1.Созылмалы пиелонефриттің емінің маңызды принциптерін атаңыз:
А) антибиотиктермен зәр анализі қалыпқа келгенше ем жүргізу
+В) ұзақ антибактериалды терапия және зәрдің пассажының қалпына келуі
С) антибактериалды терапия + кортикостероидтар
D) антибактериалды терапия + дезагреганттар
Е) антибактериалды терапия + иммуностимуляторлар
2.Әйел адам 37жаста бел аймағында ауырсыну, зәр шығарудың жиілеуіне шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бұрын босанудан кейін бел аймағында ауырсыну, қызба, дизурия мазалаған. Объективті: температура 370С. Бел аймағында соққылау симптомы екі жақта оң мәнді. Қанда: лейкоцит – 6,1х 109/л, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: сал.тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоцит- 6-8 көру алаңында. Нечипоренко сынамасы: эритроцит – 1 х 106/л, лейкоцит – 6 х 106/л. Қандай препаратты емдеу бағдарламасына қосу тиімді?
A)Линкозаминдер
+B)Пенициллиндер
C) Тетрациклиндер
D) Аминогликозидтер
E) Нитрофуранды қосындылар
3.Ер адам 32 жаста, қабылдау бөліміне бел тұсының ауырсынуымен жеткізілді. УДЗ жүргізгенде: бүйректердің ассиметриялы зақымдалуы, бүйрек тостағаншалары мен түбектерінің және несепағардың жоғарғы үштен бірінің кеңейгені анықталды. Мүмкін болтаны диагноз қандай?
+A) Пиелонефрит
B) Бүйрек амилоидозы
C) Бүйрек туберкулезі
D) Гломерулонефрит
E) Интерстиалды нефрит
4.Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқасқа созылмалы гемодиализбен емдеуді, шумақты фильтрацияның қандай деңгейінде бастайды:
+А) 5 мл/мин және төмен
В) 35 мл/мин
С) 40 мл/ мин
D) 45 мл/мин
Е) 55 мл/мин
5. Науқас 29 жаста, анамнезінде цистит, субфебрильді температурға, тоңғыштыққа, оң жақ бел маңында дискомфортқа, жиі зәр шығаруға шағымдалады. Зәрде: салыстырмалы тығыздығ 1020, ақуыз 0,03 г/л, лейкоциттер- 20-30 көру аймағында, бактерии+++; Қанда креатинин 0,088 ммоль/л. Диагностикалық тесерудің келесі түрін таңдаңыз?
А)бүйректің пункционды биопсиясы
В) Нечипоренко бойынша сынама
С) Зимницкий бойынша сынама
D) бүйректің УДЗ
+Е) Реберг-Тареев сынамасы
6.Қандай ауруда нефротикалық синдроммен науқастарға глюкокортикостероидтарды тағайындау нәтижелі болады:
А) қантты диабетпен
В) дәрілік аурумен
С) туберкулезбен
D) бүйрек ісігімен
+Е) гломерулонефритпен.
7.Науқаста созылмалы пиелонефрит, СБЖ І. Зимницкий сынамасында: күндізгі диурез 700 мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1007, түнгі диурез-1500мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1012. Зимницкий сынамасын талдаңыз:
А) полиурия және бүйректің концентрациялық қызметі сақталған
В) Зимницкий сынамасы қалыпты
+С) полиурия, никтурия және изостенурия
D) олигурия, никтурия және изостенурия
Е) никтурия және бүйректің концентрациялық қызметі сақталған
8.Наукас, 35 жаста, бас ауыруға, ентігуге, массивті ісіктерге шағымданып түсті. Қарағанда: бетте, алдыңғы іштің қабырғасында, аяқтарда жұмсақ, жылы ісіктер. АҚ 180/100 мм с.б.; аускультацияда + төменгі бүйір бөліктерде тыныс кенет әлсіреген, ЖСЖ 100 уд/мин. Зәр анализінде: белок-3,8 г/л, эритроцит-10 көру алаңында, гиалинді цилиндрлер-20-25 көру алаңында, түйіршікті цилиндрлер- 5-8 көру алаңында. Бүйректің биопсиясы жасалды. Аурудың морфологиялық жағымды түрін таңдаңыз:
А) пролиферативті жайылмалы гломерулонефрит
+В)шумақтар минимальді өзгерген гломерулонефрит
С) фибропластикалық гломерулонефрит
D) мембранозды гломерулонефрит
Е) экстракапиллярлы гломерулонефрит
Достарыңызбен бөлісу: |