Бас сүйегінің сүйектері. Ми сауыты және бет сүйектері. Бас сүйегінің дамуы



бет1/7
Дата07.08.2024
өлшемі83,5 Kb.
#203682
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Череп (1)


ДӘРІС №4
Тақырыбы: Бас сүйегінің дамуы. Жас шамалық, жыныстық және типтік құрылыс ерекшеліктері, даму ақаулары. Ми сауыты және бет сүйектері. Бас сүйегін оқудағы нәсіл теориясының сыны.


Жоспары:

  1. Бас сүйегінің сүйектері. Ми сауыты және бет сүйектері.

  2. Бас сүйегінің дамуы.

  3. Бас сүйегінің құрылыс ерешеліктері:

    • Индивидуальді ерекшеліктері.

    • Жыныстық ерекшеліктері.

    • Нәсілдік ерекшеліктері.

    • Жас шамалық ерекшеліктері.

  4. Нәсілдік теория.

  5. Даму ақаулары.




  1. Бас сүйегінің сүйектері. Ми сауыты және бет сүйектері.

Бас сүйегін екі бөлікке бөлуге болады:

  1. Ми сауыты.

  2. Бет сүйектері.

Ми сауыты сүйектеріне жатады:

  1. Маңдай сүйегі.

  2. Шүйде сұйегі

  3. Сына тәрізді сүйек.

  4. Екі төбе сүйегі.

  5. Торлы сүйек.

  6. Екі самай сүйегі.

Бет сүйектерінің құрамына:

  1. Таңдай сүйегі.

  2. Төменгі мұрын қалқаны.

  3. Мұын аралығының сүйекті негізі-

  4. Мұрын сүйектері.

  5. Жас сүйегі.

  6. Жақ немесе бет сүйегі.

  7. Жоғарғы жақ.

  8. Төменгі жақ.

Ми сауыты сүйектері өздері екіге бөлінеді:

  1. ми сауыты төбесі.

  2. ми сауыты негізі.

Ми сауыты төбесі сүйектеріне:

    • Маңдай сүйегінің қабыршақты бөлігі.

    • Екі төбе сүйектері.

    • Самай сүйегінің қабыршақты бөлігі.

    • Шүйде сүйегінің қабыршақты бөлігі.

Ми сауытының қалған сүйектері ми сауытының негізін құрайды.

2. Бас сүйегінің дамуы.


Бас сүйегінің әр бөлігі әр түрлі дамиды. Ми сауытының төбе бөлігі даму сатысында екі кезеңнен өтеді.

  • Дәнекер ұлпалы немесе жарғақты кезең.

  • Сүйекті кезең.

Ми сауыты төбесінің сүйектерінің сүйектенуі сүйектену нүктесінен басталады. Кейін сүйекті ұлпа сәулеленіп дәнкер ұлпаға таралады.
Ми сауыты негізінің сүйектері даму сатысында үш кезеңнен өтеді:

  • Жарғақтық кезең.

  • Шеміршекті кезең.

  • Сүйекті кезең.

Ми сауыты негізі сүйектері даму сатысында шеміршекті кезеңнен өтеді,ол негінің берік және массивті болуына әсер етеді. Ми сауыты негізінің үлкен беріктігінің қажеттілігі, себебі ол арқылы көптеген тамырлар мен нервтер және негізінде бірнеше тесіктер орналасқан. Соған орай, ми сауыты негізі сынған жағдайда тез арда өлуі мүмкін.
Ми сауыты негізі сынған жағдайда көз алмасының перифериясында «көз әйнек» симптомы пайда болады.
Бет сүйектерінің дамуы желбезек доғаларының қалдығынан және ұрығынан дамиды. Бет сүйектері даму сатысында екі кезеңнен дамиды; жарғақты және сүйекті өтеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет