Сабақтың тақырыбы: Гидротехникалық құрылыс



бет1/7
Дата07.02.2022
өлшемі44,53 Kb.
#84451
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Гидротехникалық құрлыс


Сабақтың тақырыбы: Гидротехникалық құрылыс

Гидротехникалық құрылыс — 1) су ресурсын тікелей пайдалануға, сондай-ақ су апатына қарсы күресуге арналған құрылыс. Гидротехникалық құрылыс жалпы (су бөгегіш су жүретін, су іркуіш, су қашыртқы және су реттегіш құрылыстар қашыртқы) және арнаулы болып ажыратылады.
Су бөгегіш құрылыстар құрылыстың су ағынының алдыңғы және артқы жақтарының арасында қысым не су деңгейі айырмашылығын жасайды. Мұндай құрылыстарға Шу өзеніндегі Тасөткел (су бөгенінің сыйымдылығы 620 млн. м3), Арыс өзеніндегі бөген (су бөгенінің сыйымдылығы 370 млн. м3), Іле өзеніндегі Қапшағай (су бөгенінің сыйымдылығы 28 млрд. м3) және т.б. бөгеттер жатады. Республикада 32 ірі, 200 орта және ұсақ бөгендер салынған (барлығының жалпы сыйымдылығы 110 млрд. м3).
Су жүретін құрылыстарға каналдар, гидротехникалық туннельдер, науалар, құбырлар жатады. Республикада Ертіс—Қарағанды, Қызылорда тұсындағы Сырдарияның сол жақ жағалауы, Арыс—Түркістан, Үлкен Шу, Орал-Көшім, Үлкен Алматы және т.б. ірі каналдар бар. 60-тан астам магистральдық (ірі) каналдың су шығыны 10—200 м3/с аралығында, ал ұзындығы 20 км-ден 500 км-ге дейін жетеді. Реттегіш гидротехникалық құрылыс су ағысын өзгертіп отыруға арналған. Бұл өзен арнасы мен жағасын шайылудан, сеңнің зиянды әсерлерінен сақтайды. Мұндай құрылыстар Жайық, Іле, Ертіс өзендерінде бар. Су іркуіш (қабылдағыш) құрылыстар су көздерінен (өзен, көл) алынған суды құбырларға бағыттай отырып, тұтынушыларға жеткізеді. Республикадағы ірі су іркуіш құрылыстар Шелек, Талғар, Көксу, Тентек, Талас, Шу, Ақсу және т.б. өзендерге салынған. 40-тан астам су іркуіш құрылыстың су шығыны 500—5000 м³/с аралығылда. Су қашыртқы құрылыстар бөгендегі, каналдағы, қысым бассейніндегі артық суды қажетті жаққа бағыттайды. Елімізде олар негізінен су бөгеу және су ірку құрылыстарының құрамына енеді. Арнаулы гидротехникалық құрылысқа су электр станциясы (СЭС) мен қысым бассейнінің ғимараттары, су көлігі, сондай-ақ порттық, мелиорациялық және балық шаруашылығы құрылыстары және т.б. жатады. Ертіс өзеніндегі Бұқтырма және Шүлбі СЭС-тері, Алматы СЭС-і каскады (қысымы 560 м), Іле өзеніндегі Қапшағай СЭС-і және т.б. осындай объектілер болып табылады. Су шаруашылығы шараларын жүзеге асыру үшін гидротехникалық құрылыстар бір кешенге біріктіріледі. Оны гидротехникалық құрылыс тораптары немесе су тораптары деп атайды;
2) гидротехникалық құрылыстар: өзендегікөлдегі, жер бетіндегі, жер астындағы гидротехникалық құрылыс деп, су шаруашылығы саласына сәйкес гидротехникалық құрылыс болып бөлінеді.
Су шаруашылық саласына сәйкес гидротехникалық құрылыс су энергетикалық, мелиорациялық, су көліктік, балық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету, канализация және спорттық мақсаттағы құрылыстар болып бөлінеді. Гидротехникалық құрылыс жалпы гидротехникалық құрылыс және арнаулы гидротехникалық құрылыс болып та ажыратылады. Жалпы гидротехникалық құрылысына су бөгегіш және су жүретін құрылыстар, су реттегіштер, су қабылдағыштар жатады. Су бөгегіш құрылыстардың ең маңызды, әрі көп тараған түрі — бөгет. Ол өзен ағысы мен өзен арнасын бөгеп, су деңгейін көтерумен бірге өзен жағасын сең мен су тасқынынан, сол сияқты теңіз-көлдердің жағалауындағы елді мекендерді судың көтерілуі мен теңіз дауылына байланысты болатын зардаптардан қорғайды. Су жүретін құрылыстарға каналдар, гидротехникалық туннельдер, құбырлар жатады. Бұлардың кейбіреуі (мысалы, канал) қатынас жолдарын қиып өтетіндіктен және пайдалану қауіпсіздігін камтамасыз ету үшін тарнау, дюкер, көпір, салдық өткел секілді құрылыс салуды қажет етеді. Реттегіш гидротехникалық құрылыс су жүргісін өзгертіп отыруға арналған. Бұл өзен арнасы мен жағасын шайылудан, сеңнің зиянды әсерлерінен сақтайды. Өзендегі суды реттеу кезінде ағын бағыттауыш қондырғылар (жартылай бөгеттер, гидротехникалық қалқандар, бөгеттер т.б.), өзен кемерін бекітетін құрылыстар, сең бағыттауыштар мен ұстағыш (қармаушы) құрылыстар пайдаланылады. Су қабылдағыш құрылыстар өзен-көл суын су құбырларына бағыттайды, оны тұтынушыларға жеткізіп отырады. Су қашыртқы құрылыстар бөгендер мен каналдардағы, әуіздердегі т.б. артық суды басқа жаққа бағыттап отырады. Олар суқоймаларын толық не жартылай босатуға мүмкіндік беретін су арналы, су жағалық, су бетіндегі, су астындағы құрылыстар түрінде салынады. Сыртқа шығарылатын судың мөлшерін реттеу үшін суқашыртқы құрылыстар гидротехникалық жапқыштармен жабдықталады. Аз мөлшерлі су ағызып шығару ашық және сифонды су шығарғыштар арқылы іске асырылады. Арнаулы гидротехникалық құрылыстарға СЭС-ның, арынды әуіздің т.б. имараттары жатады. Оған су көліктік құрылыстар (шлюздер, су көтергіштер, маяктар және т.б.), айлақтық құрылыстар, (толқын бәсеңдеткіштер, доктар т.б.), мелиорациялық құрылыстар (бас және таратқыш каналдар, суландыру, құрғату жүйелеріндегі реттегіш шлюздер және т.б.), балық шаруашылық құрылыстары (балық көтергіштер, балық әуіттері және т.б.) жатады. Кейде жалпы және арнаулы құрылыстар бір кешенге біріктіріледі. Мысалы, СЭС-ның имараты мен суқашыртқы құрылыс бірге салынады. Қазақстанда Бұқтырма, Қапшағай, Шардара бөгендері, Ертіс — Қарағанды, Үлкен Алматы, Арыс — Түркістан каналдары, Қызылорда бөгеті сияқты ірі-ірі гидротехникалық құрылыстар бар.
Гидротехникалық құрылыс классы — гидротехникалық құрылыстың күрделілігінің көрсеткіші; гидротехникалық құрылыста апат болған кезде оның халық шаруашылығына тигізетін зияны немесе дұрыс жұмыс істемеуінен болатын шығындарды есепке алу. Мелиорациялық жүйедегі елу мың гектарға дейінгі мұндай құрылыстардың негізгі және қосалқы құрылыстары төртінші класқа, ал 51-400 мың гектарға дейінгісі — үшінші класқа жатады. Егер негізгі құрылыс (су қабылдағыш, бөгет, канал) бұзылса, суландыру жүйесіне су келмейді немесе сумен толығынан камтамасыз етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет