1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тапсырмалар
Ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен жаз.
Терабайт, килобит, мегабайт, гигабайт, килобайт, байт, бит [2]
Берілген сан мәндерін бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлікке ауыстыр.
а) 5 Кбайтта қанша байт, қанша бит бар екенін анықта?
б) 12288 битте қанша байт, қанша килобайт бар?
[2]
Әрбір анықтамадан сәйкес келетін нұсқаны таңдаңыз
а) Жады – ақпаратты сақтау/ өшіру үшін арналған құрылғы
б) Сыртқы жады (СЖ) – бұл бағдарламаларды және берілгендерді
ұзақмерзімді/қысқамерзімді сақтау үшін арналған құрылғы және ондағы
ақпараттың бүтіндігі компьютердің қосулы немесе өшірулі тұрғанына байланысты /байланысты емес. в) Тұрақты жады (ТЖ) / Жедел жады (ЖЖ) - өзгерісті талап етпейтін
берілгендерді сақтау үшін арналған құрылғы, энергияға бағынышты емес.
г) Кэш-жады — микропроцессор және жедел жады/тұрақты жады арасында
берілгендерді сақтауға арналған.
[4]
Файл қандай сипаттамаға ие?
А) тек аты мен кеңейтілімі;
В) тек өлшемі мен құру уақыты;
С) тек кеңейтілімі мен құру уақыты;
Д) тек аты мен өлшемі;
[1]
Архивтеу программаларын көрсет. (3дұрыс жауап бар)
А) WinRar;
В) 7Zip;
С) Win7;
Д) WinZip;
[3]
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор Білім алушы
Балл
Ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен жазады.
1
ақпаратты өлшеу бірліктерін өсу ретімен орналастырады
2
Сандық мәндерді ақпараттың бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне аударады
2
Берілген санды байтқа, битке айналдырады.
1
Берілген санды байтқа, килобайтқа айналдырады;
1
Жады түрлерінің қызметін сипаттайды: Жедел жады, Тұрақты жады, Сыртқы жады, кэш-жады
3
Жад ұғымын анықтайды
1
сыртқы жадыға анықтама береді;
1
анықтамасы бойынша жадының түрін таңдайды;
1
кэш-жадыға анықтама береді
1
ақпарат сақталған түрлі пішімдегі файлдардың өлшемдерін талдайды