«Бір сөзбен ата». Тұрақты тіркестердің синонимдерін табады.
Қыздың жиған жүгіндей.
Ер мойнында қыл арқан шірімес.
Ит арқасы қиянда.
Тайға таңба басқандай.
Тонның ішкі бауындай.
Бармағын тістеді.
Бетінен оты шықты.
Қой аузынан шөп алмас.
Құлаққа ұрған танадай
1-тапсырма. Тұрақты тіркестерді қолдану арқылы ойды қысқа, сапалы, әсерлі етіп жеткізуге бола ма? Тұрақты тіркес туралы білетіндерін еске түсіре отырып, жауап беру. Тапсырма орындау арқылы дәлелдеу.
Үлгі : Байлық- қолға ұстаған мұз.
1. Мақал- мәтелдердің жалғасын тауып жаз. Әкеге қарап ұл өсер, (…... ....... ....... ... ...... .) Досы көпті жау алмайды, (...... ..... ..... ........ .) Інісі бардың тынысы бар, (..... ..... ...... ....... .) Тауды, тасты жел бұзар , (....... ...... ..... .) Білегі күшті бірді жығады, (...... ..... ...... ....... .) Ағайынның аты озғанша, (.......... ....... .... .) Кісі елінде сұлтан болғанша, (...... ....... ...... ...... .) Ер жігіт елі үшін туады, (..... ..... ..... .) Ауруда шаншу жаман, (..... ..... ..... .) Өз білмегеніңді кісіден сұра, (..... ...... ....... ....... .)
2-тапсырма.
Берілген сөздердің тұрақты сөз тіркестерін тап
Алдау, жайбарақат, жоқ қылу, жәбірлеу, әділ, менменсу, хабарласпау, жоғалу, оқыған
1 Қара қылды қақ жару
2 Мұрнын көкке көтеру
3 Құмға сіңген судай
4 Мұзға отырғызу
5 Күлін көкке ұшыру
6 Ұзын арқан кең тұсау
7 Тісін батыру
8 Көзі ашық
9 Ат ізін салмау
Үйге тапсырма: «Адами қасиеттер» тақырыбында шағын ой толғау жазады. Қонақжайлық қазаққа тән қасиет пе?
Достарыңызбен бөлісу: |