1-срмп. Жасұланова Гүлназ мх-11 Тақырыбы: Басқару деңгейі. Басқару обьектісі мен субьектісінің өзара байланысы



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі34,9 Kb.
#120245
  1   2   3   4
Байланысты:
1-4
1-4, 2 5453902802793281071

1-СРМП. Жасұланова Гүлназ
МХ-11


Тақырыбы:Басқару деңгейі. Басқару обьектісі мен субьектісінің өзара байланысы.
Басқару деңгейлері:

  1. Жоғарғы деңгейлі менеджерлер – басқарудың ең аз тобы. Ең үлкен кәсіпорындарда олардың саны көп емес.Оларға зауыттың директоры, президенті, вице-президенті, директорлар кеңесінің төрағасы, университет ректоры және т.б. Басқарудың бұл деңгейі жоғарғы білімді талап етеді, кейбір жағдайда бір ғана емес, одан да көп білімді қажет етеді.

  2. Орташа деңгейлі менеджерлер – төменгі деңгей менеджерлерінің басшылары. Кәсіпорын аумағына қарай бұл менеджерлерінің бірнеше деңгейі болуы мүмкін. Орташа деңгейлі менеджерлерге –цех басшысы, бөлім басшылары, филиал директоры, факультет деканы, сату бөлімінің басшысы және т.б. Көбінесе бұл басшылар жоғарғы оқу орындарын бітірген мамандар.

  3. Төменгі деңгейлі менеджерлер – жұмысшылар үстінен бақылайтын төменгі басшылар. Оларға мастерлер, бригадирлер, кафедра меңгерушілері, сауда менеджерлері және т.б. Басшылардың басым бөлігі – төменгі деңгейлі менеджерлер. Көптеген адамдар өзінің басқару мансаптарын осы деңгейден бастайды. Төменгі деңгей менеджерлері әртүрлі деңгейлі білімі болуы мүмкін.

Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы – бұл басшылық.

Басқару мен менеджментте бірдей категориялар пайдаланылады, бұларға жататын ұғымдар мынадай – басқарудың объектісі мен субъектісі, олардың арасындағы тура және кері байланысы, басқару жүйесі, қоршаған орта. Менеджмент пен басқарудың негізгі категорияларын кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде қарастырғанда, олардың іс-жұмысының ерекшелігін және шаруашылық субъектілердің іс-қимылдарының жалпы міндеттерін ескерген жөн.


Басқару объектісі – бұл бақарылатындардың барлығы, яғни сала, кәсіпорын, бөлімшелер және т.б. Менеджментте басқару объектісі ретінде әр уақытта белгілі бір мақсатқа жету үшін өздерінің іс-қызметтерін үйлестіретін және бағытталатын адамдар тобы қарастырылады. Басқару субъектісі – бұл басқарушылардың барлығы, яғни саланың, кәсіпорынның, бөлімшелердің басқару аппараты.
Басқарудың объектісі мен субъектісінің арасында тура және кері байланыс болады. Тура байланыс – бұл басқару объектісіне субъектіден түсетін әмір (команда). Кері байланыс – бұл басқару субъектісіне объектіден әмірдің орындалғаны және оның жағдайы туралы түсетін ақпарат.
Басқару объектісі мен субъектісінің жиынтығы тура және кері байланыстармен бірге басқару жүйесін құрайды.
Басқару жүйесінде басқару объектісін басқарылылатын жүйелілік, ал субъектісін – басқаратын жүйелілік деп жиі айтылады. Басқару жүйесін бірқатар жалпы шарттары сипаттайды. Ең алдымен басқарылатын жүйеліліктің басқарушы жүйеліліктің ықпалымен өзінің параметрін (немесе қасиетін) өзгертетін қасиеті болып табылады. Бұл орайда басқарудың тиімділігі үшін критерийлер мен көрсеткіштер қажет, олардың ішінде басқару объектісінің іс-қызметінің маңызды паремтрін неғұрлым толық көрсететіндер.
Басқарудың негізгі категорияларының өзара байланысы.
Басқару субъектісі объектіге берілген мақсатқа сәйкес ықпалын жүргізеді. Бұл үшін басқарылатын жүйе бөлігі басқару объектісіне көрсетілген ықпалынан кейін оның жағдайы қандай екенін анық білуі керек.
Мақсатқа анық бет бұру үшін басқару субъектісіне объектіге ықпал көрсетілгенше және көрсетілгеннен кейінгі жағдайлары бойвынша ақпарат түсіп отыруы қажет, басқаша айтқанда басқару жүйесінде тура және кері байланыс айқын түрде ұйымдастырылуы керек. Сонымен ақырында, басқарудың қайсы бір экономикалық жүйесі болса да, онда белгілі материалдық, еңбек, қаржы және басқа ресурстар болуы керек.
Әрбір кәсіпорын қоршаған ортамен өзара әрекетте болады. Қоршаған орта – бұл осы кәсіпорынды қоршағанның барлығы: жеткізушілер мен сатып алушылар, бәсекелестік ұйымдар, мәдениет, саяси ахуал және т.б. Қоршаған орта қай ұйым болса да, оған кадрларды, еңбек қаруын, шикізатты, материалдарды және қуат таситындарды бере отырып, белсенді әсерін көрсетеді. Өз кезегінде кәсіпорын қоршаған ортаға тауарлар мен қызметті өңдіргенде және өткізгенде өзінің ықпалын тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет