Сабақ МҰҒалімге ақпарат  Тақырыбы



бет1/2
Дата14.04.2017
өлшемі360,29 Kb.
#13744
түріСабақ
  1   2
1 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы:







Компьютер негіздері және информатика пәніне бастама.




Күтілетін нәтиже:




Білімдік

Жаңа білім

Информатика және компьютер ұғымын анықтайды. Информатика ғылымының тарихын таниды.

5 - сыныптағы «Информатика» пәнінің тақырыптарын атап шығады.






Жаңа түсінік

Компьютердің негізгі функцияларының қалай жұмыс істейтіндігін түсіндіреді.




Құзырлылық

Қолданым әрекеті

Пән бөлімдерінің арасындағы байланысты анықтайды. Информатика ғылымының даму жолын көрсетеді.




Талдау әрекеті

5 - сынып тақырыптарын тоқсандарға бөліп қарастырады.

Информатиканың зерттейтін бағыттарын талдайды.






Шығармашылық әрекет

Компьютерді қолданудың ережелерін жасайды.




Құнды-

лық


Бағамдау әрекеті

5 - сыныптағы «Информатика» пәнінен үйренетін ақпараттың маңыздылығын ерекшелейді. Өтілетін тақырыптар компьютерді үйренудің бастамасы деп есептейді.




Сабақ құрылымы:







І. Ақпарат алмасу (12 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (3 мин.).




Оқыту әдісі: Репродуктивті, ішінара - зерттеушілік.




Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:







• Қажетті бастапқы ақпарат береді, алдын ала әзірленген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады, көмек көрсетеді.




Сабақ типі:







• Белсенді - ізденушілік, шағын топтарда жұмыс істеу.




Оқушы іс - әрекетін ұйымдастыру:







• Күтілетін нәтижеге қол жеткізу мақсатында ұсынылған алгоритм бойынша жұмыс жасау.




Оқушыда дағды қалыптастыру:







Логикалық ойлау, ой қорыту, өздігінен және топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.




Негізгі ұғымдар мен терминдер:







• Логика, ақпарат, информатика, алгоритм, программалау.




Үй тапсырмасы:







5 - сыныпты өтілетін тақырыптардан нені күтесіз? Өтілетін тақырыптардың күнделікті өмірдегі пайдасын жазыңыз.

САБАҚ БЛОКТАРЫ










і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

1. Информатика және компьютер ұғымы.

2. 5 - сынып информатика пәнінің тақырыптарын қарастыру.

3. Компьютерді қолданудың ережелері.



Слайдтар:

1 - слайд Информатиканың шығу тарихы

  • Информатиканың ғылым болып қалыптасуы және адам іс - әрекетінің барлық салаларында компьютердің (ЭЕМ - ң) қолданылуы XX ғасырдың елуінші жылдарына тұстас келеді.

  • Алғашқы ЭЕМ - ң құрылуы мен шығуы информатиканың ғылым ретінде даму тарихына жол ашты, мұндай байламның бірнеше себебі бар.

      • «Информатика» термині есептеу техникасының дамуымен тығыз байланысты, және алғашында есептеулер туралы ғылым ретінде түсінілді.

      • Информатиканың жеке ғылым болып бөлініп шығуына есептеу техникасындағы өңделетін және сақталатын ақпараттардың ортақ көрсетім пішімдері сияқты маңызды қасиеті әсер етті.




2 - слайд Информатика және компьютер ұғымы

  • Бұл аталым француздың Informatique, яғни Informacion (ақпарат) және Automatique (автоматика) деген сөздерінен шыққан.

  • Көптеген батыс Европа және АҚШ елдерінде басқа аталым – Computer Science (компьютерлік ғылым) қолданылады.

Informatique = information + automatique

Информатика = информация + автоматика




3 - слайд Информатика және компьютер ұғымы

  • Информатика (Computer scienceinformatics) - компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. 

  • Компьютер (ағыл. computer – «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.




4 - слайд 5 - сынып «Информатика» пәнінің негізгі бөлімдері


«Информатика» пәнінің негізгі бөлімдері



Дыбыстық ақпаратты өңдеу және дыбысты жазу


Ақпаратпен танысу


Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері


Қарапайым графикалық және мәтіндік редакторлар






4 - слайд Компьютерді қолданудың ережелері

  • Компьютердің алдында оқу ыңғайлы болу үшін, денсаулыққа зиян тигізіп алмау үшін, пайдаланушы отыратын орнын дұрыс ұйымдастыру білуі тиіс.

  • Жұмыс уақытында дұрыс кейіпте отыру бұлшық еттің зорығуын алдын алады. Қан айналымының және дем алудың қалыпты болуына себебін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет