10 зертханалық жұмыс. Тақырыбы: Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау



Дата01.04.2022
өлшемі17,03 Kb.
#137504
Байланысты:
Трансф
advice for exams - answers

10 зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау.


Жұмыстың мақсаты: Трансформатордың трансформация коэффициентін анықтау.


Құрал-жабдық: зертханалық көрек көзі, вольтметр, кілт, микроамперметр, әмбебаб трансформатор, жалғауға арналған сымдар , резисторлар жинағы.


Теория :  Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал трансформатор деп аталады. Трансформаторды алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы П. Н. Яблочков ойлап тапқан, кейін оны 1882 жылы И. Ф. Усагин жетілдірді.
Қарапайым трансформатор ферромагниттi өзекшеге кигiзiлген өткiзгiштердiң екі жақты орамдарынан тұрады. Бiрiншi реттi орам қоректендiрушi кернеу көзіне, ал екiншi ретті орам тұтынушыларға қосылған. Олардың сәйкес орамдарының саны n1 және n2 - ге тең.
Трансформатордың жұмыс істеу принципі электромагниттік индукция принципіне негізделген.
Орамдар санының бір - біріне қатынасын n1/n2 қатынасын K трансформациялау коэффициенті деп атайды. K>1 болғанда төмендеткіш трансформатор,
K<1 болса жоғарлатқыш трансформатор болып табылады. Бірінші және екінші орамдардағы ток күші, кернеу мен орам сандарының арасында мынандай байланыс бар:
U1/U2=I2/I1=n1/n2=K


Жұмыс барысы:
Трансформатордың трансформация коэффициентін анықтау.
1.Шарғыны орнына салып және өзекті бұрандамен бекітіп, 4 және 16 В шарғыларымен трансформаторды құрыңдар.
2.Трансформатордың «0» түйіспесін ток көзінің «-» жалғастырып, ал «16» түйіспесін ток көзінің «+» қосыңдар.
4.Вольтметрді бірінші шарғыға жалғап, кернеуді өлшеңдер. Сонан соң оны екінші шарғыға қосыңдар және қайта кернеуін өлшеңдер.Көрек көзін өшіріңдер.
5. Трансформация коэффициентін келесі формула бойынша есептеңдер


U1/U2=I2/I1=n1/n2=K


6. Трансформатордың пайдалы әрекет коэффициенті (ПӘК):


=



  1. Орам санына байланысты трансформация коэффициентін анықтау



n1

n2

K

1

2500

50




2

2200

22







  1. Трансформатордың екінші орамасындағы кернеуді анықтау






n1

n2

U1 (В)

K

U2(В)и



1

165

9

220







2

330

15

440










  1. Трансформатордың екінші реттік орамадағы ток күшін анықтау






U2(В)

U1 (В)

I1 (мА)

I1 (мА)

К



1

1000

240

50










2

500

120

25










Бақылау сұрақтары:


1.Трансформация коэффициенті қандай шамаларға тәуелді?
2. ПӘК шамасын қалай табуға болады?
3.Трансформатордың қандай түрлері бар?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет