үлкен емес орташа мейрамхана бар. Мұнда аузыңнан дәмі кетпейтін шашлык жасайды. Кинотеатрдың директоры Оспанова Меруерт Асқарқызына біз барғанымызда, ол кісі бізге кинотеатрдың барлық жерін ынты-шынтысымен көрсетті. Меруерт Асқарқызы кішіпейіл, адамгершілігі мол, балажан адам екенін байқадық. Өзінің қымбат уақытын бізге бөліп, көптеген мәліметтер берді.
Кинотеатрда Никита деген киномеханик бар.Ол балаларға арнап кино қояды. Өз жұмысын ұқыптылықпен жақсы істейді. Біз онымен де кездестік.Ол бізге қызықты кино көрсетті.
Директордың секретары бізбен бірге экскурсия өткізді. Осылайша біз қаламыздың тағы да бір мәдени орталығымен жақыннан таныстық.
Қимашев Сұңғат
«Шаңырақ» мәдени орталығы
«Шанырақ» облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-сауықтыру қызметі орталығының негізгі қызметі: мәдени құндылықтарды, тарихи мұраларды, фольклорды, халық шығармашылығының түрлі жанрларын, ұлттық салт- дәстүрлерді насихаттау, клуб мекелелері қызметкелерінің кәсіби біліктілігін көтеру , сондай- ақ «халықтық», «үлгілі» ұжымдарды, жас таланттарды қолдау болып табылады екен.
Орталықтың негізгі жылдық жоспары осы аталған басты бағыттарды ескере отырып жасалады.
Шанырақтың биылғы жұмысы ауқымды кең, әрі мазмұнды. Жыл басынын бері халқымыздың ұлттық салт- дәстүрін кеңінен насихаттау мақсатында бойында ұлттық сана-сезімі, адамгершілік сияқты асыл қасиеттері бар, еліміздің тарихы мен мәдениетін жақсы білетін «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіттеріміз бен қыздарымызды жастарға үлгі ету мақсатында дәстүрлі түрде «Жігіттің сұлтаны», «Қыз сыны», «Жауқазын» байқаулары болып өтеді.
Орталықтың ішінде 4 бөлім жұмыс істейді. Орталықта 170 адам еңбек етеді, ал шығармашылық ұжымдар, камералық хор оркестр, оның құрамында 40 адам еңбек етеді. «Шаңырақ сазы» фольклорлық –этнографиялық ансамбілі, «Тамирис» үлгілі би ансамбіл, Ерлер квартеті, «Реттра» вокальдық тобы бар.Ақындар мектебі жұмыс істейді, оның жетекшісі болып белгілі павлодарлық ақын Бейбіт Бөжен.
Қаламызда осындай мәдени орталықтардың барлығын мен мақтан тұтамын.
Исаков Ғалымжан
Г.Н.Потанин атындағы мұражай
1942 жылы маусым айының жиырмасыншы жұлдызында мұражай ашылып, бірінші директоры болып суретші Багаль Димитрий Поликарпович қойылды. Ол Екібастұздың, Майқайыңның табиғаттарын зерттеді.
Мұражайда бірінші экспозиция қараша айында 1944 жылы ашылды. Ал 1945 жылы мұражайға арнайы Ленин көшесіндегі 129-үй берілді. Мұражайда негізінен өлкеміздің табиғаты туралы мәліметерді көп қамту ескерілді. 1988 жылдан бастап жеке кабинеттер мен администрациялар ашылды. 1959 жылы мұражай атақты саяхатшының автына ие болды.
Мұражайдың барлық ауданы1200 шаршы метр. Соның ішінде 50 мың жануарлардың бейнелері мен қаңқасы бар. Атап айтсақ: мамонттың, неше түрлі құстардың, қару-жарақ үлгілері, әшекей бұйымдар бар. Мұнда көптеген атақты адамдардың өмірі меншығармашылығы туралы мәліметтер берілген. Мұражайда Д.П.Багаевтің суретінен бастап, өмірдегі жетістіктері көрсетілген. Қалада ол кісінің атында көше бар. Ал мұражай-үйі 2001 жылы ашылған. Соныман қатар осы жылы атақты павлодарлық әнші қыз Майра Шамшсуддинқызына арналған мұражай да ашылған болатын. Майра мұражайы қазіргі күнде де осы Г.Н.Потанин мұражайының қарамағында. 1958-1966 жылдары мұражайдың директоры болып суретші И.В.Лагутин қызмет атқарған. Ал мұражайдың қазіргі күнгі директоры – Нұрахметова Гүлнара Баркенқызы.
Шаймарданова Бибігүл
«Сарыарқа самалы» газетасы жайында
1919 жылы Павлодар уезінде ана тілінде газет шығару әңгіме болды. 1922 жылы 17 тамызда « қазақ газетін шығаруды қолға алу ұсынылсын»деген қаулы алғанымен, тек 1928жылдың желтоқсанында «Кеңес туы» атты газет шығаруды ұйғарып, оның штатын бекітті.
Газетте редактор етіліп орталықтан Бейсенбай Кенжебаев жіберілді. Хатшы міндетін Самат Нұржановқа жүктеп, әдеби қызметкер етіп Уәлихан Омаровты белгіледі.Олар «Кеңес туы» газетінң бірінші нөмірін 1929 жылы 15 ақпанда жарыққа шығарды. Біраздан соң газетке редактордың орынбасары болып Сұлтан Лепесов, әдеби қызметкері етіліп Әбзали Қарасартов, хат көшіруші ретінде Балтабек Асанов келген. Тілші болып Жұмат Досқараев, Әбілқайыр Баймолдин,Зейін Шашкин араласқан. 1930 жылға қарай колхоз құрылысының проблемалары күн тәртібіне қатты қойылды. Колхоздасу ұраны өмірдің өзекті мәселесіне, істің түйініне айналды. Осымен байланысты «Кеңес туы» газеті атын «Колхоз»деп өзгертті. Кейінірек бұрыңғы округкомның бірінші секретары Н.Жигаров «Колхоз» деген аттан қазақша газет екені көрінбейді, басқаша атау қажет дейді. Сонымен енді оны «Қызыл ту» деген атпен шығара бастайды 1930 жылдың күзінен ол Павлодар облыстық газеті болды. Қазіргі күнде бұл газета «Сарыарқа самалы» деген атпен бүкіл облысымызға рухани азық беретін ақпарат құралы. Мұнда әсіресе оқушылардың сүйіп оқитын «Айналайын» беті бар. Газеттің редакторы Мұхит Мүрсалимұлы Омаров. Біз редактордың қабылдауынболып, газета жайында көптеген мәліметтер алдық.
Букаева Диана
Мен қазақпын...
Мен қазақпын ғасырларым толғатқан,
Мен қазақпын күні туған оң жақтан.
Мен қазақпын келешекке сенетін,
Нық сеніммен арайланып таңы атқан.
Мақтанамын нұрын шашқан күніммен,
Далам сәнді жұпар иісті гүлімен.
Елім менің көке қолын созып тұр,
Қайғы жыры сезілмейді үнімнен.
Біз қазақпыз, Қазақ жері – еліміз.
Дәулеті мол, қазба менен кеніміз.
Менің байтақ Республикам осындай
Көргің келсе, қонақ болып келіңіз.
Солтан Айгерім
Мектеп КВН тобы жеңіске жетті...
Мектебімізде 2007 жылдың ақпан айында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қаламқас Байдуллақызы мен театр үйірмесінің жетекшісі Медетов Мият Оразбекұлының ұйымдастыруымен КВН тобы құрылған болатын. Алғаш топқұрылғанда мүшелер саны 15-тен асық болатын. Іріктеле келе топта 10 оқушы қалды. Олар: Апушева Азиза(11а), Билалова Раушан (11а), Матаев Ерсұлтан (10а), Сайлаубекова Айгерім (10а), Смайлов Нуржан (10б), Алтаева Жұлдыз (9а), Саусанова Сайран (9 б), Аумаликова Айгерім (9 б), Тақырбасов Атығай (9г), Ахметов Ермек (9в).
Жыл бойы қала мектептері арасында өткізілген қазақша КВН лигасының түгел ойынына біздің мектеп тобы белсене қатысып, тек алға жақсы жетістіктермен жылжып отырды. Атап айтсақ, І ойында 5 орында, ІІ ойында 4 орында болса, қарашаның 17 жұлдызында өткізілген финалда ІІ орынды иеленіп, мектебімізге жеңіс кубогін алып келді. «Crazy school» деп аталған мектебіміз КВН тобы осы жетістіктері арқылы мектеп оқушылары арасында КВН-ге деген қызуғышылықты оятып, мектебімізде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында сыныптар аралық КВН топтарының сайысы осы оқушылардың жетекшілігімен ұйымдастырылмақ. Сайыс қорытындысын шығарып, осы топтар арасынан ең өнерлі, талантты оқушылар іріктеліп, жаңа жас КВН тобын құрып, оларға дұрыс жол нұсқауды біздің жеңімпаз тобымыз алдарына мақсат етіп қойып отыр. Қазақша КВН-ге өз үлестерін қосқан, жоғарыда аты талған оқушыларын мақтау қағаздарымен марапаттап, оларға арналған арнайы стенд жасау ұйымдастырылуда.
Қараша Дархан.
М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайы
М.М Катаев атындағы оқушылар сарайы 1978 жылы 6 қарашада құрылды. Екатерина Петровна Лубтың басқаруында мұнда 262 үйірме , 65 түрлі бағытта жұмыс істейді. Оның ішінде техника бағытта – 63, көркем -өнер бағытта – 59, туристік бағытта -8, эстетикалық бағытта - 55 , қазақтың өнерін негізге алған- 26, әр түрлі бағыттағы үйірмелер-70. Әр түрлі жастағы қатысатын жастар мен балалар саны 3,5 мыңға жетеді.
30 жыл ішінде көп өзгерістер болды. Көзқарас пен талғам өзгерді.Оқушылар Сарайында жас өспәрімдер мен бүлдіршіндерді тәрбиелеу қарқынды жүріп жатыр. Мұндағы ұстаздардың мақсаты балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып,жамандықтан аулақ ұстап, жақсылыққа баулу.Ұлдар мен қыздардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіріп, өз Отанының адал азаматы болуға шақыру. Жас талапкерлерге арналған компьютер класы, кітапхана, лекция залы, 12 лабаратория, 2 мұражай бар.Мұның бәрі біздің болашағымызды ұштастыра түседі.
Біздің №19 жалпы орта білім беру мектебінің көптеген оқушылары Оқушылар сарайының үйірмелеріне қатысады. Әсіресе біздің сыныпыз старостасы Абдығанова Әсем мен Орынбасар Ләйлә Оқушылар сарайының белсенді мүшелері. Олар мұнда бірнеше бағыттағы жұмыстарға араласып, өз үлестерін қосуда. Мақтау қағаздары өте көп. Біз сыныпымыздың осындай оқушыларымен мақтанамыз.
Ыдырысов Ансар
Павлодар қаласының Облыстық ауруханасы
Павлодар қаласының Облыстық ауруханасы 1946 жылы құрылған. Терапиялық бөлімшесінің негізін қалаушы және оның алғашқы меңгерушісі болып Ғ.Т Сұлтанов болып табылды. Ол 1950 жылы Павлодар қаласы облыстық бөлім меңгерушісінің бас терапевті болып тағайындалды. Терапевтік қызыметті ұйымдастырғаны үшін, облысымыздың денсаулық ісіне белсенді түрде қатысқаны үшін 1986 жылы Ғалым Сұлтановқа «Қазақ КСРО еңбегі сіңген дәрігер» атты ғылыми атағы берілген, 1961жылы Ленин орденімен марапатталған, 1971жылы Қазан көтерілісі, 1957жылы Құрмет белгісімен және тағы да басқа медальдармен марапатталған. 1993 жылдың 15 шілдеде Қазақстан Республикасының Министірлер кабинетінің №511 Қауалысымен Павлодар Облыстық ауруханасына Қазақ КСРО еңбегі сіңген дәрігер ғалым Сұлтановтың аты берілген,- деп өз сөзін аяқтады аурухана бас дәрігердің орынбасары Марлен Нариманұлы Ахметов.
2002 жылы ғимратта мемориалдық тақта орнатылды. Қазіргі күнде облыстық аурухана Павлодар қаласындағы халыққа қызмет етіп, көптеген азаматтардың алғысына ие болып тұрған денсаулықты сауықтыру орталығының бірі екені даусыз.
Мұхаметжанова Зухра.
ДЮСШ №2
ДЮСШ №2 1897 жылы құрылған.Онда екі спорт зал бар. Біреуі үлкен зал, ал екіншісі кіші зал. Сонымен қатар далада үлкен алаң бар.Үлкен алаңда жазда ойнайды, қыста залда ойнайды. Онда баскетбол, волейбол, футбол, гандбол тағы да басқа үйірмелер бар. Оның директоры Ткачев Валерий Георгиевич. Ол онда 2001 жылдан бастап қызмет етеді.ДЮСШ №2-нің көптеген жетістіктері бар. Азиялық ойындарда гандболдан 2-ші орынға ие болған. Онда қазіргі «Ертіс» құрама камандасындағы Александр Просиков, Александр Кучерявых, Ерзат Канбаев сияқты ойыншылар ойнаған. Сонымен қатар онда тәжірибелері мол көптеген жаттықтырушылар бар.Дайырбаев Егор Степанович, Чурсин Виталий Васильевич. Калобков Александр Александрович. Олег Николаевич тағы басқа жаттықтырушылар бар. Біздің мектептің бірнеше оқушылары осы мектептің белсенді мүшелері. Ал біз Қайыргелді екеуіміз екі жылдан бері осында келеміз.
Мустафин Аділет
Торайғыров көшесі туралы
1993 жылға дейін Куйбышев көшесі Қаланың солтүстік бөлігінде Айманов көшесінен басталып, Вокзал алаңында аяқталып, Чкалов көшесіне өтеді. Генерал Дюсенов, Советов, Бірінші Май және Кутузов көшелерімен қиылысады. ХХ ғасыр 30-жылдары пайда болған. Қазақтың ақын демократы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) туғанына 100 жыл толуына орай аталған. Асфальт талған, автобустар жүреді. Көп қабатты үйлер. 1979 жылы мұнда Павлодардағы алғашқы 12 қабатты үй салынды. Көшеде облыстық көркемсурет мұражайы, П.И. Чайковский атындағы музыка колледжі, Павел Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана, Славян мәдениет орталығы, №28 ОМ, № 16 ОМ филиалы, Ұлттық жаңару мектебі, «Городская газет» редакциясы, АТС-76, «Иртышбизнесбанк», «Купец», «Отау», «Шик» сауда үйлері, «Сиэк-бар» кафесі, «Океан» сауда кешені, облыстық сауда өнеркәсіп-платасы, бес кафе, жеті шаштараз, бес салон, 30 дүкен, жеті дәріхана мен түрлі кәсіпорындар орналасқан.
Торайғыров пен академик Сәтбаев көшелері түйісетін тұста ақын Сұлтанмахмұтқа 2000 жылы ескерткіш қойылған.
Ануарбек Азамат
Павлодар - біздің қаламыз
Павлодар қаласы – Павлодар облысының орталығы.Қаламыздың даму тарихы да ерекше.
Ертістің оң жағасында өзен порты мен пристань, 1924 жылдан Павлодар стансасы бар. Қазіргі қаланың орнындағы алғашқы қоныс- 1720 жылы Коряков көлінде тұз өндірілуіне байланысты пайда болған Коряков форпосты. 1838 жылдан Коряков станицасы, ол 1861 жылы Семей облысының Павлодар Штаттан тыс қаласына қаласына айналдырған. 1868 жылы Павлодар сол облыстағы уездік қала, тұз өндіру, астық және ауыл шаруашылығы өнімдерін сату орталығы. 1919 жылы Павлодарда Кеңес үкіметі қайта орнықты.
1918 жылдан 1928 жылға дейін Семей губерниясының құрамына уездік орталық ретінде енсе, 1921 жылдан Қазақ АССР-і құрамында.1929-1930 жылдары Павлодар округінің орталығы , кейін Шығыс Қазақстан облысының аудан орталығы (1932 жылдан).
1938 жылдан Қазақ КСР-ндегі, 1991 жылдан ҚР-сындағы облыс орталығы. Қала теңіз деңгейінен 138 метр биіктікте орналасып, жазықта жатыр. Климаты шұғыл, континентальды.
Павлодардан Мәскеуге дейін 3283 шақырым, Алматыға дейін 1758, Астанаға дейін 438, Қарағандыға дейін 410 шақырым. Ал Омбыға 412, Барнауылға дейін 480 шақырым.
Қала алаңы 300 шақырымды құрайды. Павлодар Ертіс бойымен бойлық бағытындағы 15-20 шақырымға, ендік бағытындағы 5-7 шақырымға созылып жатыр. Павлодардың аумағы қаланың ескі тарихы орталығымен бұрынғы казак станицасы бөлігінен құралған. Төңкеріске дейін Павлодар сословиелік қағидатқа сәйкес казактік, мещандық, жұмысшы және қазақ бөлігі деп бөлінген.
Қаланың Затон бөлігі жеке болған. Онда пристаньдар мен тұз өндіруде, диірмендерде жұмыс істейтін және кіреші кедей жатақ қазақтар қоныстанған.
Кеңестік кезеңде бұл бөліну бұзылғанымен, бұрынғыша қаланың Орталық, Затон, Рабочий остров, Казкрай, Жаңауыл деп бөлінуі сезіліп тұрды. Бұл 50-жылдардың ортасына дейін жалғасты. Павлодардың индустриалдық дамуы басталуымен бұл қалыптасқан дәстүр бұзылып, ескі қаланың көптеген аудандары тұтасып, жаңа шеткі аудандар – Южный кенті, ет камбинаты ауданы, Екінші Павлодар, Алюминстрой, МДС , солтүстік өнеркәсіп аймағындағы әкімшілік қалашығы, құрылыс қалашықтары пайда болды. 1973 жылы қала екі әкімшілік: Ильич (солтүстік бөлігі) және Индустриалды (оңтүстік бөлігі) аудандарына бөлінді. Екі ауданның негізгі шекарасы сол кезінде Тургенев (қазір Қайырбаев) көшесі болды. Шекараның Кутузов көшесінен кейінгі жалғасы Суворов көшесі еді. Уақыт өте келе бұл жерлерде құрылыс жүруінен қаланың шеткі аудандары қаланың бір-біріне қосылып, қаланың тұтас аумағын жасады. ХХ ғасырдың 70-80жылдары жаңа аудандар мен ықшам аудандар пайда болып, Ленинский, Жаңауыл 14- годовщина Октября, Лесозавод, Горзеленстрой, әуежай қалашығы, Павлодар, Мойылды кенттері қала шегіне жатқызылды.
1998 жылы аудандар жойылып, қаланың барлық аумағы қала әкімдігі өкілі бар 16 ықшам ауданға бөлінді, қазір - 8.
Қала мәртебесін алған сәттен бастап қала халқы 300 еседен астамға өсті, 1865 жылы – 1,1 мың, 1897 жылы – 7738, 1926 жылы - 19 мың, 1939 жылы – 28,8 мың, 1959 жылы – 90,1 мың , 1970 жылы – 187 мың, 1979 жылы- 273 мың, 1987жылы-330 мың, 1990 жылы – 347 мың, 1999жылы -302 мың, 2004жылы 315 мыңға жетті.
Қазіргі Павлодар – Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталығы.
Мұнда 50-ден астам өнеркәсіптік және құрылыс кәсіпорындары бар, нарықтық экономика жағдайында фирмалар, банктер, шағын кәсіпорындар, жеке меншік коммерциялық құрылымдар, дүкендер мен базарлар пайда болды. Мұнда қырық жалпы білім беретін мектеп, 50 шақты мектепке дейінгі меккеме, екі университет, Қазақстан мен Ресей институттарының бірнеше филиалы, 20-астам колледж бен кәсіптік мектеп, жобалауконструкторлық ұйымдар, екі театр, төрт мұражай, 10- нан аса кітапхана, қалалық Мәдениет сарайы, 30-дан аса медициналық мекеме мен ондаған дәріхана, бірнеше стадион мен спорт мектебі бар.
15 ұлттық - мәдени орталық жұмыс істейді. Автобус және трамвай жүреді. Автомобиль, теміржол, өзен вокзалы, әуежай бар.
Павлодар біздің көптеген әйгілі жерлесіміздің туған жері. Олардың арасында Кеңес Одағының Батырлары С.И. Маковский мен К.Ф. Шувалов, Даңқ орденінің толық иегерлері В.С. Орлов , С. Рубаев, жазушылар Қалижан Бекхожин, А.В. Некралов, А.Жақсыбаев, Ю. Помченко, А.С. Сорокин, А.А. Соров, Р. Тоқтаров, С. Шәкібаев ғалымдар Г.Н. Бабкин, И.А. Букчанов, Қайыржан Бекхожин, И.И Гуславский, Т.З. Сейсенбеков, А.Л. Цефт, мәдениет және өнер қайраткерлері Б. Омаров, Майра Шамсутдинова және т.б. бар. 45 павлодарлық пен қала қонақтары Павлодар қаласының құрметті азаматы атағын иеленді. Олардың арасында екі ғарышкер В. В. Аксенов пен А.А Губарев бар.
Көптеген павлодарлықтар есімі көшелер мен нысандарға беріліп, мәңгілікке еске қалдырған.
Зайнулина Тоғжан
С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми әмбебап
кітапханасы
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана академик Сәтпаев көшісіндегі №104 үйде орналасқан.
1896 жылы уездік, 1938 жылдан облыстық кітапхана болып, 1959 жылы жазушы Н.А.Островскийдің аты беріліп, Луначарский көшесі, 9/1 бұрынғы көпес үйінде (қазір мұнда облыстық кітапхананың балалар бөлімшесі) орналасты.1996 жылдан бері бұрынғы Саяси ағарту үйінде орналасып, қазақтың демократ ақыны Сұлтанмахмут Торайғыровтың (1893-1920) есімі берілді. Облыстық кітапхананың қазіргі күндегі директоры – «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» М.А.Жиенбаева . Үшінші қабатта орналасқан қазақша оқу залын Шайкенова Назым Қизатқызы басқарады. Мұнда біз өз ана тілімізде өзімізге қажет болған барлық бағыттағы қажетті мағлұматтарды ала аламыз.
Оқырмандары күні бойы үзілмейтін осы бір рухани орталық қаламыз тұрғындары мен оқушы-студенттер үшін маңызы ерекше екені айтпаса да түсінікті.
Тоқтамыс Дастан
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ
музыкалық драмалық театры
Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драмалық театры Ломов көшесіндегі №140 ғимаратта орналасқан. 1990 жылы жылы құрылған. 1996 жылға дейін 25 Октябр (қазіргі генарал Дүйсенов атындағы көше) және Дзержинский (Қазіргі академик Сәтпаев атындағы көше) көшелеріндегі лайықсыз екі ғимаратта орналасты. Қазіргі уақытта Металлургтер мәдениет үйінде орналасқан. 1993 жылдан бастап қазақ ағартушысы, педагог, жазушы драматург Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) есімі берілді.
Қазіргі күнде театрдың директоры Атақты әртістері Біздің мектеп оқушылары мен ұстаздары театрдың тұрақты көрермендері. Осы оқу жылының қазан айында мектептен 200-ден астам оқушы театрдың қойлымдарын тамашалап рухани азық алды. Ал өзім театрды өте жақсы көремін.
Қайыржанав Ержанат
Достарыңызбен бөлісу: |