Тақырыбы: Желтоқсан алауы-Тәуелсіздік бастауы



Дата12.03.2018
өлшемі148,73 Kb.
#38859
Тақырыбы: Желтоқсан алауы-Тәуелсіздік бастауы.

Мақсаты: 1.Оқушыларды Отаншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

2.Желтоқсан (1986 жыл.) оқиғасы туралы шындыққа қол жеткізу.

3.Желтоқсан жаңғырығы туралы және көтерілістің құрбандары туралы

мағлұмат беру.



Көрнекілігі: Ләззат Асанова мен Қайрат Рысқұлбековтың портреттері.
1. Хор «Желтоқсан желі»

Желтоқсан бірде

Ел тосқан түрде,

Келетін мүлде жайдарлы.

Сол жылы бірақ,

Әдеттен жырақ

Көрінді шын-ақ айбарлы.

Қайырмасы: Тоңдырлы мені,

Тоңдырды сені

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Тоңдырды нұрды,

Көңілде мұңлы із қалды.

Шайқалды күйім,

Шайқалды миым,

Бомбалар жиі жарылды.

Малым да келім,

Жаным да келіп,

Қинады берік жанымды.



Қайырмасы: Тоңдырлы мені,

Тоңдырды сені

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Тоңдырды нұрды,

Көңілде мұңлы із қалды.



Мерлан: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз дүниені дүр

сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның

желтоқсанына арналған: «Желтоқсан алауы-Тәуелсіздік бастауы» атты

кешімізді ашық деп жариялаймыз!



Гүлдана: Желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы

тарихтың бір белгісі.



Мерлан: 16-желтоқсан.Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі

жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.Бұл қасіретті күн Қайрат,

Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған

қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні

еді.Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың

рухын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялаймыз.

Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқып ескенсің.

Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің тескенсің.

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең-жырымыз.

Жабылып жатса мектептер,

Жадырар қалай күніміз.

Тарылып жатса даламыз,

Қайтіп біз тыныс аламыз.

Қақымыз жоқ айтуға,

Әділет қайдан табамыз?



Гүлдана:

Бұрқ етті қазақ баласы,

Кеудеде өршіп наласы.

Алаңға қарай ағылды,

Таусылып барлық шарасы.

Жібердік еркін ат басын,

Қиянат жанға батқасын.

Тоқырау таңын күйреттік,

Деп: «Теңдік күні батпасын».

Жанымыз жомарт қазақпыз,

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.

Қосайық басты бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

Радиодан төтенше хабардың белгісі беріледі.

Мерлан: 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің

пленумында Д.Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты

Республика Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы

міндетінен босатты.Оның орнына Ресейден келген Г.В.Колбин

сайланды.Төтенше өткен Пленум 18 минутта аяқталды.

Гүлдана: Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқы мен санаспаушылық

болып табылады.Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде

наразылық ұшқыны лаулай түсті.

Көрініс. Сахынаға екі студент шығады, бірі-жігіт, бірі-қыз.Қолдарында

конспекті дәптерлері бар.

Нұрсауле: Мақсат, сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты

дейді.


Асылхан: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?

Нұрсауле: Кеше куратор ағайдан естідім.Бүгін Брежнев алаңында көп адам

жиналады.



Асылхан: Неге? Неліктен?

Нұрсауле: Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді.Халық наразылық

білдіріп жатқан көрінеді.Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.



Асылхан: Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас.Жүр кеттік! Тез

барайық!


Мерлан: Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер

«контрреволюционерлер» емес еді.Олардың ойы халықтың құқтары мен

проблемалары туралы сөз жүргізу еді.Алайда оларды бір қолында

шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер

қарсы алады.Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш

жаңқасындай быт-шыт болып ұшып жатыр.Үкімет Үйінде жастар шеруін

қуғындау үшін астыртын « Құйын-1986 » деген оперативті жоспар

құрылып жатты.Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, алаңсыз еді.



Көрініс. Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат.Қолдарында «Каждому народу-своего вождя», «Ленин идеясы жасасын!», «Қазақ ежелден еркіндік аңсаған!»,

« Қазақстан-қазақтардікі», «Ресейге қайт!» деген транспоранттар бар.Оларға Мақсат пен Айгүл қосылды.

Ербол: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!

Ленмар: Қазақстаннан адам табылмады ма?Қазақстанға басқа жерден басшы

әкелгені несі?



Гүлзада: Талап-тілекті айтамыз.Шықсын ортаға басшылар.

Осы кезге «Менің Қазақстаным» әні айтылады. Жастар теңселіп тұрып бұл әнді ерекше бір шабытпен тамаша орындайды.



Прокурор (Нұрберген): Балалар! Уа,балалар! Мен Республика прокурорымын.

Тарқаңдар! Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болды! Мен сендерге күш

қолданам! Үйге қайтыңдар.

Осы кезде залда әскери команда беріледі.



Әскери адам (Айбек): Первая рота!Слушайте мою команду!Производится

операция «Құйын».Немедленно разогнать экстремистов и

хулиганов! Первая рота, за мной! УРА!

Осы кезде залға сырттан қаруланған әскер адамдар-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды.Қаралы музыка баяу ойнап тұрады.Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйретіп, жұлқынып әкете бастайды.Бет-аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас қазақ қызын екі әскери солдат сүйреп келді.Қыз жұлқынып ,халыққа қарап ышқына сөйлейді:

Гүлзада: - Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай!

Қосылыңдар біздің қатарға!

Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпарымен ұрып қалады.Қыз сылқ етіп есінен танып түседі.

Гүлдана: Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен

еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі

өлтірді деген өтірік жала жабылған еді.Тексере келе Ләззаттың да алаңда

болғаны анықталды.


Гүлдана:Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн

еді.Себебі, бұл түндеқаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды

ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді.Осындай қатігездікті көрген оларға

араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар.



Мерлан: Иә, халық басына төнген осы бір қасіретті сәтті от тілді, қайсар ақын

Қайрат былай деп суреттейді:

Екі жүзің қырылып,

Екі жүзің ұрылып.

Екі жүзің сотталып,

Жоқтаусыз кетіп барасың!

Қыршынымнан қиылып,

Солармен бірге өлсемші-ай!

Артта қалған ата-анам

Арулап қолдан көмшесі-ай!



Гүлдана: Иә, қылышынан қан тамған осынау Колбин үстемдік қылған заманда-ақ:

Сөйлесең даусың жетпейтін,

Кез болдық мынау заманға.

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға - деп жасқанбай жырлаған Желтоқсанның аққан

жұлдызы жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков ең жоғарғы жаза – ату

жазасына іліккендердің бірі.

Мерлан: Әрбір тарихи кезең дәуір белесінде өз үнін, өз жырын, өз әуенін

қалдырып отырады .



Ботагөз: Иә, Қайраттың балаң үнінен Махамбеттің арынан, Шәкәрімнің

қайғысын, Мағжанның махабатын, Мұқағалидің арман-сағынышын,

өкініш-күрсінісін сезгендей боласың, орталықтың қара түнегіндей

найзағай боп жарқылдап, жыр нөсермен күн шұғыласындай жалпақ

әлемге танылған бүкіл адамзатқа жүрек нұрын шашқан. «Ұлы Қайрат,

ақын Қайрат, батыр алты алаштың арасы болған Қайрат кім еді?» деген

сауал еріксіз тіл ұшына үйріледі.

Айсұлу: Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм

ауданында дүниеге келген.Әкесі Ноғайбай бақташы, шешесі Дәметкен

сауыншы болатын. Қайрат Шу қаласына таяу жердегі Новоащик

селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатта

оқыды.Қайрат мектепте бастауыш комсомол ұйымының хатшысы

болды.Қабырға газеттерінің редакторы болып, мақала жазумен

әуестенетін.

Дайана: Қайраттың ұстазы Асылбек аға былай деп сыр шертеді. « Жағылған

пышақтың сабы алтын » дегендік емес, Қайрат ерекше жаратылған бала

еді.Бала болып орынсыз елтең-селтеңге берілгенін көрген емеспін. Оқуын

тым жақсы оқыды.Төртінен бесі көп еді. Мінез құлқының тұрақтылығы,

ақыл-парасаттың айқындығы жағынан оқшау тұрды. Алды-артын болжап

өмірдің сыр-қырына үңіле алатын қасиеті бар еді.Отан алдындағы

борыщын өтеп келген соң, өз тіршілігімен Алматы құрылыс институтына

түсіп, студент атанды.



Гүлдана: Тұтқынға түстім жаутаңдай,

Жоламай ешкім қасыма.

Бара қалсаң сәлем айт

Елдегі құрбы досыма, - деп мұңая жырлаған албырт жас ел Жаңа жылды қарсы алып жатқан күні туған нағашысының үйінде отырғанда тұтқынға алынды.



Көрініс.Үй іші қалаша жиналған.Дастархан басында Қайрат, нағашысы, жеңгесі отырды.

Нағашысы: Қайрат-ау, тамақ алсаңшы! Студент болам деп бір ішек болып

қалыпсың-ау өзің.



Қайрат: Жә, бұйырғанын жеп отырмын ғой нағашы.

Нағашы (Талғат): Астан алыңқыра, Қайрат.Өзіңнің ептеп өлең жазатының

болушы еді ғой.Жаңа жылға арналған, мына маған арналған өлеңің бар

шығар, жаман жиен.Айта отыр көңілдене түсейік.

Қайрат: (Гүлмаржан) Иә, нағашы, бар ғой бар, бар! (Осы кезде есік қағылып, үш-

төрт милиция үйге келеді.)

Милиция (Дархан): Біз органнан келдік.Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты

тұтқылдауға келдік.Прокурордың санкциясы бар.Міне!



2 жігіт Қайратқа: Тез жинал, бізбен бірге кетесің!

Жеңгесі (Мирамгүл): Ойбай-ау, бұларың не?Жұдырықтай баланың не жазығы бар

еді? Әке- шешесіне не бетімізді айтамыз?



Милиция:Жеңеше сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.Анық-

қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.



Қайрат:Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма.

Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма сорыма.

Біріншіден мен анамды сағындым,

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?...

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді, міне, абақтыға жабылдым.



Көрініс. Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр.(Өте жүдеу).Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады.Содан кейін қатты шаршап, былай дейді: Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!

Құттыбек (Айдана): Енді біз бостандыққа сірә шыға алмаспыз, Қайрат.

Қайрат: «Құттыбек, ертең бәрібір шығамыз, бүгін бізді ұрып-соғып қорлағандар

әлі-ақ жауап береді заң алдында, ар алдында, Алла алдында!»



Кезекші (Гүлдана): Заключенный Рыскулбеков на допрос!(Қайратты алдына

салып, тергеу бөлмесіне әкеледі.)


Тергеуші (Айдар): Айыпкер Рысқұлбеков! Сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде

жасақшыларды көрдің бе?



Қайрат: Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көремін?

Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?

Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын.

Тергеуші: Сенің ұрып жыққаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір. Бұл өтірік, жала!

Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный! Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще.

(Ұрып-соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады.)



Тергеуші: Әй, Рыскулбеков!Сен Савицкийді өлтірдім деп мойыныңа ала сал.Сонда

сенің жазаң жеңілденеді.Егер сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң,

әкеңе тиіспейміз.Әйтпесе әкеңді де өлтіреміз.

Қайрат: Жолдас тергеуші! Бұл жала ғой!Өлтірмеген адамды өтірік өлтірдім деп

қалай мойындаймын?Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргем жоқ қой.



Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков! Сен ақымақ болма! Савицкийді өлтірдім

деп мойында.Бұл-бір.Маған әкеңнің 4000 сом алып, мына менің жұмсақ

алақаныма сал, бұл-екі.Түсіндің бе, мақұлық?

Қайрат: Жолдас тергеуші!Ауылда өз күнін өзі әзер көріп отырған ата-анамды ақша

деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін?

Ешқандай қылмысым жоқ қой.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде қасым бар.

Қасқалдақтай жаным бар

Бозторғайдай қаным бар.

Алам десең алындар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты-құрбандық,

Атам десең атыңдар.



Сахна жабылады.

Аңсар: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау

алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі-

кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.

Оған бағытталған оқ-кәдімгі қылмыскерге емес, тығырыққа тірелген

қоғамның бар шындығын басқаша түсінетіндерге, яғни саяси «теріс көзқарастағыларға» арналған оқ еді.Қайрат болмаған күнде де алаңда ұсталған жігіттің бірінші нөмерлі «ұлтшыл» атанып, осы кепті киуі ғажап емес-тін.

Анна: Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген,

рухани езілген балаң жігіт:

Жел кірді көңіліме жиырма бірде

Айналды ерікке қоймай сол несібе.

Желпілдеп, желдім екен несіне,

Түседі адасқаным енді есіме,-деп қатты торыққан қайсар рухты қазақ жігіті орысша-қазақшаға судай жігерлі, отты жігіт еді.Өкінішке орай, 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесінде Қайрат Рысқұлбеков 21-мамыр күні таңда өмірден өтті.Қанаты қайырылып, жарық күнмен мәңгі қоштасты.Есіл ер көзі тірісінде шындыққа жете алмай қапыда жер жастанды.



Маулет: Несібелді Иманованың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының жазықсыз құрбаны болып кеткен жас қыршын, балауса балғын Қайрат Рысқұлбековке арналған өлең шумақтары.

Жазықсыз Желтоқсанда, Қайратжаным,

Құрбаны болғаныңа қайнап қаным.

Өртеніп өкініштен өзек бүгін,

Атпады сені ойласам жайлап таңым.

Сойылмен соғып сені жайратқаны -

Қанымды сол емес пе қайнатқаны.

Көргенде ыза кернеп өн бойымды,

Тісімді қаршылдатып қайратқаны.
Әлдекім аңдып ағат басқаныңды,

Қинады-ау, отқа қарап жас жаныңды,

Шындықтың туын жығып желтоқсанда,

Жоныңнан қайыс алып, таспа тілді.


Жаралы арыстандай жатқаныңда,

Атпады арайланып ақ таңың да,

Дұшпандар былшылдайды сыртта жүріп,

Жүгіртіп неше қилы саққа мында.


Ұлдана: Татырмай дәуір дәмін таңдайына,

Тағдырдың басты сызын маңдайыңа.

Сөндіріп жастығыңның жалын отын,

Жолықтың жауыздардың қандайына.


Кездесіп қырсығы мол қилы заман,

Жендеттер қанды қақпан құрды саған.

Жас қыршын жаныңды ұрып кете бардың,

Кеудеңе сыймай жүрек ұрғылаған.


Жүрегің өрттей лаулап, шындықты айтып,

Сойылдан сескенбедің серттен тайқып.

Сонау бір қанды қырғын жексебідей,

Сезсең де оралғаның сұмдық қайтып.


Нашақор, маскүнем деп кіналаған,

Жалған сөз қатты батты мына маған.

Көтеріп желтоқсанда жастар ұран,

Әділет жасасын деп «уралаған».


Таңат: Жастардың шындық жолын бұрмалаған,

Кенеттен соққы болды бұл да жаман.

Алаңда жүрген жасты, ұл-қыздарды,

Қысымға ап, қанға бояп қудалаған.


Сенделіп өңкей өрім тұралаған,

Соққыдан жан қалмады құламаған.

Қызықтап тұрды сыртта қанішерлер,

Қылқитып мойындарын мұнарадан.


Жазықсыз жастарымды тектен, босқа,

Жазалап, жала жауып кеткен жоқ па?

Ұқсаған топырағы шөккен тасқа,

Көргенде көл тұрады төккен жасқа.


Жыртқызған жауыздыққа жағаларын,

Еске алды сонда жастар ағаларын.

Арманға жетпей кеткен боздақтарға,

Берді ғой бүгінгі ұрпақ бағаларын.


Мейірболат: Кең сарай кеудесіне құйып кетті,

Жазықсыз жалын жастар күйіп кетті.

Ұрпақтар жүрегіне жасын құйып,

Арманы ағалардың биіктетті.


Шалынған құрбандыққа қырандарым,

Сендерге жүрегімнен жыр арнадым.

Тұншыққан жыл бойы сергелдеңмен,

Бүгін қайта көтерілді ұрандарың.


Табаннан желтоқсанның ызғары өтіп,

Қалса да денелері мұзға бекіп.

Тайсалмай әділетпен шындық жолдан,

Жас жанын қиды жастар құрбан етіп.


Алаңға барғандарды адалдықпен,

Сойылға жыққан бәрін надандықпен.

Күйініп жаны ашып соған тіптен,

Күйзеліп аһ ұрады адам біткен.



Мерлан: Көшені бейбіт жолмен аралаған,

Қалайша жамандыққа барады адам.

Жазықсыз жастарыма кіна таққан,

Жандарды қарғыс атқыр қаралаған.


Күндерін айналдырып түнектерге,

Өмірден ерте кеткен түлектерге.

От кешіп жалын құшқан ерендердің,

Аттары қалды мәңгі жүректерде.


Қайратжан, өшпейді атың, мәңгі есте,

Ойылды мәрмәр тасқа сәнді кесте.

Бөлініп гүл шоғына ескерткішің,

Өріліп алау оты жанды кеште.


Халқымыз қасіреттің ішпей уын,

Биікке көтерілсін бейбіт туым.

Бірлік пен әділеттік мәңгі жасап,

Жалғайды аға жолын келер буын.



Осы өлең шумақтарымен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Желтоқсан-тәуелсіздік бастауы
Каталог: uploads -> doc -> 0131
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0131 -> Сабақ Оқытушы: ағылшын тілі кафедрасының 1 санатты оқытушысы
0131 -> Сабақ Тақырыбы: ц дыбысы мен әрпі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет