15. Ми сауытының дамуы. Жас шамалық, жыныстық және меншіктік ерекшеліктері



Дата07.02.2022
өлшемі75,03 Kb.
#88449
Байланысты:
АНАТ РК2


15.Ми сауытының дамуы. Жас шамалық, жыныстық және меншіктік ерекшеліктері.
Ми сауытының сүйекері (cavitas сrаnі)- мидың сауытын немесе қорабын құрайтын болғандықтан ми сауыты сүйектері деп аталады. Ми сауыты суйектеріне:маңдай, төбе, сына, самай, шүйде және тор сүйектері жатады.Ми сауытының дамуы жас щамалық,жыныстық және меншіктік ерекшеліктеріне қарай бөлінеді.
Ми сауыты дамуының жас шамалық ерекшеліктері
Ми сауыты самудың 3 негізгі кезеңдерінен өтеді.
Бірінші кезеңде 1 жaстaн 7 жaсқа дейін жaңa туғaн нәрeстeдe сүйeктeрдің қосылaтын жeрінде дәнeкeр ұлпaмен жaбылғaн 6 eңбeктeрінің (fonticuli) бітeлуімeн, eңбектердің жабылуымен сипатталады.Барлық еңбектерді екі топқа жіктейді:1.Жұп еңбектер
2.Тақ еңбектер
Жұп еңбектер бас сүйегінің жан- жағында қос-қостан орналасады.
1.Сына тәрізді еңбек. Ол маңдай, төбе, сына тәрізді және самай сүйектерінің арасында орналасқан. Туғанға дейін 2-3 айда бітелуі керек.
2.Еміздікше еңбек. Ол самай, төбе және шүйде сүйектерінің арасында орналасқан. Ол да туғанға дейін 2-3 айда бітелуі керек.
Тақ еңбектер:
1.Кіші немесе шүйде еңбегі екі төбе және шүйде сүйектерінің арасында орналасқан. Туғаннан кейін 2-3 ай аралығында бітелуі керек.
2.Үлкен немесе алдыңғы маңдай еңбегі ромб пішіндес маңдай және төбе сүйектерінің арасында орналасқан. Туғаннан кейін 2 жыл аралығында бітелуі керек. Сынатәрізді қойнау 3-4 жaста, торлысүйек қойнaуы 1 жаста, мaңдай - 1 жастың соңында пайда болады.
Екінші кезеңде 7 жастан жыныстық жетілуге дейін сүт тістердің тұрақты тістермен алмасуымен милық бөлімі жамылғысының қалыңдауымен сипатталады.
Үшінші кезеңде жыныстық жетілумен 20-25 жасқа дейін бас сүйектің бет бөлімі қарқынды өсуімен сипатталады.Кемел шақта 25-45 жасқа дейін, жіктердің сүйектенуі аяқталады.Ал 45 жастан кәрілікке дейін, беттің, сонан соң ми сауытының көлемінің кішіреюімен, тістердің азаюына байланысты жақтардың пішінінің өзгеруімен сипатталады. Бас қаңқасы кішірейеді, шайнау қызметі әлсірейді, бұлшықеттері кішірейіп, өзгереді
Ми сауыты дамуының жыныстық ерекшеліктері
Ми сауыты дамуының жыныстық ерекшеліктерінде үлкен айырмашылық болмайды,сол себептен оларды ажырату үшін біраз белгілерге мән беру қажет.Мысалы:
Негізгі ерекшелігі бас сүйегі айналымының көлемі әйелдерде -1300 м/3, ерлерде-1450 м/3.
Еркектердің бассүйегінде шүйде сүйегінің сыртқы төмпешігі жақсы дамыған және қырқалар,сызықтар,төмпелері жақсы айқындалған.Ал әйелдерде керісінше ,бассүйектің беті тегістеу болады да бұдырлары, төмпешіктері, сызықтары айқын болмайды.Әйелдердің төменгі жақ сүйегіне қарағанда,ерлердікі анағұрлым үлкен болады.Әйел сүйектеріне қарағанда,ерлер сүйектері қалың болып келеді.Әйел бас сүйегіндегі көз ұяның көлемі үлкен болса,ерлерде ауа өткізетін сүйектер қойнауларының көлемі үлкен болады.Қасүстілік доға әйелдерде айқын емес және маңдайы вертикалды бағытта орналасады.
Бас сүйегінің нәсілдік ерекшеліктері.
Бас сүйегінің нәсілдік ерекшеліктерінде үш түрін ажыратады:
1.Долихоцефальды бас сүйегі- бас сүйегі тар, ұзын ұзына бойлық білік бойынша. Ол Европалық нәсілге тән.
2.Брахицефальды бас сүйегі-қысқа бас сүйегі, бірақ жалпақ, ол бет доғалары мен бет сүйектерінің кең орналасуына байланысты. Ол монғол нәсіліне тән.
3.Мезоцефальды бас сүйегі-бірінші мен екіншінің арасында орталық орынды алады. Ол негроидтық нәсілге тән.
16.Бас сүйегі төбесінің сүйектері: маңдай, құрылысы.
Бас сүйек(cranium) тақ және жұп сүйектерден тұрады.Бассүйек атқаратын қызметіне қарай 2 топ сүйектерден тұрады.Олар:
1.Ми сауыты(neurocranium) сүйектері ми мен кейбір сезім ағзаларына қуыс түзеді.
2.Бет сүйектері(viscerocranium) сезім ағзалардың көп бөлігімен тыныс алу және асқорыту ағзаларының бастапқы бөлімдеріне қуыс түзеді.
Ми сауыты 8 сүйектен тұрады.Олардың екеуі жұп-төбе және самай,төртеуі тақ – маңдай,сына тәрізді ,шүйде және торлы сүйектер.
Маңдай сүйегі (os frontale)- бас сүйектің негізі мен күмбезін және көз шарасының және мұрын қуысының қабырғаларын құраушы тақ және күрделі сүйек болып табылады.
Маңдай сүйегі орналасуына,атқаратын қызметіне қарай қабыршақтық, жұп көз және тақ мұрын бөліктерінен құралады.
Қабыршақтық бөлігі (squama frontalis) маңдай сүйектің ең үлкен бөлімі болып табылады.Қабыршақтың сыртқы және ішкі бөлімдері ажыратылады.
Сыртқы беті(facies externa) дөңестеу және тегістеу болып келген, сыртқы бетінің ор-
талық бөлігінде метопикалық жіктер(sutura metatopica) cыртқы бетінің төменгі
бөлігі, көз үстілік бөлігіне(pars supraorbitalis)және екі жағында айқын байқалатын көз
шарасының жоғарғы жиегі (margo supraorbitalis) тұрады.Көз шарасының жоғарғы жиегінен жоғарырақ,доға тәрізді иіліп келген, қасүстілік доғалар( margo superciliaris) байқалады.Қасүстілік доғадан жоғарырақ жіктің бүйірінде маңдай төмпесі(tuber frontale), маңдай төмпесі мен қас үсті доғаның аралығында кеңсірік үсті жазықтық (glabella) орналасқан. Қабыршақтық бөліктің сыртқы беті көз ұялық бөліктен жұп көз ұяның
жоғарғы жиегі (margo supraorbitalis)бөлінген, оның ортасында тұрақсыз көз шарасының жоғарғы тілігі ( incisura supraorbitalis )түзіледі.Одан ішке қарай маңдайлық тілік(( incisura frontalis) орналасқан.Маңдай сүйектің төменгі бөлімдері латеральды бағытта сүйірленіп, бет сүйектік есіндіге(processus zygomaticus)ұласады. Ол бет сүйектің маңдайлық өсіндісімен бірігеді.Бетсүйектік өсіндінің сырт жағында жоғары жэне латеральды бағытта самайлық сызық( lineae temporalis), айқын орналасып , маңдай сүйегінің
қабыр шақтық бөлігінің сыртқы бетін, самайлық бетінен( facies temporalis) бөліп тұрады..
Ал, қабыршақтық бөліктің ішкі бетінде( facies interna) маңдай cүйектік қыры(crista frontalis), ол өрлеме бағытта сагитальды қойнаудың жүлгесіне( sulcus sinus sagitalis superioris) өтеді. Маңдай қырқасының бастамасында таяз орналасқан соқыр тесігі( foramen cecum) бар. Жоғарғы сагитальды қойнаудың жүлгесінің жан-жағында мидағы торлы қабықтың гравитациялық шұңқыршалары(foveolae)болады.
Маңдай сүйегінің көз ұялық бөліктері (partes orbitales),бұрыс төртбұрышты сүйектік табақша.Оның 2 беті болады.Олар:1.Көз ұялық (төменгі)
2.Милық(жоғарғы)
Көз ұялық беті (facies orbitalis) ойыс және тегістеу болып келеді. Бұл беттің бүйір қапталында көз жасы безінің шұңқыры ( fossa lacrimalis), ал алдынан медиальды
шығыршықтық шұңқырша(fovea trochlaris)орналасқан.
Ал милық бетінде(facies cerebralis)мидың іздері :саусақтың ізі тәрізді батыңқылары(impressiones digitatae), мидың көтеріңкілері(juga cerebralis),
милық батыңқылар(impressions gyrorum ) анық көрінеді.
3. Маңдай сүйектің мүрындық бөлігі (pars nasalis)- көз ұялық бөліктер арасында орналасқан сүйек бөлімі.Мұрын бөлігінің алдында, төменнен алға қарай бағытталған мұрындық қылқан(spina nasalis) орналасқан. Мұрындық қылқанның алдында
бұдырлы мұрындық қыры( magro nasalis) орналасқан.
Мұрын бөлігінің артқы және төменгі бетінде маңдай сүйегінің екіжақтық қойнауы
(apertura sinus frontalis) орналасқан ол маңдай сүйектің қойнауының (sinus frontalis),
оң және солжақ жатрысына апарады.
17.Шүйде сүйегі, құрылысы.
Шүйде сүйегі(os occipitale) - ми сауыты сүйегінің артқы қапталында орналасқан,сыртқы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстау келген тақ сүйек.Шүйде сүйегі 4 бөліктен тұрады.Олар:
негізгі,жұп бүйір бөліктері және қабыршақтық бөлігі. Шүйде сүйегінің негізгі,жұп бүйір бөліктері және қабыршақтық бөліктері бірігіп, шүйде сүйегінің үлкен тесігін ( foramen magnum) құрайды.
1.Шүйде сүйегінің негізгі бөлігі (pars basilaris )қалыңдау,төрт бұрыш тәрізді болып келген. Денесінің бірнеше беттері ажыратылады:
1) Алдыңғы беті бұдырлау келген, ол 17-18 жасқа дейін сына сүйектің денесі мен шемір-
шектік тіндер арқылы(synchondrosis sphenooccipitalis) одан әрі сүйектік тіндер ар-
қылы байланысқан.
2) Артқы беті тегістеу,доға тәрізді иілген,шүйде сүйегінің үлкен тесігінің, foramen
magnum, алдыңғы қабырғасын құрауға катысады.
3) Жоғарғы беті,сына сүйектің бетімен бірлесіп, ылдиын(clivus) құрайды.
4) Төменгі бетінде жұтқыншақтық төмпешік(tuberculum рһаrungeum)орналасқан.
5) Бүйір бөлігінде самай сүйектің тастақ бөлігінің төменгі қойнауының жүлгесі ( sulcus sinus petrosa inferioris)орналасқан.
2. Шүйде сүйектің бүйір бөліктері(partes laterales), жұп бөлік.Негізгі бөлікті
қабықшалық бөлікпен байланыстырып, шүйде сүйегінің үлкен тесігін(foramen magnum) құрайды.Латеральды жиектерінде мойындырықтық тілік(incisura jugularis), оның жиегінде
мойындырық аралық өсінді (processus intrajugularis) орналасқан. Мойындырық тіліктің артында мойындырықтық өсінді ( processus jugularis) негізімен шекелген. Мойындырықтық өсіндінің артында сигма тәрізді қойнаудың (sulcus sinus sigmoidei)
жүлгесі ал алдында мойындырықтық төмпешік(tuberculum jugularis) ,ал төменгі бетінде шүйделік айдаршық (condylus ossipitalis)айқын байқалады. Айдаршықтың артқы қапталында айдаршық шұңқыры (fossa condylaris),оның түбінде айдаршық өзегі(canalis condularis) айқын көрінеді. Айдаршықтың терең қабатында, горизонтальді
бағытта, XII жұп тіласты ми жүйкесі өзекшесі( canalis hypoglossalis )орналасқан.

3.Шүйде сүйегінің қабыршақты бөлігі(parssguama occipitalis)сыртқы пішіні үш бұрыш


тәрізді болып келген.Cыртқы беті дөңестеу, бұдырлы шүйде сүйегінің үлкен тесігін ( foramen magnum) құрайтын қабыршақтық жалпақ табақша.
Қабыршақтық ламбда тәрізді жоғарғы жиегі (margo lambdoideus)төменде шүйде-емізік жиегі ( margo mastoideus) ажыратылады.Сыртқы бетінің орталық бөлігінде шүйде сүйегінің сыртқы шығыңқы ( protuberantia occipitalis externa) орналасқан.
Сонымен қатар, сыртқы шығыңқыдан шүйде сүйегінің үлкен тесігіне қарай бағытталған
сыртқы шүйделік қырқа ( crista occipitalis externa) орналасады. Осы қырқада
төменгі желкелік сызықша (lineae nucliae inferior) және ең жоғарғы сызықша(lineae nucliae suprema) орналасқан.
Қабыршақтық бөлігінің шүйде сүйегінің сыртқы шығыңқысы ( protuberantia occipitalis externa) крест тәрізді көтеріңкі (eriunentia crucifoxaiis) орналасқан.
Крест тәрізді көтеріңкінің орталық бөлігінде шүйде сүйегінің ішкі шығыңқысы(protuberantia occipitalis interna)бүйір қапталында көлденең қойнаудың жүлгесі
(sulcus sinus transversus) орналасқан. Шүйде сүйегінің ішкі шығыңқысы жоғарғы бөлігінен жоғарғы сагитальды қойнауға(sinus sagitalis superior) ,төменде шүйде сүйегінің ішкі қырқасын(crista occipitalisinterna)сол жағынан көлденең қойнаудың жүлгесіне(sulcus sinus transversus) ұласып жатады.
18.Төбе сүйегі, құрылысы.
Төбе сүйек(os parietale) бас сүйек қақпағының жоғарғы бүйір қабырғасын құрайтын төртбұрышты жұп қабыршақты сүйек.Төбе сүйектің пішіні төртбұрышты жалпақ болғандықтан 2 беті,4 қыры,4 және тісшеленген 3 қыры,1 қабыршақтық қыры ажыратылады.
Қырлары:
1.Алдыңғы маңдайлық қыр (margo frontales),тәждік жік қыр (suturs coronalis)арқылы маңдай сүйекке жалғасады.
2.Артқы шүйделік қыры(margo occipitalis),тісшеленіп ламбда атты жік арқылы(sutura lamboidea)шүйде сүйегімен шектелген.
3.Сагиталды қыры(margo sagitalis),сагитальды жік арқылы (sutura sagitalis) 2 жақтық бөлігі өзара шектелген.
4.Самайлық қыры(margo sqamosa),қабыршақтық жік арқылы самай сүйектің қабыршақтық бөлігімен байланысқан.
Бұрыштары:
1.Маңдайлық бұрышы (angulus frontalis) тік бұрышты,төбе сүйектің маңдайлық қыры мен сагиталды қырдың түйіскен жерінде орналасады.
2.Сына сүйектің бұрыштары(angulus sphenoidalis)үшкір,төбе сүйектің маңдайлық қыры мен қабыршақтық қырымен түйіскен жерінде орналасады
3.Шүйделік бұрыш(angulus occipitalis)тік бұрышты ,сагиталды қыр мен шүйделік қыр түйіскен жерінде орналасады.
4.Еміздіктік бұрыш(angulus mastoideus)жазық, төбе сүйектің қабыршақтық қыры мен шүйделік қырының түйіскен жерінде орналасады.
Төбе сүйек беттері:
1.Сыртқы беті -тегіс ,дөңес.Орталық бөлігінде төбе сүйектің төмпесі (tuber parietale),төмпеден төменірек жоғарғы ,төменгі самайлық сызықшалар(linea temporalis superior et inferior)орналасқан.
2.Ішкі беті-бұдырлау келген.Мұнда: мидың немесе саусақтың батыңқылары(impressiones digitatae) , мидың көтеріңкілері(juga cerebralia) қантамырлардың жүлгелері(sulci arteriosi), сагиталды жиегінің бойында жоғарғы сагитальды қойнаудың жүлгелері(sulcus sinus sagitalis superior),ал еміздіктік бұрышының маңында сигма тәрізді қойнаудың жүлгесі (sulcus sigmoidei)орналасқан.
19.Самай сүйегі, құрылысы
Самай сүйек(os temporale) күрделі жұп сүйек .
Самай сүйегі, топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты:
1.Қабыршақтық (pars sguamosa)
2.Дабылдық( pars tympanica)
3.Пирамида тәрізді ( pars pyramidis seu parspetrosa) бөліктерге бөлінеді.
1. Самай сүйектің қабыршақтық бөлігі(pars sguamosa) сыртқы пішіні жалпақ, вертикалды орналасқан табақша.Қабыршақтық бөліктің сыртқы және ішкі ми
сауытына қараған беті ажыратылады.
1) Қабыршақтық бөліктің сыртқы, самайлық беті (facies temporalis) тегістеу және дөңестеу келген. Бұл бетінің артқы бөлігінде:орталық самайлық артерияның жүлгесі(sulcus
arteriae temporalis media, төменірек доға тәрізді иілген төменгі самайлық сызықша(lineae temporalis infenior) орналасқан.Самайлық щұңқырдың төменгі жағында бетсүйектік өсінді (processus zygomaticus) орналасқан.Төменгі жақтық ойыстың алдында буындық төмпешік( tuberculum articulare) және буын арты төмпешігі( tuberculum retroarticulare)орналасқан.
Қабыршақтық бөліктің ішкі беті(facies cerebralis), ойыстау және бұдырлы келген. Бұл бетте: саусақтық батыңқылары және ортаңғы менингеалды артерия жүлгесі( sulcus arteriae meningae media)бар.Және қабықшалы бөліктің екі жиегі бар.Олар:
1) Cына сүйегімен шектесетін жиегі(margo sphenoidalis)
2) Төбе сүйегімен шектесетін жиегі( margo parietalis)
2. Самай сүйектің пирамидa немесе тасты бөлігі ( pars pyramidis seu parspetrosa)пішіні үш жақты пирамида түрінде ,латеральды бағытта орналасқан.
Оның 3 беті болады:1.Алдыңғы беті(facies anterior partis petrosae)
2.Артқы беті(facies posterior partis petrosae)
3.Төменгі беті(facies inferior partis petrosae)
1.Пирамиданың алдыңы беті( facies anterior) орталық белігінде доға тәрізді көтеріңкі(eminentia arcuata) орналасқан.Және үлкен және кіші тастық жүйкелердің жүлгелері (sulcus petrosus majoris etsulcus petrosus minoris)бар.
Доға тәрізді көтеріңкі мен тасқабықшалы саңылаудың аралығында дабыл қуысының қақпагы(legmen tуmраnі)орналасқан.Пирамиданыц алдыңғы бетінің ұшына таман
Үшкіл жүйке түтігінің түйінінің батыңқысы(impressio trigemini) байқалады.
2) Пирамиданың артқы беті (facies posterior) орталық бөлігінде ішкі есту тесігі(porus
acusticus internus) оның жолы(meatus acusticus internus) орналасқан. Бұл тесіктің артында
доға астылық шұңқырша(fossa subarcuata) орналасқан. Осы шұңқырдың түбінде
су құбырының сыртқы тесігі(apertura externa agueductus vestibuli) орналас-
қан.
3) Пирамиданың төменгі беті(facies inferior) бұдырлы болып келген.
Мұнда,мойындырықтық шұңқыр( fossa jugularis) орналасқан.Оның қабырғасын
мойындырық тілік (incisura jugularis) құрайды. Мойындырық тіліктің аралығында, аралық мойындырықтық өсінді(processus interjugularis)айқын көрінеді. Мойындырық шұңқырдың (fossa jugularis)алдында, ішкі ұйқы артерия өзекшесінің(canalis caroticus) сыртқы тесігі(foramen caroticum externum)орналасады.
Және 3 жиегі болады:1.Жоғарғы(margo superior partis petrosae)
2.Артқы (margo posterior partis petrosae)
3.Алдыңғы(margo anterior partis petrosae)
1. Тастақ бөліктің жоғарғы жиегі ( margo superior partis petrosae) тастақ қойнаудың
жүлгесі(sulcus sinus petrosus superior) орналасқан.Және ол мишық шатырының(tentorium
cerebelli )бекитін орны болып қызмет атқарады.
2. Тастақ бөліктің артқы жиегі( margo posterior partis petrosae), тасты бөліктің
қойнау жүлгесі (sulcus sinus petrosus inferior)орналасқан. Және ұлу өзекшесінің сыртқы тесігі(apertura externa canaliculi cochleae)орналасқан
3. Тастақ бөліктің алдыңғы жиегі,( margo anterior partis petrosae), қабыршақтық бөліктің аралығындағы тас-дабыл саңылаудың, бұлшықет түтік өзекшесі(canalis
musculo tubarius) орналасқан.
3. Самай сүйектің дабыл бөлігі( pars tympanica) ол самай сүйектің шағын бөлігі болып
саналады. Сыртқы пішіні иіліп келген табақшадан тұрады.Және дабыл бөлігінің төменгі бетінде қабықшалы бөлігінің аралығында дабыл қабықшалы саңылауы, fissura tympanosquamosa, орналасқан .Дабыл қабыршақтық саңылауға пирамиданың алдыңғы бетіндегі өсінді еніп,параллель саңылауға:
1.Тасты қабыршақтық (fissure petrotympanica)
2.Тасты-дабылдық саңылауға (fissure petrotympanica) бөледі.
20.Самай сүйек, өзектері, олардың маңызы.
Самай сүйек(os temporale) күрделі жұп сүйек .
Самай сүйегі, топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты:
1.Қабыршақтық (pars sguamosa)
2.Дабылдық ( pars tympanica)
3.Пирамида тәрізді ( pars pyramidis seu parspetrosa) бөліктерге бөлінеді.
1. Самай сүйектің қабыршақтық бөлігі(pars sguamosa) сыртқы пішіні жалпақ, вертикалды орналасқан табақша.Қабыршақтық бөліктің сыртқы және ішкі ми
сауытына қараған беті ажыратылады.
1) Қабыршақтық бөліктің сыртқы, самайлық беті (facies temporalis) тегістеу және дөңестеу келген. Бұл бетінің артқы бөлігінде:орталық самайлық артерияның жүлгесі(sulcus
arteriae temporalis media, төменірек доға тәрізді иілген төменгі самайлық сызықша(lineae temporalis infenior) орналасқан.Самайлық щұңқырдың төменгі жағында бетсүйектік өсінді (processus zygomaticus) орналасқан.Төменгі жақтық ойыстың алдында буындық төмпешік( tuberculum articulare) және буын арты төмпешігі( tuberculum retroarticulare)орналасқан.
Қабыршақтық бөліктің ішкі беті(facies cerebralis), ойыстау және бұдырлы келген. Бұл бетте: саусақтық батыңқылары және ортаңғы менингеалды артерия жүлгесі( sulcus arteriae meningae media)бар.Және қабықшалы бөліктің екі жиегі бар.Олар:
1) Cына сүйегімен шектесетін жиегі(margo sphenoidalis)
2) Төбе сүйегімен шектесетін жиегі( margo parietalis)
2. Самай сүйектің пирамидa немесе тасты бөлігі ( pars pyramidis seu parspetrosa)пішіні үш жақты пирамида түрінде ,латеральды бағытта орналасқан.
Оның 3 беті болады:1.Алдыңғы беті(facies anterior partis petrosae)
2.Артқы беті(facies posterior partis petrosae)
3.Төменгі беті(facies inferior partis petrosae)
1.Пирамиданың алдыңы беті( facies anterior) орталық белігінде доға тәрізді көтеріңкі(eminentia arcuata) орналасқан.Және үлкен және кіші тастық жүйкелердің жүлгелері (sulcus petrosus majoris etsulcus petrosus minoris)бар.
Доға тәрізді көтеріңкі мен тасқабықшалы саңылаудың аралығында дабыл қуысының қақпагы(legmen tуmраnі)орналасқан.Пирамиданыц алдыңғы бетінің ұшына таман
Үшкіл жүйке түтігінің түйінінің батыңқысы(impressio trigemini) байқалады.
2) Пирамиданың артқы беті (facies posterior) орталық бөлігінде ішкі есту тесігі(porus
acusticus internus) оның жолы(meatus acusticus internus) орналасқан. Бұл тесіктің артында
доға астылық шұңқырша(fossa subarcuata) орналасқан. Осы шұңқырдың түбінде
су құбырының сыртқы тесігі(apertura externa agueductus vestibuli) орналас-
қан.
3) Пирамиданың төменгі беті(facies inferior) бұдырлы болып келген.
Мұнда,мойындырықтық шұңқыр( fossa jugularis) орналасқан.Оның қабырғасын
мойындырық тілік (incisura jugularis) құрайды. Мойындырық тіліктің аралығында, аралық мойындырықтық өсінді(processus interjugularis)айқын көрінеді. Мойындырық шұңқырдың (fossa jugularis)алдында, ішкі ұйқы артерия өзекшесінің(canalis caroticus) сыртқы тесігі(foramen caroticum externum)орналасады.
Және 3 жиегі болады:1.Жоғарғы(margo superior partis petrosae)
2.Артқы (margo posterior partis petrosae)
3.Алдыңғы(margo anterior partis petrosae)
1. Тастақ бөліктің жоғарғы жиегі ( margo superior partis petrosae) тастақ қойнаудың
жүлгесі(sulcus sinus petrosus superior) орналасқан.Және ол мишық шатырының(tentorium
cerebelli )бекитін орны болып қызмет атқарады.
2. Тастақ бөліктің артқы жиегі( margo posterior partis petrosae), тасты бөліктің
қойнау жүлгесі (sulcus sinus petrosus inferior)орналасқан. Және ұлу әзекшесінің сыртқы тесігі, apertura externa canaliculi cochleae)орналасқан
3. Тастақ бөліктің алдыңғы жиегі,( margo anterior partis petrosae), қабыршақтық бөліктің аралығындағы тас-дабыл саңылаудың, бұлшықет түтік өзекшесі(canalis
musculo tubarius) орналасқан.
3. Самай сүйектің дабыл бөлігі( pars tympanica) ол самай сүйектің шағын бөлігі болып
саналады. Сыртқы пішіні иіліп келген табақшадан тұрады.Және дабыл бөлігінің төменгі бетінде қабықшалы бөлігінің аралығында дабыл қабықшалы саңылауы, fissura tympanosquamosa, орналасқан .Дабыл қабыршақтық саңылауға пирамиданың алдыңғы бетіндегі өсінді еніп,параллель саңылауға:
1.Тасты қабыршақтық (fissure petrotympanica)
2.Тасты-дабылдық саңылауға (fissure petrotympanica) бөледі.
Самай сүйектің өзектері:
1.Ұйқы өзегі(canalis caroticus-)- бетінің ортаңғы болігіндегі, бұл өзекшенің сыр-
тқы тесігінен(foramen caroticum externum) басталып пирамиданың ұшында аяқталады.
Маңызы: Бұл өзекше арқылы ішкі үйқы артерия мен оның бойындағы симпатикалық өрімдер өтеді.
2.Дабыл шегі жүйке өзекшесі (canaliculus chordae tympani)-бет жүйкесі өзегінен ,біз емізіктік тесіктен басталып,дабыл қуысына өтеді.
Маңызы:Бұл өзекше арқылы дабыл шегі жүйкесі (n.chorda tympani)өтеді.
3.Бет жүйке өзегі (canalis facialis)-ол меншікті тесікшеден басталып, біз-еміздік тесікпен (foramen stylomastoideum) аяқталады.
Маңызы:Осы жерде бет өзектік тізесі түзіледі.
4.Бұлшықеттік-түтік өзегі( canalis musculotubaris) -пирамиданың ұшынан басталады.
Маңызы:Есту түтігінің бөлігін құрайды.
5.Емізік тәрізді өсіндінің өзегі (canaliculus mastoideus) мойындырық ойыстың
түбінен басталып, дабыл-еміздік саңылауында аяқталады.
Маңызы:Бұл өзекше арқылы кезбе жүйкенің құлақтық тармағы өтеді.
6.Дабыл өзекшесі (canaliculus tympanicus) тастық шұңқыршаның(fossula
Petrosa)табанынан басталып,кіші тастық жүйке өзегінің саңылауында аяқталады.
Маңызы:Осы өзекше арқылы тіл-жұтқыншақ жүйкенің дабылдық жүйкесі өтіп
отырады.
7.Ұйқы-дабыл өзекшесі(canaliculi caroticotympanici) ішкі ұйқы артерия
өзекшесінің қабырғасынан басталып,дабыл қуысына ашылады.
Маңызы:Осы өзекше арқылы жүйкелер мен қантамырлар өтеді.
21.Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар.
Дабыл қуысы (cavum tympani) ортанғы құлақ орналасқан самай сүйектің қуысты дабылдық бөлімі болып саналады.
Құрамы:
1-Сыртқы бүйір қабырғасы - дабыл жарғағымен шектеседі.
2-Кіреберіс терезе (сопақша тесік)- ішкі қабырғада орналасқан үзеңгі сүйектің астымен жабылған тесік.
3-Ұлу терезесі (дөңгелек тесік)- ішкі дабыл жарғағымен астарланған тесік.
4-Мүйіс - Тесіктердің арасын бөліп тұрады.
5-Ішкі және сыртқы құлақтарды бір бірінен жалғастырып тұрады.
6-Есту мүшесі болып табылады.
Дабыл қуысының алты қабырғасы бар:
1.Алдыңғы, ұйқы қабырғасы paries carotis-ол ұйқы өзегінен бөледі.
2.Жоғарғы, paries superior, tegmen tympani-дабыл қуысының төбесі.
3.Артқы, еміздікше қабырғасы, paries mastoidea-дабыл қуысын еміздікше өсіндінің қойнауларынан бөледі.
4.Төменгі, мойындырықтық қабырғасы, paries jugularis. Мойындырықтық шұңқырды ішкі мойындырықтық венадан бөледі.
5.Медиальді, лабиринттік қабырға, paries labyrintis- дабыл қуысын ішкі құлақтың лабиринті мен вестибулярлық аппараттан бөледі.
6.Латеральді, жарғақтық қабырға, paries membranacea- дабыл қуысын сыртқы есту жолынан бөледі.
Дабыл қуысына инфекция енген жағдайда іріңді қабыну болуы мүмкін, ірің қуыстың алты қабырғасының біреуін зақымдауы мүмкін. (Дабыл қуысының қабынуы-отит).
Отиттің асқынулары:
Дабыл қуысының жоғарғы қабырғасы зақымданса ірің ортаңғы ми шұңқырына, ал жоғарғы қабырғасы зақымданса ішкі ұйқы артериясының жолымен жоғары бас сүйегі қуысына немесе төмен мойынға ағуы мүмкін. Артқы қабырғасы зақымданған жағдайда еміздікше өсіндінің қойнауларының аралығы бұзылады. Бұл жағдайда Шипо үшбұрышы тұсында бас сүйегіне трепанация жасайды. Төменгі қабырғасы зақымданса ірің ішкі мойындырықтық вена жолымен төмен мойынға өтуі мүмкін. Егер медиальді қабырғасы бұзылса, онда вестибулярлық аппараттың тітіркену симптомы пайда болады (бас ауруы, бастың айналуы, құсу, жүрек айну). Дабыл қуысының латеральды қабырғасы зақымданса, дабыл жарғағында тесік немесе перфорация болады. Ірің сыртқы есту түтігіне өтіп, құлақ құлығымен араласып, алтын түстес болады. Сондықтан халықтар арасында «золотуха» ауруы деп тараған.
Отит түрлері:
1.Катарльді
2.Іріңді (ірің ағу, температура жоғары, ірің жол таппай бас сүйек қуысына қарай өтуі мүмкін, содан менингит, ми абцесстері дамиды)

22.Сынатәрізді сүйек, бөлімдері, тесіктері, олардың маңызы.


Cынатәрізді сүйек (os sphinoidale)- бас сүйектің ортасында орналасқан,ауа өткізіп тұратын тақ мүше.
Сынатәрізді сүйектің бөлімдері: денесі(corpus) сына сүйектің ортанғы бөлімін құрап тұрады және қалқанмен 2 бөлікке бөлінген.
Денесінің беттері:
Aлдынғы бетінде: сына тәрізді қырқа (crista sphenoidalis), жанында сына тәрізді қойнау тесігі(aperture sinus sphenoidalis), содан соң қырқаның алдында торлы сүйектің перпендикулярлы табақшасы жатады.
Лaтеpальді беті: әр жағынан ұйқы артерияның жүлгесі(sulcus caroticus) болады.
Жоғарғы беті: түрік ертоқымын (sella turcica)түзеді, оның түбінде гипофиз шұңқыры(fossa hypophysialis) орналасқан.
Yлкен қанат(alae majores) денесінің бүйір жағынан сыртқа қарай бағытталған жалпақ табақша тәрізді қанат. 5 беті, 4жиегі ажыратылады.
Үлкен қанат беттері:
Жoғарғы бeті(facies cerebralis), қысыңқы болып келген, онда ми қатпарларының батыңқылары орналасқан.
Cамайлық беті(facies temporalis) самай шұңқырын түзуге қатысатын бөлігі.
Самай асты беті(facies infratemporalis) самай асты шұңқырының түзілуіне қатысатын бөлігі.
Көз ұялық беті(facies orbitalis) көз ұясының латеральді қабырғасының артқы бөлігінің түзілуіне қатысады.
Жақ сүйектік беті(facies maxillaris) қанат-таңдай шұңқырға апаратын дөңгелек тесік ашылады.
Kіші қaнaт(alae minores) денесінен қанат тәрізді 2 жағынан созылып шығып, өзара біріккен жалпақ табақша. Кіші қанат алдынғы жиегімен маңдай сүйекпен байланысады. Артқы жиектермен бассүйек қуысына қарай байланысқан.Жоғарғы беті бассүйек қуысына қараған, ал төмендегі беті көз ұяға қараған.
Қанат тәрізді өсіндісі(processus pterygoideus) жұп құрылым, латеральді және медиальді табақшадан (lamina lateralis et medialis) тұрады.
Tесіктері: үлкен қанатта 3 жұп тесіктер орналасады.
1.Дөңгелек тесік (foramen rotundum) үшкіл жүйкенің екіншілік тармағы өтеді;
2.Coпақша тесік (foramen ovale) үшкіл жүйкенің үшіншілік тармағы өтеді;
3.Қылқанды тесік (foramen spinosum) ортанғы менингеальді артерия өтеді.
23.Ми сауыты негізінің ішкі беткейі, тесіктері, маңызы.
Ми сауытының ішкі негізі(basis cranii interna) мидың базальді бетіне рельфіне ұқсас келеді. Ми сауытының ішкі негізінде, бассүйегінің алдынғы,артқы және ортанғы шұңқырлары болады.
Бaccүйек шұңқырлары:
1.Алдынғы шұңқыры (fossa cranii anterior) таяздау келген ойыс.
2. Opтанғы шұңқыры (fossa cranii media) бүйір қапталы тереңдеу ойыс.
3.Apтқы шұңқыры (fossa cranii posterior) ең терең ойыс.
Олардың шекаралары:
1.Алдыңғы шұңқыр шекаралары: Бұл шұңқыр ми сауытының ортаңғы ойысынан, сына сүйектің кіші қанатының артқы жиегі мен түрік ертоқымының төмпешігі арқылы шектелген.
Құpамы: Бұл шұңқырдың тереңдеу келген бетінде, тор сүйектің әтеш айдаршығына ұқсаған қырқасы (crista galli) алдында соқыр тесік, (foramen cacut) айқын бай-қалады.
2.Ортанғы шұңқыр шекаралары: ми сауытының артқы ойысынан:
самай сүйектің бөлігінің жоғарғы қыры мен түрік ертоқымының арқасы арқылы шектелген.
Құрамы: Бұл ойыстың алдында түрік ертоқымның төмпешігі( tuberculum sellae);
Артында түрік ертоқымның арқасы (dorsum sellae);
Аралығында гипофиз безінің ойысы ( fossa hypophysialis), анық көрінеді. Түрік ерінің бүйір қапталында ішкі ұйқы артерияның жүлгесі — (sulcus caroticus ) орналасқан.
3.Артқы шұңқыр шекаралары:
-алдыңғы шекарасы: самайсүйектің жоғарғы қыры және түрік ерінің ар-қасы мен шектеледі;
-артқы шекарасы: шүйде сүйегінің көлденең қойнауындағы саласымен
(sulcus sinus transversus) және шүйде сүйектің ішкі шығыңқысы( protuberantia occipitalis externa) арқылы шектеледі.
Құрамы: Шұңқыр негізін шүйде сүйек құрайды, сонымен бірге самай сүйектің емізіктік өсіндісі, пирамиданың артқы беті, сынатәрізді сүйектің артқы бөлімі, төбе сүйектерінің емізіктік бұрышы кіреді.
Teciктері:
1.Соқыр тесік (foramen ceccum) - тесіктелген табақшаның алдындаа орналасқан тесік.
2.Жыpтық тесік (foramen lacerum) - самай сүйек пирамидасының ұшында жақcы көрінетін тесік.
3.Дөңгелек тесік (foramen ratumdum) - жоғарғы жақсүйек нерві өтетін тесік. Бассүйектің ортанғы шұңқыры дөңгелек тесік арқылы байланысып тұрады.
4.Сопақша тесік (foramen ovale) - төменгі жақсүйек нерві өтетін тесік.
5.Қылқанды тесік (foramen spinosum) -ми сауытына отранғы менингеалды артерияны кіргізетін тесік. Бассүйектің ортанғы шұңқырын сопақша мен қылқанды тесіктер самай асты шұңқырмен байланыстырып тұрады.
24.Ми сауыты негізінің сыртқы беткейі.
Mи сауытының сыртқы негізі (basis cranii externa)- алдын түгел бет сүйектері жауып орналасқан.
Сыртқы негізінің бос бөлгін құрайды: сына тәрізді сүйек, жұп самай сүйек және шүйде сүйектер.
Сыртқы негізде бірнеше тесіктер, өсінділер, жүлгелердің болғынана қатысты рельфтері тегіс емес болып келеді.
Сыртқы негіздің артқы бөлігінің ортасында үлкен тесік (foramen magnum) орналасқан.Үлкен тесіктің артқы жиегімен шүйденің сыртқы қырқасы (crista occipitals externa) жүреді. Үлкен тесік алдында шүйде сүйектің базилярлы бөлігі жатады, ал оның ортасында жұтқыншақтық төмпешік (tuberculum pharyngeum) болады.Ал төмпешіктің алдынан сына тәрізді сүйек денесімен және қанаттық өсінділерімен орналасадыда, мұрын қуысының хоаналарын жабады.
Шүйде сүйектің оң және сол жағынан самай сүйек пирамидалары болады.Пирамиданың төменгі жағында: ұйқы өзегінің сыртқы тесігі (aperture externa canalis carotici),мойындырық шұңқыр(fossa jugularis), бііз секілді өсінді(processus styloideus), біз-емізік тәрізді тесік(foramen stylomastoideum) болады.
Самай сүйек пирамидасына: сыртқы есту тесігі және дабылдық бөлік болады. Дабыл-емізіктік саңлау(fissura tympanomastoidea), емізіктік тілік(incisura mastoidea), шүйде артериялық жүлге(sulcus arterlae occipitales), тұрақты емес емізіктік тесік (foramen mastoideum) болады.
Сына сүйектің қанат тәрізді медиалді өсіндісімен латералды өсіндісінің табанының аралығында: қайықша тәрізді ойыс(fossa scaphoidea) артқы қапталында ішкі жиегі, жырымдалған,саңлау тәрізді жыртық тесік( foramen lacerum) көзге анық көрінеді. Жыртық тесіктің латералды қапталында, сына сүйекті үлкен қанатының сыртқы бетінде: сопақша тесік(foramen ovale) мен қылқанды тесік(foramen spinosus) орналасқан.Артқы және латералды қапталында: төменгі жақ буынының ойысы( fossa mandibularis)және оның буын беті( facies articularis), содан соң алдында буын төмпешігі( tuberculum articulare) бар.
Самай сүйектің тастақты бөлігінің немесе пирамидасының сыртқы бетінде: ішкі ұйқы артериясы өзекшесінің(canalis caroticus) сыртқы тесігі( foramen caroticum externum).
Артқы қапталында мойындырық ойысы( fossa jugularis) анық көрінеді.
Мойындырық тесік (foramen jugularis) ол самай сүйектің мойындырықтық тілігі мен шүйде сүйегінің латералды бөлігінің мойындырықтық тілігінің, бір-бірімен өзара бетпе бет бірігуі нәтижесінде пайда болған.
Бұл тесік арқылы, ішкі мойындырықтық вена(v.jugularis interna) тіл-жұтқыншақ ми нерві мен қосымша ми нервілері( n.accesorius) жүреді. Мойындырық тесіктің артында біз тәрізді өсінді(processus styloideus), ал оның артында самай сүйектің еміздік тәрізді өсіндісі( processus mastoideus) орналасқан. Бұлардың арасында немесе ортасында біз-еміздік тесік(foramen stylomastoideum) орналасқан.
Ол, самай сүйегінің терең қабатында орналасқан бет нерві өзекшесінің (canalis facialis) сыртқы тесігі ретінде есептелінеді.
Сына сүйегі мен самай сүйектің тас бөлігі, бір-бірімен аралық сына-тастық шеміршектік тін (synchondrosissphenopetrosa) арқылы шектескен.
Самай сүйегінің тас бөлігі, шүйде сүйегі мен тас шүйделік шеміршектік тін (synchondrosis petrooccipitalis) арқылы қосылған.
25.Бассүйек шұңқырлары. Олардың шекаралары, құрамы.
Бассүйектің алдынғы, артқы және ортанғы шұңқырлары ажыратылады.
Бассүйек шұңқырлары:
1. Алдынғы шұңқыры (fossa cranii anterior) таяздау келген ойыс.
2. Ортанғы шұңқыры (fossa cranii media) бүйір қапталы тереңдеу ойыс.
3. Артқы шұңқыры (fossa cranii posterior) ең терең ойыс.
Олардың шекаралары:
1.Алдыңғы шұңқыр шекаралары: Бұл шұңқыр ми сауытының ортаңғы ойысынан, сына сүйектің кіші қанатының артқы жиегі мен түрік ертоқымының төмпешігі арқылы шектелген.
Құрамы: Бұл шұңқырдың тереңдеу келген бетінде, тор сүйектің әтеш айдаршығына ұқсаған қырқасы (crista galli) алдында соқыр тесік, (foramen cacut) айқын бай-қалады.
2.Ортанғы шұңқыр шекаралары: ми сауытының артқы ойысынан:
самай сүйектің бөлігінің жоғарғы қыры мен түрік ертоқымының арқасы арқылы шектелген.
Құрамы: Бұл ойыстың алдында түрік ертоқымның төмпешігі( tuberculum sellae);
3.Артында түрік ертоқымның арқасы (dorsum sellae);
Аралығында гипофиз безінің ойысы ( fossa hypophysialis), анық көрінеді. Түрік ерінің бүйір қапталында ішкі ұйқы артерияның жүлгесі — (sulcus caroticus ) орналасқан.
4.Apтқы шұңқыр шeкapaлары:
Алдыңғы шекарасы: самай сүйектің жоғарғы қыры және түрік ерінің ар-қасы мен шектеледі;
Артқы шекарасы: шүйде сүйегінің көлденең қойнауындағы саласымен (sulcus sinus transversus) және шүйде сүйектің ішкі шығыңқысы( protuberantia occipitalis externa) арқылы шектеледі.
Құрамы: Шұңқыp негізін шүйде cүйек құрайды, сонымен бірге самай сүйектің емізіктік өсіндісі, пирамиданың артқы беті, сынатәрізді сүйектің артқы бөлімі, төбе сүйектерінің емізіктік бұрышы кіреді.

27 сұрақ.


Таңдай сүйек. Бетсүйек. Мұрын және көз жастық сүйектер. Тіласты сүйектер.
Жауап:
Таңдай сүйек (os palatinum) - алдынан жоғарғы сүйек және артынан сына тәрізді сүйектің қанаттық өсінділерінің арасында орналасатын тақ сүйек. Кеңсірік, ауыз, көз ұясы қуыстарын және қанаттәрізді таңдай шұңқырын түзуге қатысады. Құрылысы горизонталды және перпендикулярлы табақшалардан түзілген.
Горизонталь табақша (lamina horizontalis) – артқы жағынан processus palatinus maxillae–ны толықтырып, қатты таңдай (palatum osseum) түзеді. Алдыңғы жиек арқылы жоғарғы жақ сүйектің таңдайды өсіндісімен байланысып, сүйектік таңдайдың артық бөлігін түзеді. Артқы жиегі бос, төменнен хоаналарды шектейді. Төменгі бетінде таңдай үлкен тесігі (foramen palatinum majus) болады. Ол арқылы таңдай тамырлары мен нервтері өтеді. Жоғары-мұрындық беті(facies nasalis ) - қысыңқы, тегіс болса, төменгі - таңдайлық беті (facies palatina) бұдырлы. Мұрындық беттің медиалды жиегінде желбезекке қосылатын мұрындық қырқа (crista nasalis) бар. Оның артқы шеті ұзарып, мұрынның артқы қылқанына (spina nasalis prosterior) ұласады. Горизонталды табақшаның перпендикулярлыға өтетін жерінен пирамидалды өсінді (processes pyramidalis ) кетеді.
Перпендикулярлы табақша (lamina perpendicularis) - мұрын қуысының латералды қабырғасының артқы бөлімін құрайтын, facies nasalis maxillae-ға жанасып жататын жіңішке сүйекті табақша. Оның медиалды, мұрындық бетінде 2 параллель горизонталды қырқа бар: мұрынның төменгі кеуілжірі бекитін төменгі – кеуілжірлік қырқа (crista conchalis) және мұрынның ортаңғы кеуілжірі бекитін (торлы сүйектің) жоғарғы – торлы қырқа (crista ethmoidalis). Перпендикулярлы табақшаның латералды, жоғарғы жақ сүйектік бетінде, оның артқыжиегінде вертикалды бағытталған таңдайдың үлкен жүлгесі (sulcus palatinus major) бар. Ол жоғарғы жақ сүйектің сәйкес жүлгелері мен сына әрізді сүйектің қанаттық өсіндісімен таңдайдың үлкен өзегін құрайды. Табақша жоғарыдан 2 өсіндіге бөлінген. Алдыңғы көз ұялық өсінді (processus orbitalis) және артқы сына тәрізді өсінді (processus sphenoidalis) . Бір-бірінен сына-таңдайлық тілікпен (incisura sphenopalatina) бөлінген, ол сына тәрізді сүйектің жанасатын денесімен бірге, мұрын қуысына баратын қан тамырлар мен жүйкелер өтетін сына-таңдайлық тесікті түзеді.
Бет сүйек (os zygomaticum) – бас сүйектік бет сүйектері бөлімінің құрамындағы тақ сүйек, ол маңдай сүйектің, самай және жоғарғы жақ сүйектерінің, бет сүйектік өсінділерімен байланысады. 3беті және 2 өсіндісі бар.
Латералды беті (facies lateralis) – шығыңқы, пішіні төртбұрышты жұлдызтәрізді, бет сүйек – беттік тесігі бар.
Көз ұялық беті (facies orbitalis) – көз ұясының латералды қабырғасын түзуге қатысады. Оның бет сүйек- көз ұялық тесігі бар.
Самайлық беті (facies temporalis) – самайлық шұңқырға қараған артқы тегіс бет, бет сүйек-самай тесігі бар.
Жоғарғы өсіндісі (processus frontalis) – маңдай сүйектің беттік өсіндісімен және сынатәрізді сүйектің үлкен қанатымен байланысқан. Ал латералды өсінді (processus lateralis) – самай сүйектің беттік өсіндісімен қосыла отырып, шайнау бұлшық еті басталатын жер – бет доғашығын түзеді.
Мұрын сүйек(os nasale) – өзінің жұптасына жанаса отырып, мұрын негізінде мұрын арқашығын түзеді. Адамдарда жануарларға қарағанда нашар дамыған. Сыртқы бетінде мұрындық тесік(foramen nasale), ішкі бетінде торлы жүлге орналасқан. Пішіні индивидке қарай өзгермелі боп келеді.
Көз сүйегі(os lacrimale) – Іле – шала жоғарғы жақ сүйектің processus frontalis артында көзұясының медиалды қабырғасы құрамына енетін бет сүйек ішіндегі ең ұсақ сүйек, жұқа табақша. Торлы сүйектің алдыңғы ұяшықтарының латералды қабырғасын құрайды. Оның латералды қабырғасында көз жасы сүйегінің артқы қырқасы (crista lacrimalis posterior) бар, одан алға қарай көз жасы жүлгесі (sulcus lacrimalis) жатады. Бұл жүлге жоғарғы жақ сүйек маңдайлық өсіндісіндегі аттас тілікпен бірігіп, көз жас қабының шұңқырын (fossa sacci lacrimalis) түзеді.
Тіласты сүйектер (os hyoideum) – IV мойын омыртқаның жоғарғы жиегінде, төменгі жақ пен көмекей арасында орналасқан, сыртқы пішіні таға тәрізді тақ сүйек. Денесі (corpus) және екі жұп өсіндісі (cornu majus et minus) – үлкен және кіші мүйізі бар. Бұл сүйекке тіл, мойын және жұтқыншақтың кейбір бұлшықеттері бекиді. Арық адамдарда анық байқалады.
1. Денесінің (corpus hyoideum) алдыңғы беті дөңес, артқы беті иіліп орналасқан табақша.
2. Үлкен мүйізшесі (соrnu majus) денесінің тікелей жалғасы , яғни денесінің артқы қапталынан артқа қарай бағытталған.
3. Кіші мүйізі (cornu minus) сүйектің денесі мен үлкен мүйізшесінің бітіскен жерінде жоғары және артқа қарай бағыт алып орналасады.
28 сұрақ.
Төменгі мұрын қалқаны, желбезек.
Жауап:
Төменгі мұрын қалқаны, concha nasalis inferior - өте жұқа келген, сыртқы пішіні сопақшалау дербес табақшалы жіңішке жұп сүйек: ол торлы сүйектің құрам бөліктері болып табылатын жоғарғы және ортаңғы қалқандардан тұрады. Жоғарғы ұшы арқылы мұрын қуысының бүйір қабырғасына бекіп, ортаңғы мұрын жолын төменгі мұрын жолынан бөліп тұрады. Төменгі жиегі бос, ал жоғарғы жақсүйектің және таңдай сүйектің crista conchalis-імен жалғасады.
Төменгі мұрын қалқанының: денесі, төрт қыры, үш өсіндісі белгілі. Денесінің медиалді яғни мұрын қуысына қараған беті бұдырлы, дөңестеу болып келсе, латералды немесе жоғарғы жақ сүйегінің қойнауына қараған беті ойыстау келген қырлары:
Алдыңғы қыры - жоғарғы жақсүйегінің мұрын қылқаның қылқасы, crista conchalis, мен байланысса, артқы қыры - таңдай сүйегінің перпендикулярлы табақшасының мұрын қуысына қараған бетіндегі мұрын қылқанының қырқасымен өзара бітіскен. Төменгі қыры, төмен қарай бағыт алып, латеральды бағытта бүктеліп орналасқан. Жоғарғы қырында: тор сүйектік, көз жастық және жоғарғы жақтық өсінділері орналасқан.
1. Көзжастық өсіндісі (processus lacrimalis) - жоғары қарай өтіп, көз жас сүйегімен өзара байланысқан.
2. Жоғарғы жақтық өсінді (processus maxillaris) - басқа өсінділерінің ішіндегі көлемдісі. Төменгі кеуілжір сүйегінің қойнауының тесігін сәл жауып орналасады.
3. Торлы сүйек өсіндісі (processus ethmoidalis) - жоғары қырының артқы қапталында жоғары қарай бағытталып, тор сүйектің ілмегімен өзара байланысу қызметін атқарады.
Желбезек (vomer) – жер өңдеу құралына ұқсайтын, мұрынның сүйекті қалқасының артқы-төменгі бөлігін құрайтын бұрыс төртбұрышты табақша пішінді тақ сүйек. Екі табақшадан тұрады: олар төменнен бірігіп кетеді, ал жоғарыдан екіге айырылып, желбезек қанатын (alae vomeris) түзеді. Кеңсірік сүйегінің төрт қыры ажыратылады:
1. Жоғарғы қыры, қалғандарына қарағанда қалыңдау келген. Горизонтальды бағытта бойлай орналасқан кеңсірік жүлгесі (sulcus vomeris ) арқылы бүйір қапталына қарай бағытталған жұп кеңсірік қанаттарын (ala vomeris) құрайды. Ол сына сүйектің денесінің мұрын қуысына қараган бетімен беттесіп, сына сүйектің тұмсығын ( rostrum sphenoidale) екі жағынан қапсыра қамтып, сына-кеңсірік жігi (sutura sphenovomeris) арқылы жалғасқан.
2. Артқы қыры жұтқыншаққа қарай иіліп, хоана тесігінің хоандық қырқасын(crista conchalis) құрайды.
3. Алдыңғы және төменгі қыры - бұдырлау келген. Алдыңгы қыры тор сүйектің перпендикулярлы табақшасымен жалғасса, теменгі қыры жоғарғы жақ сүйегі мен тандай сүйектің мұрын қуысына қараған қырқасымен жалғасып, мұрын қуысының сүйектік аралық қабырғасын
құрауға қатысады.
29 сұрақ.
Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы.
Жауап:
Көз шарасы orbita сыртқы пирамидаға ұқсап,негізімен алға, ұшымен артқа медиалды бағытталған. Көз ұя ұшында көру өзегі canalis opticus өтеді. Көз шарасының кіреберіс тесігі aditus orbitae. Көз шарасының кіреберіс тесігінің сыртқы пішіні, төрт бұрыш тәрізді доғаланып келген. Бұл жоғарғы жағында көз шарасының жоғарғы жиегі — margo supraorbitalis, төменде көз шарасының төменгі жиегі — таrgо infraorbitalis бен шектелген. Көз шарасының тегістеу болып келген төрт қабырғасы ажыратылады.
Көз шарасының жоғарғы қабырғасы paries superior. Ол сәл қысыңқы горизонтальды жатады және мағдай сүйектің көз ұялық бөлігімен ал артынан сына тәрізді сүйектің кіші қанатымен түзілген. Сына сүйектің кіші қанатының көз шарасына қараған бетінде, көру нервінің өзекшесі canalis opticus айқын байқалады. Жоғарғы қабырғасының латеральды бөлігінде , көзжас безінің ойысы fossa lacrimalis бар және медиалді жиегінде маңдай тілік жақта шығыршылық шұңқыр fovea trochlearis ал оның қасында кішкентай болатын шығыршықтық қылқын spina trochlearis болады. Бұған көз алмасының жоғарғы қиғаш бұлшықеті бекиді.
Көз шарасының латералдық қабырғасы paries lateralis деп аталынады. Ол бетсүйек os zygomaticum пен сына сүйектің үлкен қанатының көзшарасына қараған бетінен тұрады. Латералдық қабырға жоғарғы қабырғасынан көз шарасының жоғарғы саңылауы fissura orbitalis superior арқылы бөлінген және бетсүйектің көз шарасына қараған жағында бетсүйектік көзшарасы өзекшенің тесігі foramen zygomatico orbitalis ерекше көрінеді.
Көз шарасының медиалдіқ қабырғасы paries medialis сагитальды орналасқан. Алдынғы жағынан көзжас сүйегі мен тор сүйектің лабиринтінің көз шарасынақараған бетінен ал артқы жағынан сына сүйектің
денесінің латералдық бетінен тұрады. Медиалды қабырғасының алдыңғы бөлігінде көзжас қаптың шұңқыры fossa sacci lacrimalis бағытталған, бұл алдыңғы және артқы көз жасы қырқаларымен шектелген. Шұңқыр төменнен мұрын қуысының өтісіне ашылатын мұрын көз жасы өзегіне canalis nasolacrimalis жалғасады. Медиалды қабырғасының жоғарғы жиегінде тор сүйектің алдыңғы, артқы тесіктері foramen ethmoidale anterius et medius орналасқан.
Көз шарасының төменгі қабырғасы paries inferior ол жоғарғы жақ сүйектің көз ұялық бетімен түзілген. Бет сүйектің көз шарасына қараған бетінен және таңдай сүйектің көз шарасына бағытталған өсіндісінен тұрады. Төменгі қабырғасы мен латеральдық қабырғалардың аралығында көзшарасын самайасты ойысын қанат-таңдай ойысы мен өзара байланыстырып тұрушы көз шарасының төменгі саңылауы fissura orbitalis inferior орналасқан және көз шарасының төменгі бетінің бүйір қапталына таман көз шарасының төменгі саласы sulcus infraorbitalis айқын байқалады.
Көз ұяның төменгі қабырғасында көз ұя асты өзегіне canalis infraorbitalis жалғасатын көз ұя асты жүлге өтеді. Өзек жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетіне көз ұя тесікпен foramen infraorbitaleмен аяқталады. Бұл өзекшеден жоғарғы жақ сүйегінің терең қабатында, жоғарғы жақ сүйегі тістерінің түбіріне бағытталған жоғарғы альвеолярлық алдыңғы және аралық өзекшелер canalis alveolaris superior anterior et medius өтеді. Шұңқырдың шекарасы самайастылық қырқа crista infratemporalis болып табылады. Бұлшұңқырдың алдыңғы, медиалді, латеральды қабырғасы ажыратылады.
а) Алдыңғы қабырғасы жоғарғы жақ сүйегінің самай астылық шұңқырына қараған бетіндегі жоғарғы жақтық бұдырына tuber maxillae.
ә) Медиальды қабырғасы сына сүйектің латеральды қанаттәрізді өсіндісінен.
б) Латеральды қабырғасы төменгі жақ сүйегінің бұтағы ramus mandibulae бұл шұңқырдың латеральды қабырғасын құрауға қатысады. Самайастылық шұңқыр одан әрі бұл шұңқырдың ішкі қапталына қарай бағыт алып қанат-тандай шұңқырына ұласады.
30 сұрақ.
Қанат-таңдай шұңқыры, оның қабырғалары, тесіктері, қатынастары.
Жауап:
Қанат-таңдай шұңқыры fossa pterygopalatina ол самайастылық шұңқырдың тікелей жалғасы болып саналады. Алдыңғы жағынан жоғарғы жақсүйек ал артқы жағынан қанат тәрізді өсынді арасында орналасқан. Бұл шұңқырдың қабырғасы таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы мен сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен тұргандықтан қанат-таңдай шұңқыры деп аталады. Бұл шұңқырдың үш қабырғасы ажыратылады. Олар алдынғы қабырғасынан жоғарғы жақ сүйектің төмпесі tuber maxillae ал артқы қабырғасынан сына тәрізді сүйектің қанаттық өсіндісі processus pterygoideus ossis sphenoidalis және үшінші медиальды қабырғасын тағдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы lamina perpendicularis ossis palatinae құрайды.
Қанат-таңдай шұңқырына 5 тесік ашылады. Біріншісі медиалды тесік мұрын қуысына foramen sphenopalatinum бұл нерв пен тамырла өтетін жерге барады. Екіншісі артқы жоғарғы тесік ортаңғы бассүйек шұңқырына foramen rotundum бұл арқылы бассүйек қуысынан нервтің екінші тармағы шығады. Үшінші алдыңғы тесік көз ұясына fissura orbitalis inferior бұл нерв пен тамыр өтуіне арналған. Төртінші төменгі тесік ауыз қуысына canalis palatines major бұл жоғарғы жақ сүйекпен таңдай сүйегінің аттас жүлгесінен түзіледі. Бесінші артқы тесік вегетативтік нервтердің жүретін жеріне қарай n.canalis pterygoidei бассүйектің сыртқы жағына canalis pterygoideus ке барады.

31 сұрақ.


Мұрын қуысы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы.
Жауап:
Мұрын қуысы — cavitas nasi, бет сүйектердің жоғарғы бөлігінің орталығында орналасқан.Мұрын қуысының қабырғалары, сүйектік және шеміршектік бөліктен тұрады. Бұл қуыстың кіретін сүйектік тесігін алмұрт тәрізді апертура apertura piriformis дейді. Бүл мұрынның сүйектік қуысының алдыңғы тесігімен сосын мұрын сүйегінің төменгі жиегімен шектеседі. Артқы немесе жұтқыншақпен жалғасатын тесігін "хоан" сһоапае депатайды және хоаналар оң және сол болып бөлінеді. Бұл жоғарыдан сына тәрізді сүйек денесімен төменнен таңдай сүйектің горизантальды табақшасымнен шектелген. Мұрын
қуысының жоғарғы, төменгі, бүйір және аралық қабырғалары ажыратылады. Жоғарғы қабырғасы мұрын сүйегінен, тор сүйектің горизонталді табақшасынан және сына сүйегі мен шүйде сүйектің денесінің мұрын қуысына қараған бетінен тұрады. Төменгі қабырғасы сүйектік таңдайдан palatum osseum тұрды. Аралық қабырғасы кеңсірік сүйек пен тор сүйектің перпендикулярлық табақшасынан тұрады. Бүйір қабырғалары жоғарғы жақ сүйекпен, тор сүйек лабиринтінің мұрын қуысына қараған бетінен және таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы мен төменгі кеуілжір сүйегінің мұрын қуысына қараған беттерінен құралған. Мұрын қуысының бүйір қабырғасының мұрын қуысына қараған бетінде жоғарғы, аралық және төменгі кеуілжірдің аралығында,мұрың қуысының үш өту жолы болады. Мұрынның жоғарғы жолы meatus nasi superior мен ортаңғы кеуілжірдің concha nasalis medius аралығында орналасқан. Мұрын қуысының бұл өту жолы, сына сүйектің қойнауы мен және тор сүйектің артқы ұяшығымен жалғасады. Мұрынның ортаңғы жолы meatus nasi medius ол аралық кеуілжір мен төменгі кеуілжірдің аралығында орналасқан. Бұл өту жолмаңдай, жоғарғы жақ сүйегінің қойнауы мен
және тор сүйектің лабиринтінің алдыңғы, аралық ұяшығымен жалғасады. Мұрынның төменгі өту жолы meatus nasi inferior төменгі кеуілжір мен таңдайдың аралығында орналасқан. Бұл өту жол көзшарасы мен мұрын-көзжас өзегі — canalis nasolacrimalis арқылы мұрын қуысы мен ауыз қуысы мен күректістік өзекше — canalis incisivus арқылы жалғасады.

32 сұрақ.


Самай, самайасты шұңқыры.
Жауап:
Самай сүйек (os temporale), ми сауытының негізі мен қақпағының бүйір қабырғасын құрауға қатысушы, құрылысы күрделі (қаңқаның барлық 3 қызметін атқара алады) жұп сүйек сыртқы есту тесігінің жанында орналасуына байланысты – қабыршақтық (pars sguamosa), дабылдық (pars
tympanica) және пирамида тәрізді (pars pyramidis seu parspetrosa) бөліктерден құралған. Мұнда тепе-теңдік органдардың, ішкі ұйқы артерияның, бет ми нервінің және дабыл-жұтқыншақ өзекшелері орналасқан.
1.Қабыршақтық (pars sguamosa) - сыртқы пішіні жалпақ, сагитальды жазықтықтың бойында вертикалды орналасқан бассүйектің бүйір бетін түзуге қатысатын табақша. Бүгілген жиектері шеке сүйектің, margo squamosa, сәйкес жиектеріне балық қабыршақтары сияқты қаланған, атауы осыған сәйкес. Сыртқы самайлық тегіс беті (facies temporalis) арқылы түзілетін самайлық шұңқыр төменнен бетсүйектік өсіндімен (processus zygomaticus) шектелген. Осы бет өсіндісінің екі түбірі арасында төменгі жақсүйекпен қосылу үшін қажет шұңқыр орналасқан және осы түбірлер буындық төмпешік (tuberculum articulare) пен айқындалмаған буын арты төмпешігін (tuberculum retroarticulare) түзуге қатысады. Бұл екеуінің арасында төменгі жақсүйектік шұңқыр (fossa mandibularis) түзілген. Қабыршақтық бөліктің ішкі милық бетінен (facies cerebralis) ми іздерін, саусақтық батыңқылар (impressiones digitatae) және олардың үстіндегі ортаңғы менингеалды артерия жүлгесін (sulcus arteriosi) байқаймыз.
2.Дабылдық (pars tympanica) - сыртқы дыбыс өтісінің(meatus acusticus externus) алдыңғы, төменгі және артқы жиегінің бір бөлігін түзуге қатысатын иілген табақша. Төменгі бетінде, қабықшалы бөлігінің арасында төменгі жақ ойысының буын беті мен дабыл бөлігін бөлетін дабыл-қабыршақтық саңылау (fissura tympanosquamosa) орналасқан. Бұған пирамиданың алдыңғы алдыңғы бетіндегі өсінді еніп, оны параллель саңылауға: тасты-қабыршақтық саңылауға (fissura petrosquamosa) және тасты-дабылдық саңылауға ( fissura
petrotympanica) бөледі. Кейінгі саңылау арқылы дабыл қуысынан сыртқа бағыт алған дабыл шегі атты нерві (п. chorda tympani) және майда қан тамырлары өтеді.
3. Пирамида тәрізді (pars pyramidis seu parspetrosa) – Сыртқы пішіні пирамида тәрізді болып келгендіктен пирамида бөлігі, pars pyramis, деп, екін-
шіден тығыз орналасқан сүйектік тканнан тұратындықтан тастақты бөлігі, pars petrosa, деп аталған бұл бөлікке сыртқы есту тесігінің сүйекті бөлігі, ортаңғы және ішкі құлақтар кіреді. Пішіні үшжақты пирамидаға ұқсас, негізі – артқа және латералды, ұшы – алға және медиалды қараған. Оның 3 беті бар: алдыңғы (facies anterior partis petrosae), ортаңғы бассүйектің шұңқырының түбінің құрамына кіреді; артқы (facies posterior partis petrosae), артқа қарай және медиалды бағытта артқы бассүйек шұңқырының алдыңғы қабырғасының бір бөлігін құрайды; төменгі (facies inferior partis petrosae), төмен қараған және бассүйектің сыртқы негізіне кіреді.
Алдыңғы (facies anterior partis petrosae) - Пирамиданың алдыңғы беті қабыршақтық бөліктің алдыңғы бетінен жасөспірімдерде айқын байқалатын тас қабықшалы саңылау, (fissurapetrosquamosa), арқылы ажыратылады. Орталық белігінде доға тәрізді көтеріңкі, (eminentia arcuata) орналасқан. Осы көтеріңкі мен тасқабықшалы саңылаудың аралығында дабыл қуысының қақпагы (tegmen tуmраnі) орналасқан. Пирамиданың алдыңғы бетінің ұшында үшкіл нерв түйінінің батыңқысы (impressio trigemini) байқалады.
Артқы (facies posterior partis petrosae) - Жоғарыдан арт жағына қарай еміздік
тәрізді өсіндіге ұласады. Орталық бөлігінде, дөңгелек пішінді ішкі есту тесігі (porus acusticusinternus) және оның жолы (meatus acusticus internus) орналасқан. Одан жоғарырақ доға-астылық шұңқырша (fossa subarcuata) орналасқан. Бұл шұңқыршаның артында, су құбырының сыртқы тесігі (apertura externa agueductus vestibuli) орналасқан. Бұл тесік, ішкі құлақтың лабиринтінің эндолимфатикалық өзекшесінің сыртқы тесігі болып саналатындықтан, ішкі құлақтан ми қабықшасының аралығына қарай бағытталған эндолимфатикалық сұйықтықты бойынан өткізу қызметін атқарады.
Төменгі (facies inferior partis petrosae) – Мұнда сопақша немесе дөңгелек тәрізді болып келген мойындырықтық шұңқыр (fossa jugularis) орналасқан. Табанында, X жұп кезбе ми нервінің құлақтық бұтағының жүлгесі орналасқан. Бұл жүлге еміздік өзекшесінің (sulcus canaliculus mastoideus) тесігіне бағытталған. Артқы жиегі болса, мойындырық тілік (incisura jugularis) арқылы шектелген. Ал мойындырық тіліктің аралығында, аралық мойындырықтық өсінді (processus interjugularis) көрінеді. Бұл өсінді арқылы мойындырықтық тілік алдыңғы-медиальды және артқы-латеральды бөліктерге бөлінген.
Пирамидалар бір-бірімен үш жиекпен (margo superior partis petrosae, margo posterior partis petrosae, margo anterior partis petrosae) байланысқан: жоғарғы (пирамиданың алдыңғы және артқы бөліктерін бөліп тұратын бұл жиектен аттас веналық синус өзегі (sulcus sinus petrosi superioris) өтеді ); артқы (fossa jugularis-тен алға қарай шүйде сүйектің базилярлы бөлігімен қосылып, осы сүйекпен бірге - (sulcus sinus petrosi inferioris) төменгі тастақты веналық синус өзегі өтеді) және алдыңғы (қысқа жиек қабыршақпен бұлшықетті құбырлық өзек тесігі (canalis musculotubarius) байқалатын сүйір бұрыш түзеді).
Самайасты шұңқыры.
Самайастылық шұңқыр (fossa infratemporalis) - бас сүйектің милық және бет бөліктерінің шекарасында, жоғарғы жақ сүйектің артында бұл шұңқырдың көлденең ені биіктігіне қарағанда көлемді болып келген, ол самай шұңқырының төмен қарай тікелей жалғасы болып саналады. Сырт жағынан ішінара төменгі жақсүйектің тармағымен бүркелген. Самай шұңқырынан сына тәрізді сүйектің үлкен қанатындағы самайастылық қырқа арқылы (crista infratemporalis) шектескен. Жоғарғы қабырғасы осы сүйектердің үлкен қанаты. Бұл шұңқырдың алдыңғы, медиалді, латеральды қабырғасы ажыратылады.
а) Алдыңғы қабырғасы: жоғарғы жақ сүйегінің самай астылық шұңқырға қараған бетіндегі жоғарғы жақтық бұдырынан (tuber maxillae);
ә) Медиальды қабырғасы: сына тәрізді сүйектің латеральды қанаттәрізді өсіндісінен;
б) Латеральды қабырғасы: бет сүйек доғасы мен төменгі жақ сүйек тармағынан құралған.
Мұнда медиалды және латералды қанаттық бұлшықеттер, шелмай, қан тамырлар және жүйкелер орналасқан. Бұл шұңқыр (fissura orbitalis inferior) арқылы көзұясымен және (fissura pterygomaxillaris) арқылы қанат-тандай шұңқырына ұласады.

33 сұрақ.


Бассүйек шұңқырлары. Олардың шекаралары, құрамы.
Жауап:
Бассүйек негізінің ішкі бетін (Basis cranii interna) горизонталды немесе сагиталды аралап кескеннен кейін көре аламыз. Ол 3 шұңқырға бөлінеді: алдыңғысы мен ортаңғысы үлкен мида, артқысы мишықта орналасады.
1.Бас сүйектің алдыңғы шұңқыры (fossa cranii anterior) –маңдай сүйегінің көзұялық бөлігі. Торлы сүйектің торлы табақшасы мен сынатәрізді сүйектің кіші қанатынан түзілген. Алдыңғы шұңқырда ми сыңарының маңдайлық үлесі орналасқан. Бұл шұңқыр саусақтық батыңқылары және милық төмпешіктері бар маңдай сүйектің көз ұя бөліктерімен және торлы сүйектің тесіктелген табақшасының тесіктері арқылы мұрын қуысымен байланысқан. Тесіктелген табақшаның ортасында әтеш қырқасы (crista galli), алдында соқыр тесік (foramen ceccum) және маңдайлық қырқа (crista frontalis) орналасқан. Бұл шұңқыр көру өзегі арқылы көз ұямен байланысады. Көру өзектерінің тесіктері қиылысатын жүлге (sulcus prehiasmatis) арқылы байланысады.
2.Бас сүйектің ортаңғы шұңқыры (fossa cranii media) – алдыңғы шұңқырға қарағанда тереңдеу. Ортаңғы бөлігі түрік ертоқымынан түзілген. Бүйір өліктеріне сына тәрізді сүйектің үлкен қанаттары, самай сүйектері және пирамиданың алдыңғы беті кіреді. Бас сүйектің ортаңғы шұңқырында түрік ертоқымына сәйкес келетін тақ орталық, оң және сол латералды бөліктерін ажыратады. Орталық бөлігінде гипофиз шұңқыры (fossa hypophisialis) орналасқан. Сына тәрізді сүйек денесінің латералды бетінде ұйқы жүлгесі (sulcus caroticus), ал самай сүйек пирамидасының ұшында жыртық тесік (foramen lacerum) жақсы көрінген. Жыртық тесік арқылы ішкі ұйқы артериясы, үлкен және кіші тастық жүйкелер, терең тасты жүйкелер өтеді. Бас сүйектің ортаңғы шұңқырын сопақ және қылқанды тесіктер бас сүйектің сыртқы негізіндегі самай асты шұңқырымен байланыстырады. Ортаңғы шұңқыр тесіктері: canalis opticus, fissura orbitalis superior, foramen rotundum, foramen ovale, foramen spinosum, foramen lacerum.
3.Бас сүйектің артқы шұңқыры (fossa cranii posterior) - шұңқырлардың ішіндегі ең тереңі және ең көлемдісі. Құрамына шүйде сүйегі, сына тәрізді сүйек денесінің артқы бөлігі, самай сүйегінің pars petrоsa және төбе сүйегінің төменгі артқы бұрышы енеді.
Шұңқырлардың ортасында үлкен тесік, оның алдында ылди (clivus) орналасқан. Ылдида сопақша ми мен көпір жатады. Тесіктері: foramen magnum, canalis hypoglossalis, foramen jugulare, canalis condilaris(кейде болмайды), foramen mastoideum(тұрақтылау), porus acusticus internus пирамиданың артқы бетінде болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет