14 дәріс. Пластикалық массалар өндірісі. Полиэтилен және т б. полимер өндірісі. Процесс параметрлері, катализаторлары



Дата29.11.2022
өлшемі122,71 Kb.
#160280
Байланысты:
ПЛАСТМАССА


әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Химия және химиялық технология факультеті Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы
14 дәріс. Пластикалық массалар өндірісі. Полиэтилен және т.б. полимер өндірісі. Процесс параметрлері, катализаторлары.
Бакалавриат, 4 курс; мамандығы – 6В05301 – “Химия”, қ/б; күзгі семестр, 6 кредит
Лектор: х.ғ.к., доцент Жакирова Н.К.
Алматы 2022
Қарастырылатын тақырыптар:

Пластикалық массаларды өндіру
Жылудың және қысымның әсерінен белгілі бір формаға ие бола алатын, және оны (форманы) салқындатқанда немесе қатайтқанда тұрақты түрде сақтай алуға қабілетті табиғи және синтетикалық қосылыстардан (шайыр) алынатын материалдарды пластикалық масса деп аталады.
Пластамассалар екіге бөлінеді:
  • қарапайым (толтырылмаған)
  • күрделі (толтырылған)
  • Толтырғыштар - пластмассаның беріктілік отқа, суға, ыстыққа төзімділік қасиеттерін жақсарту үшін қосатын қатты зат.
  • Пластификатор - композицияның жоғары температурада пластикалық қасиетін арттыратын, дайын бұйымның аязға төзімділік және иілгіш, жұмсақтық қасиеттерін арттыратын органикалық заттар.
  • Майлаушы заттар - тығыздауды жеңілдету үшін және прессформадан дайын өнімді оңай босатып алу үшін композицияға қосылатын органикалық қосындылар.
  • Бояулар - дайын пластмасса бұйымдарға қажетті түр беру үшін қолданылады. Бояу ретінде ыстыққа және жарыққа төзімді органикалық және минералды заттар қолданылады.
  • Қатайтушылар - макромолекулаларды өзара тігу арқылы полимердің сызықша тізбекті құрылысын кеңістік құрылысқа айналдыруға қажетті зат.

Өндірісте полиэтиленді үш түрлі әдіспен алады:
  • Комплексті төртхлорлы титан TiCl4, үшэтилалюминий Al(C2H5)3 катализаторы қатысында 0,5-0,8МПа төмен қысымда 70-800С температурада этиленді полимерлеп алады.
  • Хром, ванадий және т.б. катализатордың қатысуымен 130-1700С температурада 3,5-4,0МПа қысымда еріткіш қатысуымен полимерлеп алады.
  • Жоғары қысымда (130-250МПа) 200-2700С температурада аз мөлшерде оттектің (0,005-0,05) немесе сутектің асқын тотығының қатысуымен полимерленеді.

Жоғары қысымда полиэтилен алынатын қондырғының сызбанұсқасы
1 - компрессор; 2 - майдан тазартқыш; 3-реактор; 4-сеператор; 5 - қабылдағыш;
6 -қармауыш
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет