каналдарды түбімен откостарын бекіту
каналдардың осьтерін құрылыс монтаждық ұйымдардың геодезистері сызықтық өлшемдер арқылы каналдарды басна соңына дейін бұрылыстарды нүктелерді де қоса бөледі. Осьтерін бөлгеннен кейін пикетаж жүргізеді. Яғни әр 50 м сайын пикеттер қойып каналдардың төмен түскен жерінде латоктарында, құбыр өткен жерлерде, рельефтің сипаттамалық нүктелерінде, түбінің еңістігінің өзгерген жерлеріне яғни каналдардың соңына пикеттер қойылады.
Бойлық ось бойынша каналдардың енін беттік бойынша есептейді. Пикеттерді кей жағдайда шахматтық тәртіпте ені бойынша қояды.
Трассаны дайындау көбінесе жазғы уақыттарда жүреді. Құрылысты бастамай тұрып жердегі өсімдік қабатын жояды. Ағаш бұталарды, ірі тастарды арнайы қондырғылармен (тамыр жұлғыштар) іске асырады. Каналдардың трассасына қара шірінді қабатын кеіп, бағалы топырақтарды қалалардың құрылысына теплицаларды пайдалануға алады. Ол қабатты бульдозермен, экскаватормен кесіп алып, арнайы орындарына автосамосвалдарымен және арнайы тракторлармен жеткізеді. Қара шірінді топырақтарды алып кетуге болмаған жағдайда қалыңдатып 20 см нығыздайды. Бұл кезде еңбекті ұйымдастыру негізгі болып табылады.
трассаны дайындау үшін оймаларды өңдеуге техникалық мәліметтерді дайындайды және невилерлеу жүргізіледі. Невелирді бір орынға қойып, рейкасын белгілі белгіден реперге қояды және невеирлермен сол жердің белгісін өлшейді. Сол белгілерді қосып құралдың горизонтын анықтайды. Рейканың әр пикетке қойып, белгілерін есептеп, невелирлеу журналына жазады. әр құралдың горизонттарын анықтаған соң олардың белгілерін салыстырады. Айырмашылығы шектік мәннен аспаса реперді пикет бойынша бөледі. Ал кейбір жағдайда қайта нивелирлейді. Пикеттердің белгілерімен жобалық белгілерді алып тастап, каналдардың тереңдігін анықтайды. Эксковатор машинисіне әр пикет бойынша көрсетілген каналдардың тереңдігін, енін, баурайларының еңістігін, пикеттердің биіктігін бақылау рейкалардың ұзындығын көрсетілген каналды өңдеуге тапсырма беріледі.
каналдарды оймаларын өңдеу. Көп жағдайда Э-652 Б және Э-304В маркалы эксковатор драглайынымен өңдейді. Каналдардың екі метрлік терңдігінде оймалады өңдеу үшін эксковаторды каналдардың өсу бойымен орналастырды. 2 м көп тереңдікке каналдардың оймасын өңдеу үшін эксковаторларды зигзагты схема бойынша орналастырады. Оймалардан алынған ковалерлер каналдардың бробкасынан (жотасынан) 2 м алыс төгу керек. Эксковаторлар мен оймаларды өңдеген соң, оймалардың сапасын тексеру жүргізіледі. Яғни, оймалардың түбінің белгілерін әр пикет сайын нивелирлеп тексетіп отырады.
Каналдардың түбінің енімен беттігінің енін сызықтық өлшегіштігімен тексеріп отырады. Түзу сызықтықты бақылау үшін каналадардың түбіндегі осі бойынша орналастырыған визиркаларды пайдаланылады.
Оймалардың сапасын тексергеннен кейін, кемшіліктерді жойып, ковалерді тегістеуге және каналдардың түбімен баурайын бекітуге кіріседі.
Ковалерді тегістеу. Каналадардың оймаларын өңдегеннен кейін бірден тегістейді. Жаңбырлы уақытта ковалерлерді тегістемеген уақытта канал оймаларының үлкен дефформациясы пайда болады. Өйткені каналдардың бойында су жиналып, оның сүзілуі гидродинамикалық қысымды жоғарлатады, соның әсерінен баурайлары шайылады, ойманың түбі бұзылады.
Ковалерлерді бульдозерлерді 10 см қабатпен тегістейді. Ковалерлерді жер бетіндегі суларды каналға түсетіндей етіп, тегістейді.
Каналдардың түбімен баурайын бекіту. Каналдардың ұзақ мерзімді қызмет көрсетуі негізінен оның түбімен баурайын бекітумен, оған жақсы күтім көрсеткеннен болады. Каналдардың түбінің еңістігі үлкен болған жағдайда каналдардың 10 см қабатта қиыршық тас төселеді немесе қуысты темірбетонды плиталармен тезағарлар орналастырылады. Ерекше жағдайларда көпірлердің астында, құбырлар өткелдерде, сорғыш станцияларда, суды жіберетін каналдарда түбімен баурайын бетонды немесе темір бетонды плиталармен бекітеді. Тезағарларды орнату үшін және шайылмайтын баурайларды бекіткенде ірі тастарды пайдаланылады.