Сабақтың тақырыбы: Гидротехникалық құрылыс


Гидротехникалық құрылыстағы негізгі түсініктер



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі44,53 Kb.
#84451
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Гидротехникалық құрлыс

Гидротехникалық құрылыстағы негізгі түсініктер
Құрылыс өндірісінің технологиясы деп құрылыс монтаж жұмыстарының (жер,бетон, темір бетон, жер асты жұмыстары, монтаждық) т.б. әрлеу жұмыстарының нәтижесінде пайда болатын құрылыс объектілерінің орындалу тәсілдерінің жиынтығын айтамыз.
Гидротехникалық құрылыстарды салудағы қазіргі заманғы құрылыс технологияларына жоғарғы өнімді машиналармен механизмдер кеңінен қолданады: ожаулардың сыйымдылығы 8 м3-қа дейін немесе одан көп экскаваторлар, жүк көтерілімдігі 40 т дейін самосвал, скреперлер, қуатты бульдозерлер, жүк көтерілімдігі 25-40 т аралығындағы мұнаралы, кабельді, крандар.
Құрылыс өнімі дегеніміз – пайдалануға дайын болған, құрылған құрылымдарды айтамыз. Құрылыс жұмыстарды өндірілетін материалдар түріне және конструктивтік элементтеріне байланысты бөлінеді: жер жұмыстары бетон, тас болып бөлінеді.
Бұл жұмыстар жалпы құрылыстың жұмыстары болып табылады. Технологиялық, санитарлық технологиялық және электротехникалық жабдықтарды монтаждау, гидроэзоляциялау жұмыстары т.б. арнайы жұмыстарға жатады. Оны арнайы ұйымдар орындайды.
Құрылыс объектісі жоба бойынша іске асады. Жобада объектіні пайдалану және технологиялық сипаттамалары, құрылыстарының формалары мен өлшемдері және олардың элементтері, материалдарының бөлшектері құрылыс және мата жұмыстарының тәсілдері және құрылыстың ұйымдастыруы болады.
Жобаның құрамына тағы смета дайындалады. Ол барлық материалдардың жабдықтардың электорэнергияның құрылыс машиналарының жұмысын еңбектің барлық шығындарының яғни құрылыстың өзіндік құнын ескеріп жасайды.
Жалпы құрылыстық жұмыстарды орындауға байланысты құрылыс процестері болады. Құрылыстық және монтаждық процестер негізгі, көмекші және транспорттық болып бөлінеді.
Негізгі процеске арнайы жұмыстардың конструкцияларын дайындау жатады. Мысалы: платинаның негізін бетондау, платинаның денесіне топырақтарды төгу т.б.
Көмекші процестерге траншея (ордың) қабырғаларын бекіту, шаблондарын монтаждау т.б. жатады.
Транспорттық процестерге материал, конструкторлы бөлшектерді жұмыс орнына жеткізу жұмыстары жатады.
Гидротехникалық құрылыс күрделі құрылыстың негізгі саласы болып табылады. Өйткені онда жұмыс көлемі үлкен, конструктивтік және жинақтау шешімдері қайталанбайды.
Гидротехникалық құрылыстарға ерекше талаптар қойылады: оларға сенімділігі, беріктігі, су өткізбестігі және суыққа төзімділігі, арнайы технологияларды пайдалануды қажет етеді.
Гидротүйіннің құрамына ірі жер құрылыстары (платина, дамбалар, каналдар) кіреді.
Жер жұмыстары
Жер құрылымдарына дамбалар, каналдар т.б. жатады. Олар жерлердің бетінде немесе топырақ массивінде орындалатын инженерлік құрылымдар болып табылады. Жерлердің беттігіне байланысты олар жабық және ашық болап бөлінеді. Жер асты құрылыстарға – туннель,землянка, шахталар және басқа да жерлердің биіктігінен белгілі бір терңдікте орындалатын құрылымдар жатады. Олар арнайы және жер қазатын машиналар мен құрылады. Жер құрылымдар – ашық жер құрылымдары жерлердің тегіс бетінде үйінді және ойық түрінде құрады. Мұндай құрылымдар экскаватор, ор қазғыштармен бульдозерлермен, скреперлермен т.б. жер қазғыштар.
Үйінді дегеніміз - жерлердің табиғи биіктігіне топырақтардан жасанды түрде үйілген жер құрылымдарын айтамыз. Жер, жол үйіндісі дамб, бөгет жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет