13-параграф. Орта білім беру ұйымының оқу-өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі
83. Лауазымдық міндеттері: шеберхананың қызметін басқарады, еңбек (өндірістік) оқытудың оқу кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Шеберхананы оқу процесіне қажетті жабдықтармен, материалдармен, құралдармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі құралдармен жабдықтау бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Оларды пайдалануға, электр және өрт қауіпсіздігіне жабдықтарды уақтылы тексеруге толық жауап береді және есепке алады.
Жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды сабақтарға дайындауды ұйымдастырады.
Жабдықтарды, оқыту құралдарын қолдану және арнайы киімді пайдалану ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, айлабұйымдарды баптауды және жөндеуді ұйымдастырады, еңбек (өндірістік) оқыту сабақтарында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар өткізуді бақылайды.
Шеберханада жұмыс істеу кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікке ие.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
84. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
санитария және гигиена негіздерін, жабдықтарды пайдалану, монтаждау, жөндеу ережелерін,
базаларында практикалық сабақтар мен семинарлар өткізілетін стендтер мен қондырғыларда жұмыс істеу тәртібі мен ережелерін;
білім беру ұйымының экономика және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздерін, еңбекті қорғауды.
85. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе басқа да кәсіби педагогикалық білімі немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі; педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |