Әртүрлі қоғамдық бағыттылық пен әлеуметтік және саяси лектегі жүйеге негізделген оқиғаларды қандай да бір концептуалды әдістемелік сызбалар немесе себеп-салдарлық байланыс деңгейінде қарастырып түсіндіру мүмкін емес.
Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі;
Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру. Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай)
саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді.
Қазақстан 1991 жылыөз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан(социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация).
Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация).