1-тақырып. Сабақтың тақырыбы



бет1/3
Дата12.09.2020
өлшемі19,56 Kb.
түріСабақ
  1   2   3

1-тақырып.

Сабақтың тақырыбы:  Қасым Аманжолов, өлеңдері мен поэмалары
Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл Көшен қыстауында дүниеге келген. 1923 жылы Қасымды ағасы Ахметжан Семейдегі бастауыш мектеп-интернатқа түсіреді. Мектептен кейін Қасым Семей мал-дәрігерлік техникумында оқиды. Оны тәмамдаған соң Оралдағы педагогикалық институтқа түседі. 1930 жылы Алматыға барып «Лениншіл жас» газетінің редакциясына қызметке тұрады. 1931 жылы Қасым Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түседі, бірақ аяқтай алмай, Оралға келіп «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке тұрады. 1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.

Алғашқы өлеңдерін Қасым Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазылған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген «Лениншіл жас», «Қызыл әскер» және «Пионер» газеттерінде жарияланған. Касым Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркемдік басқарушысы болады. Бұл группа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы Қасымның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қасымның ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылады. 1936-1941 жылдары Қасым Аманжолов Алматыға барып «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады. 1939-1941 жылдар арасында Қасымның шығармашылығының елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заула Түрксиб», «Сұлтанмахмұт туралы баллада» сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады. Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі. Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбыра, сырнай, скрипка, пионина тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. «Дариға, сол қыз», «Туған жер» атты әндері бүгінгі шырқалатын әндер тізімінің қатарында. Қасым Аманжоловтың бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы «Өмір сыры» деген атпен шықты. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы «Бар дауыспен» деген атпен жеке жинақ етіп жариялады.

Қасым Аманжолов тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын. «Дүние қандай жап-жарық», «Сақыпжамал», «Күйім тасып барады, күйім тасып», «Жаным сәуле, еркешім, қызыл гүлім» атты өлеңдері Қасымның лириктігін танытса, «Ақын өлімі туралы аңыз», «Боран», «Біздің дастан», «Жамбыл тойында» атты поэмалары – оның эпиктігінің дәлелі.

Қасым 1941-1945 жылдары соғысқа қатысып, жауға қарсы қолындағы қарумен де, қаламымен де белсене күресті. Соғысқа аттанар алдында ақын «Мазасыз муза», «Қоштасу», «Бейсекештің бес ұлы» сияқты патриоттық өлеңдерін жазды. Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалық өлең жазған. «Үстімде сұр шинелім», «Мартбек», «Жеңіс дауысы», «Орал», «Ертіс», «Сибирь», «Сарыарқа» сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал «Елге хат», «Достар, қайда жүрсіңдер?», «Ағайға» деген өлеңдері туған елді, дос-жарандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды.

Соғыс аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның «Біздің дастан» поэмасы жазылып, таңдамалы өлеңдер жинағы «Дауыл» деген атпен жарық көрді.

1949-1952 жылдары Қ.Аманжоловтың «Балбөбек», «Нұрлы дүние» жинақтары, «Таңдамалы шығармалар жинағы» басылып шықты.

1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауру халде жатса да өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездері Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел – оның «Өзім туралы» атты өлеңі. Бірақ бұл өлеңді аяқтамай кетті.

1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ.Аманжолов Қазақстан Жазушыларының 3 съезінің ашылуына қатысты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты меңдей түсті. 1955 жылы 18-қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.

Өмірден ерте кеткенімен Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өшірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қасым Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет