1. Тірек-қимыл қозғалысы зақымдалған балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету ерекшелігі



бет1/4
Дата26.03.2022
өлшемі14,69 Kb.
#136910
  1   2   3   4
Байланысты:
Туркменбаева У.А (ИББ) 12.03


Туркменбаева Улдай Аралбайқызы
ДОТ колледжден кейін
2 курс

1.Тірек-қимыл қозғалысы зақымдалған балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету ерекшелігі.
ТҚҚ кемістігі бар балалардың жетекші тірек-қимылындағы қызметінің толық жетілмеуі, бұзылуы маңызды ерекшелігі болып табылады. Олардың негізгі тобын орталық церебральді сал аурумен ауыратын балалар (89%) құрайды, ол балалар қимылындағы кемістік психикалық және сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтармен үйлеседі. Сондықтан да, бұл топтағы балалардың көбісі емдік - әлеуметтік көмекті, логопедиялық түзетуді және психологиялық-педагогикалық қолдауды қажетсінеді. Ал басқа тірек-қимыл қозғалысында аутқуы бар балалардың таным әрекеті қалыпты дамыған, олар арнайы оқыту мен тәрбиесіз өмірге бейімделеді. Аталмыш балаларды әлеуметтік бейімдеудің екі бағыты бар:
1. Қоршаған ортаны бала қажеттілігіне бейімдеу (арнайы техникалық құралдар мен жабдықтар арқылы).
2. Баланың әлеуметтік орта жағдайына бейімделуі.
Тірек-қимыл-қозғалысындағы (ТҚҚ) жарақаттар және туа біткен немесе жүре пайда болған аурулар 5-7% балаларда байқалады. Тірек-қимыл-қозғалыстағы ауытқулардың түрлері:
1.Жүйке жүйесінің аурулары: балалық церебральды сал ауруы (БЦС), полиемиелит.
2.ТҚҚ ауытқуларының туа біткен дерті: омыртқа дамуындағы кемістік (сколиоз)), аяқ-қолдың толық жетілмеуі, туа жаңбас сүйегің шығып кетуі, қол саусақтарының кемтар дамуы.
3.ТҚҚ -нің жарақаттануынан болған аурулар мен кемістіктер: бас мидың және аяқ – қолдың жарақаттануы: полиартрит; қаңқа ауруы (туберкулез, сүйектегі ісік, остеомиелит); қаңқаның жүйелі ауруы (рахит).
БЦС кезіндегі қимыл кемістігінің құрылысы
1. Бұлшық ет тонусының жоғарылауы байқалады. Қимылдағанда бұлшық ет тонусының ұлғаюы тән. Сіреспелік кезінде бұлшық ет қысылады да, сіреспе жағдайында болады. Қысымның төмендеуі кезінде аяқ-қол және дене бұлшық еттері әлсізденіп, салғырт тартады. Қысым төмендегенде бәсең қозғалыс көлемі қалыпты уақыттан біршама артып кетеді.
Қозғалыстың шектеулілігі, көбінесе бұлшық ет күшінің төмендеуімен үйлеседі (сал, парездер). Мидың зақымдалу тереңдігіне байланысты кейбір қозғалыстар өте шектеулі (парез), немесе мүлде болмауы мүмкін- сал. Бұл жағдайдағы бала аяқ, қолын еркін қимылдата алмайды. Парезде көбінесе ұсақ қимыл-қозғалыстар зардап шегеді.
3 . Күшпен қимыл қозғалыстың болуы
Гиперкинез - бұлшық ет тонус ауысуынан болған күштеп қозғалу гиперкинез бен тремор ретінде көрініс береді. Гиперкинезиялар демалу және қозғалыстада бірдей болады. Бұл балаларда күшпен қозғалу мойын, бас, аяқ-қол дене бұлшық еттерінде байқалады.
Тремор – аяқ қол, саусақтарымен, дауыстың, тілдің еіксіз ырғақты тербелесі. Тремор нақты әрекет жасауда анық көрінеді, мысалы: жазуда.
4. Тепе-теңдік пен қозғалысты реттеу, ұйымдастыруының ауытқуы (атаксия) . Бұл жерде дене атақсиясы отыру, түру және жүру кезінде дене тұрақсыздығы арқылы білінеді. Демеусіз тұра алмайды, жүрісінде аяқтарын кең қояды.
5. Қозғалыс сезімнің бұзылуы (кинестезиялар). Бұл жерде өзінің денесін ұстау сезімі қиындайды. Қимыл-қозғалысты сезінуді бұлшық еттерде, бұындарда, сіңірлерде орналасақан арнайы сезімтал денежасушандар (проприорецептірлер) қамтамасыз етеді. Сал ауруы бар балалардың барлығында қимыл-қозғалысты проприорецептер арқылы реттеу бұзылған, сондықтан олар қимыл-қозғалыстары жайлы сезімдерің ажырата білмейді.
6.Тізбектеп қойылған түзету рефлексінің толық жетілмеуі. Статокинестикалық рефлекстер денені тік ұстау, еркін моторикасын дамыту үшін маңызды. Бұл ауытқушылықтын салдарынан бала өзін күту, еңбек ету және оқуда көптеген қиындықтармен кездеседі.
7. Синкенезия –бір қолды бүккенде екінші қолдың еріксіз бүгілуі.
8 Патологиялық тоникалық рефлекстер, олардың көрінісі БЦС ауруының негізгі кемістігі ретінде қарастырылады. Қалыпты дамуда аса байқалмайтын тоникалық рефлекстер бірінші айдан пайда болуы мүмкін. Олар уақытымен азайып, жоғалған кезден бастап, позотоникалық рефлекстер қалыптасады. Бала қалыпты дамыған жағдайда позотоникалық рефлекстер үш айдан кеійн болмайды.
БЦС жағдайындағы кемістіктің құрылысы психикалық дамуға әсерін тигізеді. Психика дамуындағы кемістік механизмі күрделі және ол ми зақымдануының уақытымен, деңгейімен анықталады. БЦС кезіндегі психикадағы кемістік танымдық іс-әрекеттің сезім – ерік жүйесінің қалыптасуына зақым келтіреді. Бұл балаларда тіл кемістігінің келесі формалары кездеседі:
- дизартрия- сөйлеу барысында көбінесе сал ауруына, түйілуге, гиперкинезге, атаксияға байланысты сөзді анықтап айта алмау, яғни артикуляцияның бұзылуы. Дизартрияда көпшілік дыбыстар әсіресе дауыссыз дыбыстар дұрыс айтылмайды, сондықтан сөздер түсініксіз, созылыңқы, бөлшектеліп айтылады.
- сөйлеу тіл дамуының тежелуі,
- алалия – ақылы, есту қабілеті бола тұра, балалардың сөйлеу тілінің болмауы немесе жүйелі түрде дамымауы. Көбінесе мидың туа жарақаттануына немесе нәрестенің ми ауруларына байланысты ми сыңарлары қыртыстарының сөйлеу аймақтарының зақымдануынан пайда болады. БЦП кезіндегі тіл кемістігі жекелеген түрде сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет