1-тапсырма. Берілген тарихи фактілерді тәуелсіздікке дейінгі және тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдерге бөліп орналастырыңдар



Дата17.04.2020
өлшемі13,39 Kb.
#62932
Байланысты:
тапсырмалар

1-тапсырма. Берілген тарихи фактілерді тәуелсіздікке дейінгі және тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдерге бөліп орналастырыңдар.


Тәуелсіздікке дейін


Тәуелсіздіктен кейін














1. Бүгінгі таңда Қазақстанды 113 мемлекет танып, 105 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

2. Қазақстанның шет елдермен, әсіресе бейбiтшiлiк сүйгiш саясат ұстанып отырған, отарлық бұғаудан азат Шығыс елдерi – Үндiстан, Индонезия, Бирма (қазiргi Мьянма), Непал және ҚХР-мен байланыстары жақсара түстi.

3. ХХ ғасырдың 90-жылдары Қазақстан алғаш рет әлемнің ең беделді деген халықаралық құрылымдарымен байланыс орната бастады және бүгінгі күні қатынастар кеңеюде.

4. Қазақстанның өсіп келе жатқан экономикалық қуаты оның 50-жылдардың екiншi жартысында шетелдiк әріптестерімен сыртқы сауданы жандандыруына мүмкiндiк бердi.

5. Дүниежүзi бұрынғыша бiрнеше топқа бөлiндi. Мұндай бөлінудегі басым бағыт – КСРО мен АҚШ-тың, олардың одақтастарының бiр-бiрiне қарама-қарсы тұруы болды.

6. 1994 жылы Қазақстан интеграциялық үрдістерді белсенді жүргізу мақсатымен Өзбекстан және Қырғызстанмен Ортақ экономикалық кеңістік құрды, оның негізінде «Орта Азиялық Бірлестік» пайда болды.



2-тапсырма. Ойды аяқтаңдар
1. Қазақстан Республикасында тәуелсіздік күні ...................................... тойланады.

2. Қазақ халқы азаттық жолында............. көтеріліс жасады.



3. 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бас қосқан мемлекеттер..........құрғандары туралы хаттамаға қол қойды.

4. 1992 жылы ..........................Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет